- Учителю
- 'Тасбақаның шөбі' Әдебиеттік оқу
'Тасбақаның шөбі' Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы : Тасбақаның шөбі .
Сабақтың мақсаты ; Шығармадағы негізгі ойды, идеяны ұқтыру. Мәтінді түсініп оқуға, ойларын жүйелі түрді баяндап үйренуге баулу. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын молайту, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге ықпал жасау. Табиғат байлығын бағалап, жан- жануарларға қамқор бола білуге, салт- дәстүр, ырымдарды дәріптей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі;Интерактивті тақтадағы слайдтар, ақынның суреті , сөзжұмбақ, оқулық.
Сабақтың түрі; аралас сабақ.
Сабақтың әдісі; топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ізденушілік.
Сабақтың барысы;
Ұйымдастыру;
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күн- дүйсенбі
Сәттілікке толсын!
Бізің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
-
Балалар, бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді, сондықтан
-
« Суретшілер», « Ақындар», « Жазушылар» топтарына бөлінеміз.
-
Біліміміз смайликпен бағаланады. Қай топ смайликти мол жинаса, сол топ жеңіске жететін болады.
Үй жұмысын тексеру. « Нан туралы өлең» Кәрім Сауғабаев
1-топ Өлеңді жатқа жазып беру.
2- топ Тізбектеп мәнерлеп айту
3- топ « Орамал тастау» ойыны ( сұраққа жауап беру)
-
Өлеңде қандай сөз жиі қайталанады?
-
Автор бұл сөзді неге жиі қолданған?
-
Өлеңдегі негізгі ой қандай?
-
Нан туралы қандай өлең құрастырдың?
Жаңа сабақ; Сөзжұмбақты шешіп бергін талаппен,
Таныс болғың келсе жаңа сабақпен.
-
Нанды тоқтамайтын не деуге болады?
-
Нан туралы өлеңнің авторы кім?
-
Автор дәнді неге теңеген?
-
Нанды не істемеу керек?
-
Өлеңде қандай сөз жиі қайталанған?
-
Кімнің еңбегін ақтау керек?
-
Тойда пісірілетін нан-.......
--Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Тасбақаның шөбі» деп аталады.
Тақтаға күннің жадын, тақырыпты жазу.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Автормен таныстыру.
Әбіш Кекілбайұлы-- 6 желтоқсан 1939жылы Оңды ауылы, Маңғыстау облысында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері . Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы, Парламент Сенатының депутаты. Романдар, повестер, әңгімелер, аудармалар жазған.
Көрмемен таныстыру; Ә. Кекілбайұлының кітаптары, буклеті.
Топтастыру стратегиясы.
--Балалар, тасбақа туралы не білеміз?
тасбақаЖай жүреді Қосмекенді Дұшпандарынан тасымен
қорғанады
Өсімдікпен қоректенеді
Мүйіз сауытты
Салмағы2,5 -дай Құмға жұмыртқа салады
Науырыздың аяғында оянады
Жылына 3-4 ай ояу болады.
Қосымша мәлімет беру.
Тасбақа-- бауырымен жорғалаушы. Түсі сарғыш қызғылтым, кейде жасылдау келеді. Тұрқы 20см-дей, мүйіз сауытпен, екі езуі мүйіз қабыршықпен қапталған. Салмағы 2,5 кг-дай. Жылына 3-4 ай ояу , қалған уақытта ұйқыда болады. Өсімдіктермен , бұта өркендерімен, көпжылдық шөппен қоректенеді. Наурыздың аяғында оянады. Сәуір- маусым айлары арасында 2 рет жұмыртқалайды. Өте баяу өседі.
Слайд; Тасбақаның суреті
Галапагос ұлттық паркі әкімшілігінің мәлімдеуінше, әлемдегі ең галапостық алып тасбақа қайтыс болған. 100 жастағы атақты тасбақаның есімі Жалғыз ДЖордж болатын.
Кітаппен жұмыс;
1-топ; Суретшілер іштей оқиды.
2- топ Ақындар мәнерлеп оқиды.
3- топ Жазушылар әңгіменің мазмұнын баяндап береді.
Сергіту сәті
Сөздікпен жұмыс;
Кібіртік, мимырт жүріс--...тоқтап, сүрініп жай жүру.
Тұқшаңдаған-.... жыбыр- жыбыр еткен.
Жусан санатар мыжың жүріс-.... өте баяу жүру.
Бауырын көтере қоймаған қу жусан-... өсе қоймаған.
Шыбын жаны көзіне көріну-... қорқу, қиналу
Көсік---сәбіз тәрізді жабайы дала өсімдігі.
Ырым-- тиымдар;
( Кестеге қарап бірнеше ырымдар айту)
Қандай ырымдар бар?
Неге?
Сыпырғышты тіктеп қоймайды.
Дұшпаның басым болады.
Екі қолды төбеге қоюға болмайды.
Өмірден қайғы- қасірет көрген адам осылай істейді.
Тізеңді құшақтама
Жалғыз қалудың белгісі.
Үлкеннің жолын кеспе
Әдепсіздіктің белгісі
Асты төгу
Ысыраптың белгісі
Үйге кірген жыланды өлтірме
Періштелер жылан кейіпінде болуы мүмкін
Тұзды бей- берекет шашпа
Тұз төгілсе ырыс төгіледі
Бас киімді кез-келген жерге тастама
Бақ тайып, бас ауыруына шалдығасын
Кірдің суын баспа
Аяғын ауырады
Шығармашылық тапсырма;
-
Топ Мәтін мазмұны бойынша сурет салу.
-
Топ Тасбақа туралы бес жол өлең жазу.
-
Топ Шығарманы өз ойымен айту.
Сабақты қорыту; Кері байланыс (сұрақ- жауап)
-
Оқиға қай мезгілде болған?
-
Қарабала келе жатып нені көрді?
-
Оның есіне халықтың қандай ырымы түсті?
-
Әңгімедегі кейіпкер туралы не айтар едің?
-
Тасбақа немен қоректенеді екен, өзің тасбақа аузына шөп тістеп алған кезің көрдіңбе?
-
Сыныптасың сұрақ қояды?
Теңіз тасбақасы мен мәтіндегі тасбақаны салыстыр, қандай айырмашылық бар?
Бағалау; Әр топтың оқушылары жинаған смайликтерін көтереді, қай топтың смайлигі мол сол топ жеңіске жетеді.
Марапаттау
Үйге тапсырма беру Оқу, мазмұндау.