7


  • Учителю
  • Математика ашық сабақ жоспары ' Пысықтау' (2 - сынып)

Математика ашық сабақ жоспары ' Пысықтау' (2 - сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы

Озерный орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

Бельгубаева С.Б.





Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.

Сабақтың мақсаты:

1. Разрядтан аттау арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерімен таныстыру; өтілген тәсілдерді пысықтау, оны есеп шығаруда дұрыс қолдана білуге үйрену, алған білімдерін тиянақтау.

2. Жылдам есептеуге, тапқырлыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

3. Оқушылардың ойлау, танымдық қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: аққала, үлестірмелі дидактикалық материал, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Балалар, мен бүгін үстелдің үстінен хат тауып алдым. Ол сендерге арналған. Ішінде бірдеңе бар сияқты. Мынау аққаланың бөлшектері ғой.

  • Ендеше хатты оқиық.

« Сәлеметсіздір ме, балалар! Мен сіздің сыныпқа үлкен өтінішпен келдім. Маған сіздердің көмектеріңіз керек. Мен де сендер сияқты есептеу мен санауды үйренгім келеді. Ой! Сынып іші тым ыстық екен.Мен еріп бара жатырмын. Көмектесіңдер!»

  • Аққалаға көмектесу үшін біз әуелі өздерімізді тексеріп алуымыз керек. Сендер тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, аққалаға көмектесесіңдер.

Аққаланың бірінші тапсырмасы.

1. Шаршыларда жазылған сандардың қосындысын 15-ке кеміт. Тіктөртбұрышқа жазылған сандардың қосындысын 10-ға кеміт.

27+13-15=25

10+25+14-10=39

2. «Күнді тап» ойыны. Әрқайсысының артында өтілген кестелік қосу және азайту жағдайлары жазылған «бұлттар» тақтаға ілінеді. Оқушылар кезекпен бұлттарды ашып, есептеулерді орындайды. Ал «күнді» тапқан оқушы сынып оқушыларына сұрақ қояды.

60+15+5=80 60-(15+5)=40

60+15-5=70 60-(15-5)=50

  • Балалар, Әли «күнді» тауып алыпты.

  • Қане, Әлидің сұрағына жауап берейік.

  • Қысқы ойынның түрлерін айтып беріңдер? (Балалардың жауабы)

  • Жарайсыңдар, балалар! Мінеки, аққаланың бірінші дөңгелегін құрастырдық.


-Аққаланың екінші тапсырмасы - есепті шығару.

Дәптермен жұмыс.

1. І - 17 гүл.

ІІ - 19 гүл 45 гүл.

ІІІ - ?

Шешуі: 45-(17+19)=9 гүл.

Жауабы: үшінші гүл алаңына 9 гүл отырғызылды.

2. І - 47 бет

ІІ - 26 бет 100 бет

ІІІ - ? бет

Шешуі: 100-(47+26)=27(бет)

Жауабы: үшінші күні Дидар 27 бет оқыды.

- Аққаланың үшінші тапсырмасы.

1. «Жылдам, бірақ шатаспа» ойыны.

Баған түрінде жазып, есептеу.

-100 + 39 - 95 + 14 + 18 + 47

18 48 27 67 32 19

82 87 68 81 50 69

2.Теңдеулерді шеш.

60-х=23+17 5+у=80-45

60-х=40 5+у=35

х=60-40 у=35-5

х=20 у=30

60-20=23+17 5+30=80-45

40=40 35=35


Сергіту сәті.


Қатар-қатар тізілді үй,

Алақай, айқай, күлкі ылғи.

Күлді бірге аққала

Ерінбесең, бар, қара!

Ойнап жүріп көп бала,

Салып қойды аққала.


4. Аққаланың төртінші тапсырмасы - өзіндік жұмыс.

1.«Тек жауаптарын ғана жаз» жаттығуы.

36+7=43 15-9=6

86-40=26 66+13=79

90-2=88 9+4=13

53+7=60 87+10=97


2.

13 14 16 18



5.Аққаланың бесінші тапсырмасы - қайталау.

1. Ауызша жаттығулар.

- 45-тен 75-ке, 57-ден 90-ға дейін тура және кері санау.

- 67, 99, 1 сандарының «көршілерін» ата.

- 5дм. 4см;. 5дм. 10дм-де неше сантиметр бар.

- 5дм. 3см; мен 35см-дің қайсысы артық.



Сабақты қорытындылау:

  • Балалар, сабақ ұнады ма?

  • Аққаламен бірге есептер шығарып, білімдерімізді тексердік.Бүгінгі сабағымызды мынадай өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек,

Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.

Көп ізденіп, оқы мені, қастерле,

Бар білімді мен беремін ойыңа.


Үйге тапсырма: № 7 181 бет.

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал