- Учителю
- Математика .Сабақ жоспары: тақырыбы: Қайталау3сынып
Математика .Сабақ жоспары: тақырыбы: Қайталау3сынып
12.05.16ж.Тақырыбы: Қайталау.
Мақсаты: а)үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жағдайындағы білімдерін кеңейту; ә) оқушылардың ақыл-ойын шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу. Оқушылардың таза, көркем жазуын қалыптастыру.б)оқушылардың өз ойын толық дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке баулау. Достық қарым-қатынас, ұжымдық іс-әрекет тәрбиесін беру.
Сабақтың түрі: пысықтау сабақ Әдіс-тәсілі: көрсету, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік.
Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі таратпалар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Қызығушылықты ояту.
II.Үй тапсырмасын тексеріп бағалау. Математикалық диктант.
III. Қайталау. «Саяхатқа шығайық» ойыны- Балалар алдымызда не көрініп тұр?- Иә, орман. Осы орманда қандай аңдар мекендейді, ашып көрейік.
Кім шапшаң? ойынын ойнайық. Жұмбақ шешейік.
- Тиіннің тапсырмасын қарайық: Есеп1.
Қоянның тапсырмасы: № 2.
Кесте бойынша есеп құрастыр және шығар.
Шешуі: 7сағ+3сағ=10сағ 1000км:10сағ = 100км/сағ
100км/сағ*7сағ = 700км 100км/сағ-3сағ= 300км 700км+300км= 1000км
Жауабы: машина 700км, мотоцикл 300км жол жүрді.
Түлкі туралы не білесіңдер? Оның баласын қалай атайда? (түлкішек)
Түлкінің тапсырмасы. №3. Есеп құрастыр .Тақтаға шығару.
IY.Сергіту сәті:Ойын: Кім шапшаң?
Қасқырдың тапсырмасы: №4. Салыстыр. Өз бетімен орындау.
Аюдың тапсырмасы. №5. Теңдеуді шешу. №7.Топпен жұмыс.
Y. Логикалық есеп «Қасқыр мен түлкі» Қасқыр мен түлкі балық аулайды. Екеуі бөліп жемекші болып қасқыр түлкіге «Сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой, балықты сен бөлсейші»,- деді. Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын, есеп шығара алмайтынын пайдаланып, былай бөліпті.1 - еуі саған, 2 - еуі маған 3 - еуі саған, 4 - еуі маған5 - еуі саған, 6 - еуі маған. Қасқыр-9,түлкі - 12 Сонда олардың әрқайсысына неше балықтан тиген?
YI. Бағалау. Үйге: №8.