7


  • Учителю
  • Word. Тасбақа - төзімді жануар ғылыми жоба 15 бет

Word. Тасбақа - төзімді жануар ғылыми жоба 15 бет

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ .........................................................................................................3



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Жорғалаушылардың класына жататын жануардың

негізгі ерекшеліктері ..............................................................................4



2. 2 Тасбақаның тіршілік ету әрекеті ...........................................................5



2. 3 Тасбақалар - төзімді жануарлар ...........................................................7



ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................10





ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...................................................11



















Аңдатпа

Тасбақалар - бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Триас кезеңінен белгілі, котилозаврлардан шыққан деген пікір бар. Қазір тіршілік ететін Тасбақалардың 250-ге жуық түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді. Тасбақалар барлық құрлықтарда (тек Антарктидада кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталықтары мен көбірек кездесетін жерлері бар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.

Олар - жануарлар әлемінде өте ертеден тіршілік етіп келе жатқан денесі сүйекті мүйізді және сүйектері терілі сауытпен қапталған ерекше топ. Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Тасбақаның үлкен көлемде болғандарын Индияда соғыс кезінде қалқан ретінде пайдаланаған. Кейбірінен күрке ретінде пайдаланылған.



























Кіріспе



Бұдан 300 миллион жылдай бұрын жер бетінде алғаш рет қос мекенділер пайда болды. Бірақ та осы дәуірдің соңында климат қайтадан құрғақтана түсіп, алғашқы қосмекенділердің ұрпақтары 2 бағытта дами бастады. Оның біреуі су маңында тіршілік етіп, қазіргі қосмекенділерге айналды. Жорғалаушылар класы мынадай 4 отрядқа жіктеледі:

1 тасбақалар,

2-крокодилдер,

3-кесірткелер,

4-жыландар.

Жорғалаушылардың дене тұрқы, пішіні әртүрлі болады. Олар су ағаш басында, топырақ астында тіршілік етеді.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: жорғалаушылардың ішіндегі тасбақаның суда да, құрлықта да тіршілік ете алатын төзімді жануар екенін көпшілікке таныту. Сонымен қатар тасбақадан адамзат үшін ұғынар көп зат бар екені.

Ғылыми жұмыстың міндеттері:

- жорғалаушылар түрінің сан алуандығын ерекшелігі туралы білу

-тасбақалар отряды туралы толық мағлұмат алу;

- құрлықта тіршілік етіп төзімділік танытатынын анықтау;

- тас сауытының ыстықты сезетінін, су ішінде зәр шығаратынын, иіс сезу қабілеті арқылы адамды тануын айқындау.















Негізгі бөлім



2. 1 Жорғалаушылардың класына жататын жануардың негізгі ерекшеліктері

Оны зерттейтін зоология ғылымының саласы - герпетология деп аталады. Қазақстан жерінен жорғалаушылар отрядына жататын жануарлардың екі тобын, яғни тасбақалар отряды мен қабыршақтылар отрядын кездестіре аламыз. Жорғалаушылардың терісі құрғақ және онда бездер аз. Терінің сырты мүйізді қабыршақтармен сауытпен қапталған. Мұндай түзілістер теріні құрғап кетуден сақтайды, әрі қорғаныш қызметін атқарады. Жорғалаушылардың қаңқасы бес бөлімнен тұрады. Олар: бас сүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары және кеуде қуысы. Оның қаңқасында ең бірінші кеуде қуысы пайда болған. Омыртқа жотасы - мойын, арқа, бел, сегізкөз және құйрық бөлімдерінен тұрады. Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары бар. Күрделі қозғалысы жасушаларына байланысты аяқтарында, жақ сүйектерінде, мойнында, кеуде қуысында бұлшықеттер жақсы дамыған. Жорғалаушылар өкпесімен тыныс алады. Өкпесі кіші ұяшықтан тұрады. Ауа өтетін тыныс жүйесі - кеңірдектен және ауа тамырдан тұрады. Қарыншасының арасын жартылай перде екіге бөлген. Олардың екі бүйрегі түзіледі. Екі несепқағар түтік арқылы сыртқа шығады. Жүйке жүйесіндегі ми құрылысы күрделене түскен. Алдыңғы ми сыңарларының сыртында жүйке жасушаларының шоғыры пайда болған. Жорғалаушылардың сезім мүшелері көз, құлақ және танау. Көзі қозғалмалы, қабақты. Есту мүшесі - ішкі және ортаңғы құлақ. Иіс сезу мүшесі - танау қуысында.

Тасбақалар жер бетінде 200 миллион жылдан бері өмір сүріп келеді. Олардың түрі өте көп болғандықтан олар далада да, орманда да, теңізде де, өзенде де, мұхиттарда да, тіпті тауда да өмір сүре береді екен. Өмір сүру мекеніне қарай олар: суда өмір сүретін және құрғақта өмір сүретін болып екіге бөлінеді.

Тасбақалардың ең үлкені - теңіздерде өмір сүретіндері. Олардың әдеттегі салмағы - 450 килограмм, ал ең үлкендері 680 кг тартып, ұзындықтары 2 метрге дейін барады. Тасбақа сорпасы да осы теңіз тасбақаларына алынады, олар тропикалық теңіздерде өмір сүреді және салмағы 225кг тартады. Ал каретта аталатын тасқабықшалары өте бағалы саналады. Бұл тасбақа түрінің ұзындығы 1 метрге жетер-жетпес, ал тасқабыршағы қоңыр-қара түсті, бетінде жасыл нүктелері бар.

2. 2 Тасбақаның тіршілік ету әрекеті



Тасбақалар (лат. Testudines) - бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Триас кезеңінен белгілі, котилозаврлардан шыққан деген пікір бар. Қазір тіршілік ететін Тасбақалардың 250-ге жуық түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді. Тасбақалар барлық құрлықтарда (тек Антарктидада кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталықтары мен көбірек кездесетін жерлері бар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.

Ерте заманда жоғалудың аз-ақ алдында қалған жайбасар жануарлардың бірі - тасбақа. Ол ең көне және омыртқасыздардың ішінде ұзақ өмір сүретін жануарлар тобына жатады.

Олар - жануарлар әлемінде өте ертеден тіршілік етіп келе жатқан денесі сүйекті мүйізді және сүйектері терілі сауытпен қапталған ерекше топ. Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Тасбақаның үлкен көлемде болғандарын Индияда соғыс кезінде қалқан ретінде пайдаланаған. Кейбірінен күрке ретінде пайдаланылған.

Тасбақалар отрядына жататын жануарлардың денесі мүйізді сауытпен қапталған. Қазақстанда дала және батпақ тасбақалары кездеседі. Дала тасбақасы Қазақстанның оңтүстік құрғақ далалы, шөлейтті аймағында кеңінен таралған. Сауыты қоңырқай сарғыш түсті. Аяқтарында төрт саусақтан болады. Жылына 3-4 айдай белсенді тіршілік етеді де, басқа уақыттарды ұйқыға кетеді. Аталықтарының үстіңгі сауыты күмбездеу болады, ал аналықтарында жалпақтау. Аталығының құйрығы аналығынан ұзындау, денесі аналығынан кішілеу болады. Аталығы 11-12 жылда, аналығы 12-13 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Дала тасбақасы жазғы ыстық мезгілде, қыста ұйқыға кетеді. Жылына екі рет 4-5 жұмыртқа салып, көбейеді. Дала тасбақасы күндіз белсенді тіршілік етеді. Теңіздерде мүйізді сауыты жоқ жұмсақ терілі тасбақалар тіршілік етеді.

Тасбақаның өзгелерден ерекшелігі - ұзақ уақыт қоректенбей, су ішпей жүре алатындығында. Және бір ерекшелігі - олардың тосыннан қиянат жасар жауының аз екендігінде. Арқасындағы мықты сауыты тасбақаны ірі аң-құстардың шапқыншылығынан және температуралық толқулардан сақтайды екен. Қыстың қатты аязы мен боранында не жаздың аптапты ыстығында олар тіршілік етуді тоқтатады. Яғни мұндай сәттерде тасбақалар терең ұйқыға кіріседі.

Тасбақа арқасына жабыстырылған тасынан мойнын алға созу арқылы дем алады және өкпесіне ауа толтырады. Қызығы, ол жүрген кезде ғана жақсы тыныстайтын көрінеді.

Жасына, көлеміне қарай тасбақалар әр түрлі келеді. Ал олардың өмір сүру ұзақтығы - 150 жыл. Тасбақалар 10 жасқа толғаннан кейін жұмыртқа салады. Жұмыртқалары аппақ әрі қалың қабыршақты келеді.

Тасбақалардың ерекшелігі денесі сүйекті-мүйізді не сүйекті-терілі сауытпен қапталған. Арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрон деп атайды. Сауытының ұзындығы 12 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Карапакс теріден дамыған сүйек тақташықтарынан тұрады; оның ішкі бетіне омыртқа қанаттары және қабырғалар бекиді. Пластронның тақташықтары бұғана мен құрсақ қабырғаларынан құралған. Екі сауыттың біріккен жері тарамыс сіңірмен қозғалмалы түрде не сүйектері кірігіп жалғасады. Екі сауыт







Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru</<font color="#0000ff"> поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен ғылыми жобалар сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





9



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал