- Учителю
- 'Туған күніңмен 1 'В' сыныбы' сыныптан тыс жұмыс.
'Туған күніңмен 1 'В' сыныбы' сыныптан тыс жұмыс.
Сыныптан тыс жұмыс. Ата-анамен жұмыс.
Тақырыбы: «Туған күніңмен 1 «В» сыныбы!»
Мақсаты:
Балалардың арасында, ата-аналар арасында достық, ізгілік, ұйымшылдық қарым - қатынас орнату. Сыныптың арасындағы ауызбіршілікті молайту. Балалардың үлкен ортада өздерін еркін ұстай білуіне жетелеу.
Көрнекілігі: «Таныс болайық, бұл мен ...» сыныптың отбасылық парақшасы (ата-ана мен бала бірігіп дайындаған), шарлар, сыныптың паспорты, көбелектер, презентация, видео, ата-аналармен интервью
-
Армысыздар ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі біздің «Туған күніңмен 1 «В» сыныбы!» атты іс - шарамызға қош келдіңіздер! Құрметті 1 «В» сынбының ата-ана, әжелері туған күндеріңіз құтты болсын!
-
Олай болса, ортаға туған күн иелерін шақырайық! ( балалар екі-екіден қол ұстасып, музыканың сүйемелдеуімен сыныпқа кіреді)
-
Осы жылы әр отбасында бір өзгеріс болды. Иә. Өзгеріс. Ол өзгеріс , бәрімізді бір ортақ отбасына біріктірді. Ол қандай өзгеріс екенін білу үшін экранға назар аударайық!
-
Отбасы дегеніміз не? Отбасы ол - бірлесіп өмір сүретін, туыстық қатыныста тұратын адамдар тобы. Осы біздің «сынып » деп аталатын отбасының құрылуына ата-аналар сіздер куә болдыңыздар!
-
Ал балалар, алда бізді көп қызықтар, қиыншылықтар күтіп тұр. Біз әлі талай нәрсені үйренуіміз керек. Бір-бірімізбен дос болуды, бір-бірімізді сыйлауды , көмектесуді үйренуіміз керек.
-
Балалар , үй қалай соғылады? (іргетасы қаланады, кірпіштері қаланады) Біз де бір-бірімізбен қарым-қытнасты осы үй сияқты кірпіштен кейін кірпіш қалағандай орнатамыз. Осы үйді соғуда қандай адами қасиеттерді қосатынымызды балалар сіздер, ата-анлар сіздер шешесіздер!
Есік қағылады.
-
Ал міне, туған күнімізге қонақ келді. Бұл кім екен?
-
Почта тасушы.
-
Салем достар! Мен сендерге сәлемдеме әкелдім! Ал, мұнда не болып жатыр?
-
Бүгін біздің туған күніміз!
-
Аааа, олай болса, туған күндеріңіз құтты болсын! Сабақтарыңды жақсы оқыңдыр! Сау болыңдар!
Сынып туралы видео тамашалау.
-
Туған күн кешімізді одан ары қарай жалғастырамыз! Мен балалар сіздерге жұмбақ жасырғым келіп тұр!
Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.
/Кітап/.
Өзі арық,
Басы жарық,
Жүрген жері көп әріп.
/Қалам/.
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.
/Сызғыш/
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. (Қоңырау)
Оқу-білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы.
(Сөмке)
Әр жұмбақты дұрыс шешкен балаға, кірпіш беріледі. Оны бала үйге апарып жабыстырады.
-
Жаксы! Ал балалар, таңертең сабаққа асыққанда, сендерге портфель жинауға кім көмектеседі?
-
Аналарымыз!
-
Олай болса ортаға 3 ананы шақырайық! (аналардың көздерін байлап, үстелге әр түрлі заттар қойылады. Мысалы: қалам, помада, кітап, дәптер, ойыншық, духи. )
Музыка ойналады, музыка өшкенде, тоқтатылады.
Дұрыс әрі тез жинаған анаға кірпіш беріледі.
-
Иә балалар, сендер осыдан 1,5 ай бұрын ғана метеп табалдырығын аттадыңыздар. Ол кезде сіздер мектеп тәртібін, ондағы мектептің ережесін білмейтін едіңіздер, ал бүгінде сіздер толық оқушы, 1 «В» сыныбының оқушысы деген атқа ие болдыңыздар. Осыған орай «Сырбай Мәуленов атындағы 1 «В» сыныбының паспортын» табыс етуге рұқсат етіңіздер! Паспортты табыс етуге сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасы Нұрдың әжесін ортаға шақырамыз!
Нұрдың әжесі оқиды.
-
1 «В» сыныбы
-
Барлығы : 29 оқушы
-
Оның 15-ұл, 14-қыз
-
Туылған жылы: 2014ж, 1-қыркүйек
-
Сыныптың анасы: Индира Жангелдіқызы
Қыздар:
Мадина, Даяна, Алина, Ботагөз, Аяужан, Аружан, Ақтолқын, Диана, Бекзада, Мадина, Жанбота, Сабина, Динара, Дидар
Ұлдар:
Арсен, Дарын, Ерасыл, Асылбек, Темирлан, Алдияр, Нұғман, Нұр, Ислам, Аян, Нұрдәулет, Аслан, Райымбек, Тәжімұрат, Бекарыс
Асылбек: Балдай тәтті баламыз
Ақылдымыз данамыз
Туған күнін сыныптың
Бірге қарсы аламыз !
Аружан: Мен оқушы баламын,
Кітап оқи аламын
Дәптер, қалам, сызғышты
Сөмкеме өзім саламын
Темірлан: Біздің сынып әдепті,
Бәріне көмек береді,
Біздің сынып әрқашан
Жетістікке жетеді
Динара: Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп - ойнап біріміз бен біріміз.
Бекарыс: Партаға алғаш отырдым
Бұдан асқан бақыт жоқ.
Оқушы болдым мінекей,
Ойнауға енді уақыт жоқ.
Ботагөз:
Ендігі кезек біздің сыныбымыз туралы кішігірім презентацияға назар аударайық!
Аяужан:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Аян:
Мектеп - қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы баламыз!
Ақтолқын:
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Мадина А:
Мектебің - мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың.
Мадина Б:
Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
Нұғман:
Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп - ойнап біріміз бен біріміз.
Ал енді ортаға сыныбымыздың әншілерін шақырайық:
«Жас дәуірдің түлегіміз» әні орындалады. (Аслан, Алдияр, Жанбота, Райымбек, Дарын, Дидар, Алина)
-
Жақсы Рахмет! Өнерлеріңіз өрге жүзсін!
-
Ал енді балалар бүгін біздің Туған күніміз болғандықтан тәтті тортқа кезек берейік! Ата-аналар сіздер де келіп торттан ауыз тисеңіздер болады!
Балалар дөңгеленіп тұрады, қолдарынан ұстап айналады.
Ал енді сыныбымызға арнап біз ақ тілек айтайық:
Арсен:
Күндеріміз көңілді
Сабақтарымыз сәтті
Минуттарымыз мәнді болсын
Сабина:
Туған күнде тілерім
Көлдей көңіл
Бақытты болашақ
Керемет келешек
Ерасыл:
Туған күніміз құтты
Денсаулығымыз мықты
Жұмысымыз табысты
Істеріміз ілгері болсын
Бекзада:
Оқу жылымыз жемісті
Айларымыз арайлы
Арманымыз ажарлы болсын
Тәжімұрат:
Өміріміз ғажап
Ғұмырымыз ұзақ
Күндеріміз күлкілі болсын
1-2 ата-ана тілегін білдіреді. (Тілек айтқан адам қолына шырақ ұстайды)
-
Балалар, сіздерге үлкен рахмет! Ата-аналар сіздерге де алғысым шексіз ! Біздің туған күнімізге келіп, қуанышымызға ортақ болғандарыңыз үшін көптен-көп рақмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!