- Учителю
- Тақырыбы: 'Фермерлік шаруашылық' ашық сабақ Дүниетану 4 сынып
Тақырыбы: 'Фермерлік шаруашылық' ашық сабақ Дүниетану 4 сынып
Сыныбы | Күні, пәні: Дүниетану, 4-сынып | ||
Тақырыбы
| Фермерлік шаруашылық | ||
Мақсаты
| Оқушыларды фермердің еңбегі, оның шаруашылығымен таныстыру. Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің еңбегін құрметтеуге баулу. | ||
Күтілетін нәтиже | А Фермерлік шаруашылық туралы түсінік алады.
| ||
В Оқушылар мәтіннің идеясына талдау жасайды.
| |||
С Оқушылар ауылшаруашылық еңбеккерлерінің еңбегіне зерттеу жүргізе біледі. | |||
Дереккөздер, құрал-жабдықтар | Оқулық, АҚТ, постер, маркер, өзара бағалау | ||
Сабақтың барысы | Уақыты | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе 7 минут
| 3 минут | Оқушылармен амандасу.
Психологиялық тренинг
Оқушыларды жүрек таңдау арқылы топқа бөлу. Топтардың атауы: І топ - «Сүт фермасы». ІІ топ - «Құс фермасы».
Топтағы оқушыларға бағалау парақтары беріледі.
Үй тапсырмасын «Өрмекші торы» әдісі арқылы тексеру
«Үй жануарлары әлеміне саяхат». Ой қозғау Сурет көрсету. | Мұғаліммен амандасады.
Оқушылар бір-біріне жылы лебіз айтады.
Оқушылар жүрек таңдау арқылы топтарға бөлінеді. Оқушылар бағалау парақтарымен танысады.
Бір оқушы үй тапсырмасы бойынша түсінгенін бастап айтады, кейін кезекпен жалғастырады. Топ мүшелері өзара бағалайды.
Оқушылар көздерін жұмып отырып, малдардың әдемі дыбыстарын тыңдайды.
Көрсетілген сурет бойынша оқушылар өз ойларын айтады.
|
Тұсаукесер
| 3 минут | Слайд арқылы фермерлік шаруашылық жұмыстарынан көрініс көрсетіледі. | Фермерлік шаруашылық туралы қысқаша мәлімет алады. |
Негізгі бөлім
|
| Оқулықпен жұмыс. Түртіп алу жүйесі Әр топ орындарынан мәтінді нүктелеп оқиды.
Сұрақтар:
Сергіту сәті Пікірталас
Постер қорғау І топ.
ІІ топ.
Венн диаграммасы Екі ферманың өнімдерін салыстыру.
|
Оқушылар қолдарына жай қарындаш алып, түртіп алу жүйесі бойынша (+, ?, v, -) жұмыс жүргізеді.
Joker әдісі арқылы өз ойлары бойынша топ арасында бір-біріне түсінік береді. Оқушылар мәліметті дәптерлеріне түртіп алып отырады. Топ мүшелері өзара бағалайды.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Топ мүшелері өзара бағалайды.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды. Оқушылар тапсырманы топта талдап, постер қорғайды. Топ мүшелері өзара бағалайды. Оқушылар екі ферманың өнімдерін салыстырады. Сүт фермасы Құс фермасы
|
Қорытынды
|
| Сұрақтар:
Формативті бағалау | Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Топ мүшелері өзара бағалайды.
Топ мүшелері ұпай санын анықтап, бағалайды. |