- Учителю
- Математик пәнінен сабақ үлгісі (2сынып)
Математик пәнінен сабақ үлгісі (2сынып)
Сабақтың тақырыбы: Есеп. + 3, - 3
Сабақтың мақсаты:
-
Есеп шығару, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту, жай есептердің мазмұны бойынша амалды таңдай алу білігін жетілдіру. Сөйлеу тілін, қабілеттерін, өздігінен әрекеттенуді дамыту.
-
Есептерді жазуға және салыстыруға , амалдардың қасиеттерін түсіндіре отырып шығаруда қолдану біліктілігін дамыту.Тапқырлықты, ойлау қабілетін және шығармашылық қабілетті дамыту.
-
Оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қызықты тапсырмалар
Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Сабақтың пәнаралық байланысы: ана тілі, дүниетану.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
-
Бізге келіп отырған қонақтар бар, амандасып алайық.
Олай болса:
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Мұғалім:
-
Балалар, қазір бізде қай сабақ?
-
Біз қандай тақырыпты өттік?
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
Өткен сабақты еске түсіру. Сандар қатарын қайталау. Тура, сері санау.
Санамақ айту. 3 сан аттай отырып тура, кері бағытта санату. Тақтаға жаздыру.
Логикалық есеп
Ұлым, ұлым, ұлым деп
Ұлдарын әкесі сүйеді.
Қызым, қызым, қызым деп,
Қыздарын анасы сүйеді.
Неше ұл? Неше қыз?
Ж: 3 ұл, сонша қыз
Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды үш қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Кәне, кім тез шешеді.
Ж: 4 қаз
Карточка тарату (24 оқушыға). Тексеру.
ІІІ.Жаңа сабақ:
Есік қағылды.
Мұғалім:
- Балалар, есікті қаққан кім болды екен? Артқы жақтарыңызға қараңдаршы. Мына домалап келе жатқан бауырсақ емес пе?
Ашылған есіктен домалақ, сары бауырсақ домалап ішке кірді.Бауырсақ домалап келеді де, балалардан көмек сұрайды.
Бауырсақ:
-
Балалар, мен қашып келемін, маған көмектесіңдерші!
Балалар:
-
Жақсы көмектесеміз, аңдарға жегізбейміз.
Бауырсақ одан әрі домалап кете берді.
Алдынан секіріп қоян шығады.
Қоян:
Қоян шартын қояды: Cурет бойынша есеп құрастыру.
IV. Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық;
Түп - түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
Оқушыларға дәптерге жазуға қойылатын бірыңғай талаптар түсіндіріледі.
Мұғалім:
-
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-
Қыс айларын атаңдаршы.Бүгін қай күн?
Күн ретін жазу. 5 цифрын жазу.
Бауырсақтың алдынан қорбаңдаған аю шығады.
Аюдың шарты: 104 бет, 1 тапсырманы орындау. Есеп шартын түсіндіретін суреттер тақтада ілулі тұрды.
Есепті шығару және салыстыру:
Болғаны - 3 алмұрт, Болғаны - 3алмұрт,
Алғаны сонша алмұрт Алғаны- Сонша Сонша - бірдей
Қалғаны - ? алмұрт Алды - ? алмұрт
Шешуі: 3 - 3 = 0 (а) Шешуі: 3
Жауабы: 0 алмұрт Жауабы: 3 алмұрт
Есеп шартын талдау. - Қандай амалмен орындадық? (азайту)
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып- ытқып жүгірді.
Аюдан құтылған бауырсақ одан әрі домалап кете береді.
Бір кезде алдынан қасқыр шығады.
Қасқырдың шарты: «Көрші - көрші» ойыны. Ойынның шарты оқушыларға түсіндіріледі.
Y.Тақтамен жұмыс. 104 бет, №3 есеп
Қосындылардың мәндерін таппай-ақ, өрнектерді салыстыр:
5 + 2 * 5 + 3 6 + 2 * 2 + 6 7 + 3 * 6 + 3
Үш оқушы тақтаға шығады. Қосу амалының компоненттерін атайды. Салыстырады.
Бауырсақ одан әрі домалап келе жатса, алдынан мың бұралған түлкі шығады.
Түлкінің шарты: Өз бетімен жұмыс. №3 есеп.
Мұғалім:
-
Бауырсақты орман аңдарынан құтқардыңдар, енді атасы мен әжесіне аман - есен тапсырыңдар! Ол үшін 104 бет, №4 есеп.
Есеп шарты: Өрнек құр және мәнін тап.
Сергіту сәті:
Мынау - менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау - басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау - менің оң қолым,
Мынау - менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
YI. Қорытындылау. Оқушылар сурет бойынша сонша ұғымын пайдалана отырып, өз беттерінше есеп құрастырды.
Нені оқып, не үйрендік?
-
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін, көңіл - күйлерін тақтаға ілінген смайликтер бойынша көрсетті.
YII. Үйге тапсырма беру.
Күнделікті ашайық,
Тапсырманы жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.
104 бет, № 2 есеп, жасыл қоршау.Үй тапсырмасы түсіндіріліп берілді.
VII. Бағалау