- Учителю
- Табиғатты аяла
Табиғатты аяла
Мектеп «Манашы орта мектебі» ММ Мерзiм____________№_____
Тақырып: Жер - ана
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.
Мұғалiм: Майлыбаева З.А. Класс 4 «В» Оқушылар саны 21
Сабақ мақсаты: Оқушыларға Жер - ананың бізге берері көп екенін түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
-
Оқушыларды еңбексүйгіштікке, еңбекқорлыққа үйрету.
-
Оқушыларды ұйымшылдыққа, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Музыкалық орталық, табиғат әуендері жазылған диск,ақ қағаз А3, түрлі-түсті фламастерлер.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. «Гүлдер әлемі»
-
Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақ барысын талқылау:
-
Дәйексөз. «Баптағанға - жер жомарт»
Халық мақалы
Дәйексөздің мағынасын ашу.
-
Әңгiмелеу (сұхбат). «Көктем иісі», «Жер - ана тұншықса»
-
Бала көктем иісін қалай сезді?
-
Неліктен адамдар жерді Анаға теңейді?
-
«Көктемнің иісі» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сұрақ-жауап.
-
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Сыныптағы оқушылар 6 адамнан 3 микротоптарға бөліп топтық тапсырмаларды орындайды.
1-топ:«Гүлдер» Көктемге байланысты сурет салу.
2-топ:«Көктем» Көктемге байланыс тақпақтар, өлеңдер айту.
3-топ:«Шуақ» Көктем туралы өлең шығару.
Тақырып бойынша әр топ жеке жұмыс жасайды.
-
Топпен ән айту.
Атамекен
Әнін жазған: Е. Хасанғалиев
Сөзін жазған:Қ. Мырзалиев
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсең Атамекен
Көкейіңде жатады екен,
Күннің көзі ұясына,
Қимай оны батады екен.
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін,
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы:
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспаныммен таласқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы:
Оқушылармен бірге ән айту.
-
Үй тапсырмасы. «Жерге қамқорлық» тақырыбында шығарма жазу.
Үйге тапсырма беру.
-
Соңғы тыныштық сәті