- Учителю
- Әдебиеттік оқу. 'Өнер, білім бар жұрттар' (3 сынып)
Әдебиеттік оқу. 'Өнер, білім бар жұрттар' (3 сынып)
Пәннің аты: Әдебиеттік оқу. 3 сынып | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім:Баетова У.Б. |
Сабақтың атауы | Ы. Алтынсарин. Өнер, бiлiм бар жұрттар | ||
Мақсаты Күтілетін нәтиже | Мақсаты: Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту, топтық тапсырма беру арқылы өлеңнің идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Өз ойын нақты жеткізе білуге дадыландыру. Нәтижесі: Өнер мен білімнің маңыздылығын біледі, адам өмірінде алатын орнын түсінеді. Топтық жұмыс жүргізу нәтижесінде ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Қолданылған ресурстар Сәлемдесу. Топқа бөлу, топ ережесін еске түсіру. Бағалау критерийлерімен таныстыру. Маслоудің қажеттіліктер иреархиясы бойынша бағалау. 1.Белсенділік, әдептілік. 2.Тапсырма орындау. 3.Топтық жұмыс. 4.Жеке жұмыс. 5.Өзін-өзі ұстау әдебі. | ||
Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
Қызығушылықты ояту | Бейнежазба көрсету. Бейнежазбадан нені көрдік? Осылай болу мүмкін бе? Осы кереметтерді жасау үшін не қажет? Сөзжұмбақ сұрақтарын беру. Ы.Алтынсарин кім? -Шығармаларын ата -Ол туралы қандай шығарма оқыдық? -Дала жұлдызы кім? -Неге олай аталды? -Қазіргі мыңдаған жұлдыздар кімдер? -Тағы қандай кейіпкерлер бар? Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы - оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. Ыбырай Алтынсариннің «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңімен танысу.
Өлеңдері: Кел,, балалар, оқылық", "Өнер - білім бар жұрттар", "Өзен", "Жаз", "Әй, жігіттер", "Залым төреге" т.б. Әңгімелері: "Ағаш үй мен киіз үй", "Қыпшақ Сейітқұл", "Асан мен Үсен" т.б.
Оқулықпен жұмыс. Өлеңнің бірінші шумағын оқу, мағынасын ашу. 1 топ екінші шумақ. 2 топ үшінші шумақ. 3 топ төртінші шумақ. 4 топ бесінші шумақ. Топ арасында бағалау. Суретпен жұмыс. Топтық тапсырма. 1 топ (телефон, хат) Ғылым мен техника дамыған кездегі тұрмыс заттарын жазу. 2 топ (ат арба, көлік) Қазіргі заманғы техника түрлерін жазу, қолдану әдісі туралы әңгімелеу. 3 топ (орақ, комбайн) Жаңа техниканы жасап шығару үшін адамға не қажет болады? 4 топ (қазан, ошақ, газ плита) Өз өлеңінде ақын ғылым мен техникаға, білімге байланысты не деп атап көрсетті? Кері байланыс. Дәптермен жұмыс. Ата-ананың еңбегін, өзіңнің еңбегіңді жеңілдету үшін не ойлап табар едің? | ||
Сергіту сәті | |||
Ой толғаныс | |||
Үйге тапсырма | Өлеңді мәнерлеп оқу | Күнделіктеріне жазып беремін | |
Бағалау |
| Бағалау парақшасын толтырады. | |
Кері байланыс |
| Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |