7


  • Учителю
  • Ата-аналарға кеңес Біз мектепке барамыз

Ата-аналарға кеңес Біз мектепке барамыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Біз мектепке барамыз» атты ата-аналар жиналысы.

22 сәуір күні №26 орта мектепте болашақ бірінші сынып ата-аналары үшін «Біз мектепке барамыз» тақырыбына жиналыс өтті.



Жиналыстың мақсаты бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына мектепке дайындық туралы кеңес беру.



  1. Ата-аналарды бірінші сынып оқушыларының мектеп ортасына бейімделу кезіндегі кездесетін қиындықтардың себептері және оларға ата-аналардың қалай көмектесу керектігі туралы кеңес беру.

  2. Мектеп формасы туралы, қандай оқұ құралдары қажет екені туралы айту.





Кеш жарық құрметті ата-аналар!

Баршаңыздың балаларыңыз шағын орталықты бітіріп, бірінші сыныпқа барғалы отыр. Әрине.

Мектепке келу - әр баланың өміріндегі өтпелі кезең. Оқудың басталуы оның күнделікті тіршілігіне өзгеріс енгізеді. Мектепке дейінгі оқушыларға тән балалық, бейқамдық, ойынға берілу көптеген талаптар, міндеттер және шектеулері бар өмірмен алмасады: енді бала әр күні мектепке бару керек жүйелі еңбек ету, күн тәртібін орындауы, мектеп өмірінің ережелеріне бағынуы керек, мұғалімнің талаптарын орындау, сабақта мектеп бағдарламасы бекіткенмен шұғылдану, үй тапсырмаларын тиянақты орындау, оқу жұмысында жақсы нәтижелерге қол жеткізу, т.б. Осы 6-7 жас кезеңінде баланың психологиялық келбетіде жаңарады, жеке адамдық,танымдық және ақыл-ой мүмкіндіктері, көңіл-күй, қарым қатынас ортасы өзгереді. Бала өзінің жаңа жағдайын мінднетті түрде сезініп үлкен болғанына мақтанады, оған жаңа жағдайы ұнайды. Осы кезде ата-ана баланың сәтсіздіктеріне шыдамдылық, талпыныстарына қолдау көрсету қажет.

Көптеген «болады, болмайды, керек, қажет, дұры, дұрыс емес» деген ескертулер бірінші сынып оқушысының алдынан шығады. Бұл ережелер мектеп өміріне, баланың жаңа оқу іс-әрекетіне байланысты. Оның көбі баланың тілектері мен талаптарына қайшы келеді. Осының бәріне бейімделу керек. Бірінші сыныптың көптеген оқушылары бұл қиындықты жеңеді. Психологтер айтқандай, дені сау, жан-жақты, өзіне сенген және басқа адамдармен қарым қатынас жасай алатын бала мектеп өміріне оңай ене алады.Сонда да, мектептегі оқудың басталуы әр бала үшін өте күшті стресс.

Оқудың бірінші жылы баланың мектептегі өмірінің негізін қалайды. Бұл кезеңде оқушы үлкеннің басшылығымен өз дамуында өте маңызды қадам жасайды. Көп нәрсе бірінші сынып оқушысының ата-анасына байланысты.

Сондықтан ата-аналар баланы мектепке бейімдеуі керек.

Мектепке бейімделу деген не? Соның басын ашып алайық. Психологияда бұл термин баланың ойлауы мен іс - әрекеті оның мектеп ортасына үйлесімді «сәйкестенуіне» мүмкіндік беретіндей өзгеруі деп түсіндіріледі, яғни:

1. Бала өзінің « істегім келедісін» мектептің «істеу керегіне» сәйкес келтіруі керек;

2. Тапсырмаларды (кейде балаға онша қызықты емес) өз бетімен орындауға үйренуі керек;

3. Мектеп тәртібін сақтауға, онымен есептесуге, өзінің тәртібімен басқа балаларға кедергі келтірмеуге және мұғалімдердің басын ауыртпауға үйренуі керек;

4. Достық қарым - қатынас орнатып, оны ұстануға, басқа баланың ұнауына не ұнамауына қарамастан онымен тіл табысуға, тым болмаса қарым - қатынас жасауға үйренуі керек;

5. Мектептегі оқуы - оның «жұмысы» екенін, оқушы болу - өте маңызды екенін түсінуі керек!





Мектеп табалдырығын жаңа аттағалы отырған бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес:

  • Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек малғұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізуіңіз керек.

  • Балаңызды өзіне-өзін қызмет етуге дайындаңыз.

  • Жан ұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.

  • Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.

  • Баланың өз бетімен ірекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).

Мектепке келгенде білуі керек:

Өзінің толық аты жөнін.

Ата-анасының толық аты жөнін.

Мекен жайын.

Өз ойын толық айтып жеткізе білу.

Онға дейін тура және кері сану.

Әріптерді, сөздің дыбысталуын.

Сөздерді буынға бөлуді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал