7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс сабақ тақырыбы: 'Бастауышым-балбұлағым' (4 сынып)

Сыныптан тыс сабақ тақырыбы: 'Бастауышым-балбұлағым' (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы:Бастауышым-барбұлағым

Мақсаты:

1.Білімнің сара жолы мектептен басталатын,білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру.Білімге деген құштарлығын арттыру.Оқуға,білімді болуға шақыру.

2.Бастауыш сыныбымен,білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштасу.

3.Білім Ордасы мектепте ұстаздарын құрметтеп,еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу..Ата-анасының,Отанының адал ұлы,қызы болуға жетелеу.

Көрнекілігі:Төрт жыл бойғы оқушылардың еңбегі.

1-2 жүргізуші бірге:

-Қош келіпсіздер құрметті қонақтар!

1-жүргізуші:Ғылым иесі ғалымда,темір балқытқан жұмысшы да,егін салып,мал бағып терін төккен шаруа да,көкті шарлаған ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

2-жүргізуші:Төрт жыл бойы оқытқан,оңымызбен,солымызды танытқан,қолымызға қалам ұстатып,сауатты көркем жазуға үйреткен ұстазымызға сөз береміз.

Мұғалім:Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар сіздер «Бастауышым-балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар.Қадамдарыңыз құтты болсын!Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балалар еді.Енді міне бойлары да,ойлары да өсіп бастауыш сыныпта білім алып аяқтап,жоғары сыныпқа өткелі отыр.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп,бүгінгі өскен ойымызда

Қош келіпсіз ұстаздар,ата-аналар.

Бастауышпен қоштасу тойымызға,-дей келе ортаға той иелерін шақырайық.

Ән: «Мектеп-кеме»

Оқушылар «Мектеп» әнімен қолдарына білім кемесін ұстап ортаға шығады.

-«Талаптарыңа нұр жаусын» деп ертеңгілікті ашуға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:Армысыздар жиналған ата-ана,ұстаздар.

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас.

Арамыздан талпынып қанат қақты.

4-жыл бойы оң-солын таныған жас.

2-жүргізуші:

Шашу,шашу,шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке бұл тойдың

Бастанғысын жасайық.

Ән: ..................... Орындайтын:Тілеумұрат Олжас

Динара:Есімде ұстаздың қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке бір думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны

Енді міне сағымдай боп өте шықты

4-жэыл уақыт аз екенін кім біліпті

Ұстаз-ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Сабыржан: Үйретіп бізге алғаш әліппені

Ұстазым ғылымға жол салып беді.

Адамның ой-арманы мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Динара. Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

Жүзің жылы,құшағың кең

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.

Нұрсұлтан:Ақылшы асыл ұстазым,

Өзіңе мен де ұқсармын.

Жеткенше қайрат күш-қуат,

Биікке самғап ұшамын.

1-жүргізуші:Ұлағат ғұмырыңнан нұсқа алам да,

Барлық салт-джәстүрді ұстанамда,

Әр шақта тәліміңе тағзым етіп,

Ардақтап бас иемін ұстаз-ана-дей келе анамыздай болған,қамқоршымыз,басшымыз Айымжан Сәрсенбайқызына сөз береміз.

Хор: Ұстазым

Диана:

Байсалды мінезіңнен бір қалыпаты

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз,қалам қолыма өзің.

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

Қоссаңдар бірді екіге үш болады

Деуші едің-білімменен күш толады,

Алығр бол,сабырлы бол.

Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші ең бізге айтып өлең-тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

1-жүргізуші:Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға-деп Абай атамыз айтқандай,ұстазымыз жыл бойы білім нәрімен сусындатты,хат танытты,еңбек ете білуге үйретті.Білімге жетеледі,әдептілікке үйретті.Сондықтан да ұстазыымызға мың алғыс айтып ,басымызды иеміз.

2-жүргізуші:Ұстаздар жаққан шырақты,

Өшірмейік балалар.

Бәрін-бәрін білесің

Оқи берсеғң кітапты-дей келе ана-тілі пәнінен оқыған көріністі тамашалаңыздар.»Менің атым-Қожа».

Мұрат:Бастауышым-бастамам

Білім жолын бастаған

Білім шықты білікте

Беліңді бу жас данам.

1-жүргізуші:Нұр жүзіңнен жылы шуақ төгілген

Шәкірттерін сүйген таза көңілден.

Тағзым беріп жас ұрпаққа қашанда

Өз соқпағын тапқан мынау өмірден

2-жүргізуші:Шәкіртердің тыңдап жауап сұрағын

Жас санаға төгіп білім бұлағын

Хат танытып жол сілтеген өмірге Барша жанға құрметті жан-мұғалім.

Ұстаз сөзі: Қанаттарың қатайды,

Биікке енді самғаңдар.

Білім жолы сара жол

Ізденіңдер талмаңдар-деп оқушыларды таныстырып өтейін.

1.Білімімен үлгі болған сыныпқа

Отырмайды ойланбастан сынып та

Сабыржан біздің өнегелі,өнерлі

Арасында достарының беделді.

2.Мынау менің сезгенім

Ол сыныптың данасы

Өзінің де өзгенің

Диана болар данасы

3.Сынып намысын ақтаған

Жүрекке сып жаттаған

Арзу мектеп ұясын

Жан-тәнімен сақтаған

4.Бастауыштың түлегі,

Ел деп соққан жүрегі.

«Май қызметкері болам»-деп

Нұрсұлтан біздің жүрегі.

5.Бойында алаулаған жалыны

Жақсылық толғандырып жанын

Мұрат біздің қайтпай үйге

Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.

6.»Мен үлкейіп толамын

Сіздей ұстаз боламын»

Деп жүр біздің Динара

Үлгісі кіші баланың.

7.Мен инженер боламын

Жерден алтын табамын

Деп жүр біздің Әлдамир

«Алтыннан мектеп саламын»

8.келеді сонау қашықтан

Мектепке әр кез асыққан

Бейбарыс біздің ақ көңіл

Көңілі дария тасытқан.

9.Ертеңгі күнін ойлайтын

Сабақтан еш қалмайтын

Аршыл біздің Азамат

Жалқаулыққа бармайтын.

10.Ал мен ақын боламын

Сусындаған қаламым

Дейді біздің Гүлдана

Таудай асқан талабым

11.Күні бойы тынбаған

Үлкендерді сыйлаған

Сабырлы біздің Бердібек

Ұқыптылыққа бойлаған.

12.Жыр оқып,тарихын ол танытқан,

Кітап оқып,білімін де дамытқан

Ақерке-сыныбымыздың бишісі.

Білімін ол болаттай қып қорытқан.

13.Әдепті ол сақтайды

Әділетті ол жақтайды.

Байжігітті біздің апайлар

«Тәртіпті» деп мақтайды.

14.Биді де билейді талмайды

Әсем әнін арнайды.

Біздің нәзік Жанеркені

Барлық бала тыңдайды.

15.Әзілді жаны сүйеді

Армансыз ол күледжі

Олжас біздің әрқашан

Жып-жинақы жүреді

16.сыйлап сәлем береді

Үлкендерді көргенде

Маликаны сыныпта ізетті деп біледі.

17.Тіптен,бірақ,ақылды,

Сыйлап жүрер жақынды.

Саят біздің ұлдарды

Тәртіпке әркез шақырды.

18.Білімді,алғыр,жан-жақты,

Қыздарымыз сымбатты.

Аяжан біздің әрқашан

Досымыз болар қымбатты.

19.Кішкентайы сыныптың

Тентек емес жуас тым

Дастан біздің сыпайы

Досқа адал шынайы

20.Қыздарымыз ұқыпты

Сүйкімді әрі қылықты

Сабина біздің әрқашан

Таза ұстайды сыныпты.

21.математиканы ұнатады

Қыздарды кейде жылатады

Әділет бізді әрқашан

Күлдіреді,қуантады.

Саят: Әліппемен аштым мектеп есігін

Тербетемін білім бөбек бесігін

Өмір деген өнерлі өзенге шомылып

Жаттап өстім ұстазымның есімін

Есімде ерен ұстазым

Басымнан сипап өткенің

Аянбай бізге қыс жазы

Молынан мейір төккенің.

Әлдамир:мынау менің сезгенім

Ол сыныптың анасы

Өзгенің де өзінің

Анасы оның анасы

Қай кезде де ол оноң

Қайғырады біз үшін

Біздер үшін қуанып

Қызарады біз үшін.

Сабыржан:Жанымды менің жайнатып

Баураған өзің мұғалім

Өзіңмен бірге таң атып

Өзіңмен күліп шығар күн

Шәкірттің өткен іздерден

Үміттің гүлдер мұғалім

Білімсіз ертең біздей де

Өмірдің талап сұрарын

Сонда ардақты мұғалім

Уәдемде берік тұрармын.

Ән:»Ұстазым» хор

Аяжан:ақылшы асыл ұстазым

Жолымды айқын нұсқадың

Қасыма кеп қанша сен

Қамқор боп қалам ұштадың

Мектебім білім бастауы

Тәрбие беріп оқытқан

Ұстаздардың зор ғой еңбегі

Оқытқандарын тоқытқан.

Сабина:Күлімдеген күнім деген

Қамқор болған ұстазым

Жаны жайсан жайдары жан

Ұғындырған сөз мәнін

Бәрін берген білім берген

Жас ұрпаққа талмастан.

Жанерке:ұстаздың сүйіп таңдап қаласа

Өнегесін жас ұрпаққа арнаса

Нағыз ұстаз міне осы дер едім

Қиыны мен қызығына қанбаса

Жалықпай үйреттің де балаларды

Өмірге тарту еттің даналарды

Ізгілікке жол ашып көрсетумен

Қара шашың қыраулап ағарады.

Мұғалім сөзі:ұстаздар жаққан шырақты

Өшірмейік балалар

Бәрін-бәрін білесің

Оқи берсең кітапты.

-балалар кітаптан біз не үйрендік?

1.оқуды,жазуды,есеп шығаруды,ән айтып,би билеуді үйрендік.

2.Үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды үйрендік

3.жерімізге,елімізге жақсылық жасауды үйрендік.

-иә балалар,өте дұрыс таптыңдар.

Бейбарыс:алғаш рет өзіңнен

Білім алды балалар

Оқу сырын өзіңнен

Біліп алды балалар

Жастың өсті санасы.

Елжірейді жүрегі

Бастауышқа бар бала

Алғыс айтып жүреді.

Дастан:еңбек етем ертеңгі

Бақытыма сенемін

Мақсатыма жеткізер

Бақытыма сенемін.

Достық іс пен қасты да

Жеңеріме сенемін.

Малика:ақыл,сан біліммен

Өнеріме сенемін

Арым таза ақ көңіл

Адалдыққа сенемін

Жеміске құты тола ма

Бір-бірлеп теріп алмасаң

Әп-сәтте шыға қоя ма

Еккен дәнің ойласаң

Гүлдана:Білімде сондай қарағым

Біртіндеп сіңер бойыңа

Ұғып ал біліми боларын

Шам шырағың жолында

Көлге айналған бұлақтың

Том-том болған кітаптың

Басы болған бастауыш.

1-жүргізуші:теңіздер тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуде-дей келе бишілерге кезек берейік.

Би:

Мұғалім:Мына тұрған оқушылар

Алдыменен әуелеіп жыр тастар

Оқулықтар қатарына сөз берейік

Білімдерін шертіп өтсін сырластар

Әліппе /Саят/:Ішімді аштым

Білімді шаштым

Әліппе деген

Атақты баспын.

Ана тілі /диана:білімді шәкірттерге сенген едім

Толықсып әуеніңе тербелемін

Келешекте сен менен дәріс ал деп

Араңа ана тілі боп мен келемін.

Дүниетану /Азамат/:Тұңғиық сырлы дүниетану сабағы

Мұғалім мақтап тауларды айтты саялы.

Айна көлдерің,өзенің,құс пен балығы

Бутасып талдап шарлатты байтақ даланы.

Өнер патшалығы

Әлдамир:Шіркін сурет сабағы

Ауылды еске салады

Мың құбылтып бояйды

Туып өскен даламды.

Мұрат:Еңбек етіп ерінбейміз

Еш нәрседен шегінбейміз

Өнерлі болып алға жылжып

Еңбекпенен өнер жидық.

Ақерке:Мектептің әдемі ғой ән сабағы

Қызықты-ау,әсіресе, ән сабағы

Бәріміз бұл сабақта тамашамыз

Үкілі бөрік киіп жарасамыз.

Бейбарыс:шынықтырып денемізді

Созып алға қолымызды.

Жаттығу жасап иіліп

Жарасамыз сауығып.

2-жүргізуші:Өнерліге әсем ән мен сән керек.

Өнегені қанжығада өңгереді.

Үнді биін билегенде бишілер

Бүкіл әлем кетер бір сәт дөңгелеп.

-Сахнаға биші қыздарымызды шақырамыз.

Мұғалім:әр баланың жүрегіне гүл еккен,

Ұстаз ісін ақын біткен жыр еткен.

Бұл ұжымға алғыс айту шексіз-ау

Қаншама мың шәкірттерді түлеткен.

Ұстаздарға арнау

1.Жұмыста ылғи қайсарлы

Көрмейміз мұндай жайсаңды.

Ұжымын мықты ұстайтын

Салтанат апайды айтсаңшы.

2.Білімділік-тіршіліктің тірегі

Несібелі апай тереңінен түсіндіреді

Сөйлегенде мәдениетті тілімен

Барлық жанның елжіреген жүрегі.

3.Майра апай тәрбиелікке оқытқан

Санамызға қырын-сырын тоқытқан

Ізгілік пен ізеттікке жетелеп

Ақыл кенін болаттай қып қорытқан.

4.Барлық нәрсе жақсылықтан тарайды,

Таусылмайтын кенге өзін балайды.

Талай шәкірт мақтан тұтар

Жаңагүлдей апайды.

Өмірінің өзегі деп санайды.,

5.Айжан апай да шебер ақ

Үйреткен әні жып-жинақ

Шәкірттері молайып

Жемісін ылғи берер ақ

6.Анар апай орыс тілін танытқан

Ойландырып ой-санаңа дамытқан

Баршаңызға тілеріміз жақсылық

Арналады өлең атты шабыттан.

7.бояу сырын үйреткен

Шын көңілмен жүрекпен

Жарқын апай тамаша

Сабақ берген суреттен.

8.Талаптанып білім шыңға самғауға

Мен мектепке алғаш рет барғанда

Роза апай қарсы алып біздерді

Мерейіңіз биік болсын әрқайда.

9.Санамызда тұрса дағы сан ұғым

Білмеуші едік көп нәрсенің анығын

Тілі менен әдебиетін орыстың

Гүлшат апай өзіңізден таныдым.

10.жасау үшін жас өһркеннен шыңдарын

Талай балғын оқушыны шыңдадың

Қанат апай үйретті ғой біздерді

Есептердің шығарылу жолдарын.

11.Сырғып артқа сәби шағым жас шағым

Өте шықты бастауыш та қас қағым

Бақыт ағай ойнатты ғой біздерді,

Дене шынықтыру сабағында әрдайым.

Бәріне бірдей:

Құрбыласпыз,

Тұрғыласпыз

21 міз бір класпыз

Күлімдейміз

Бір бақшаның гүліндейміз

Талаптымыз, қанаттымыз

Бос өтпейді бір күніміз

Еңбекшілміз

Шебер қолды

Өрнекшілміз

Нар ұланбыз.

Жақсы оқимыз сабақты біз

Тал егеміз,гүл егеміз

Өзгелерге өнегеміз

Ұл қызымыз үлгіліміз

Алуанбыз,боксшымыз

Палуанбыз

Құрбыласпыз,тұрғыласпыз

Тату-тәтті бір класпыз.

Мұғалім:алдағы уақытта кім болам десеңдер білімнің арқасында сол мамандықтың иесіне жете аласыңдар.Ал жеткіншектер кім боласыңдар?

Әлдамир:Ә,мен инженер боламын.

Жерден алтын табамын

Жолын қуам әйгілі

Академик ағаның.

Ақерке:ал мен көйлек тігемін

Белін бүрем

Жеңін түрем

Етегін бүйтіп тігемін

Әсем етіп кестелеп

Киіп алып жүремін.

Гүлдана:Ә,мен үлкейіп өсіп толамын

Сонда осы өзіміздің ауылдың

Бөбектерін оқытып үйрететін

Мұғалима боламын

Сабина:Ә,мен әнші боламын

Кәдімгі күміс таңдай

Күләштай әнді саламын

Көрген ел таңданғандай.

Бейбарыс:Ендеше мен егінші боламын

Егінге дән себуші боламын

Жанерке.ә,шіркін биші болсам

Шығып бір арманымнан

Сүйсінген құрбыларым

Гүл сыйласа,жан-жағымнан

Ән: «Қазақ елі» орындайтын:тілеумұрат Олжас

Мұғалім: «Ана»-дегеніміз -әлемнің жан дүниесі,оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы деген екен Расул Ғамзатов ағамыз.Олай болса ортаға жарық дүние сыйлаған аналарымызды шақырайық.Ата-аналармен оқушыларды қатыстыра отырып,ойын өткіземіз.

1.балаңыздың туған күнін,ең жақын досын,оқитын кітабын атап беріңіз.

2.Балаға үлгі болатын кім?

Балаңыздың арманын білесіз бе?

3.Қызыңыз бос уақытын қалай өткізеді?Жақсы көретін тағамын атаңыз

-Енді балалар іс-қимылын жасырады,ал ата-аналарымыз сөзбен айтып табу керек.

Ақерке:Маған көйлек тігіп берші

Бейбарыс:менің көйлегім кір,жуып берші

Жанерке:мен ыдыс жуамын,балмұздақ әпер.

Малика:үй жинамаймын,сабақ оқимын.

2-жүргізуші:Өнерліге әсем ән мен сән керек

Өнегені қанжығада өңгереді

Қазақ биін билегенде бишілер

Бүкіл әлем кетер бір сәт дөңгелеп.

Сахнаға биші қыздарымызды шақырамыз:

-Біз нені сүйеміз?

-Отанды,ата-ананы,халқысмызды,достарымызды,табиғатты,ел байлығын,ұстаздарымыз бен алтын ұя мектебімізді.

-біз ені ажырата білеміз?

-Жақсылық пен жамандықты,ақ пен қараны,адалдық пен арамдықты

-Бізді болашаққа не бастайды?

-Ұстаздың көрсеткен жолы,ата-ананың ақылы,болашаққа деген сенім.

-Біз кім боламыз?

-Адал азамат,ақылды ару,оқымысты ғалым,елін сүйген ер.

1-жүргізуші:жақсы жырды жас талмас жырлағанда

Әсем ән нәр береді,сырмағанда

Көрерменнің көңілі көкке жетер

«қазақ осы» әсем әнін тыңдағанда

Ән: «Қазақ осы»

2-жүргізуші:Өнер сыры өнегеміз,бағымыз

Сол өренмен кірер біздің сәніміз

Тәнтіп олар қарсы алыңыз ендеше

Өзбек биін бәріңіз.

1-жүргізуші:Құрметті ата-аналар,ұстаздар!

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқына ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортаға шақырайық ата-ананы-деп ата-анаға тілек кезегін береміз.

-Аналардың құрметіне «ана туралы ән»

2-жүргізуші:Жүзі жылы,құшағы кең

Сенен түлеп ұшамын мен

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.

-сөз кезегін бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі мен мұғалімдерге береміз.

Мұғалім:Өмір деген сан саналы қилы жол,

Адаспасаң одан да,аларың молұстаз ана,әкеңнің,құрбыңнын да

Сендерге оқушыларым тілейтінім тек ақ жол.

/Ақ жолдың үстімен жүріп отырып,оқушылар бір-біріне тілек айтады./

Сабыржан:құтты болсын құрбылар

Алға аттаған қадамың

Білім деп соқсын жүрегің

Жолдарыңа бестік шашамын.

Диана:Жайнаса бұл-бұл бүлдіршін

Бір сынып тағы өрлесін

Жайқалып тұрған көктемгі

Өмірің сенің гүл болсын.

/гүл шашады/

Мұғалім:Бастауышта оқыды,

Ойға білім тоқыды.

Бұлар-бізден жалындар

Ертеңгі ірі ғалымдар.

Алдыңда ұзақ жолың бар

Оқумен өсіп толыңдар

Қиындыққа мойымай,аман-есен болыңдар.»Бастауышпен қоштасу» ертеңгілігімізді әнмен аяқтаймыз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал