7


Наурыз-Ұлыстың ұлы күні

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: Наурыз-жыл басы .Мақсаты:1.Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. 2.Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту.3. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.Кір
предварительный просмотр материала













Сынып сағаты

Наурыз -ұлыстың ұлы күні






Мұғалім: Хамзина А.Ж.

Тақырыбы: Наурыз-жыл басы .

Мақсаты:

1.Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.

2.Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту.

3. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Кіріспе

1 бастаушы. Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз - көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.

«Наурыз» сөзі - біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, ай аты, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге байланысты айтылады.

Наурыз - бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

2 бастаушы.

Жігіттер мен сұлулар!

Той болады, Көктем келді,

Жаңа жылды ерте келді!

Ойын күлкі думанымен

Көптен күткен Наурыз келді?

/Барлығы көрпелерге шуласа жайғасады/

Мұғалім: Балалар көктем келді, Көктем келсе айнала төңіреке жан кіреді, Алыс жақтан құстар ұшып келеді, қысқы ұйқысынан аңдар оянады. Табиғат жаңарып гүлденеді, бұған адамдар қуанады. Әр халықта Көктем мерекесі әртүрлі тойланады: Балалар бұл мереке қалай аталады?

/Оқушылар бірге «»Наурыз»/

2 бастаушы. Бұл әлемде мереке көп,

Қуанышты, әдемі!

Ал біз үшін ең жақсысы

Қымбатты Наурыз мейрамы! /хормен/


ӘН: «Наурыз»

Мұғалім: Балалар, Наурыз мейрамы - жыл басы. Бұл ежелден келе жатқан мереке. Біздің ата - бабамыз үшін жыл басы көктемнен бесталады.

Жаршы:

Құлағыңды сал, халайық!

Естімедің демеңдер!

Қазақ мектеп -гимназиясы мектебінде

Наурыз-тойын бастаймыз.

Ойын - сауық қабақ бар,

Тіл үйірген тамақ бар,

Күш сынасар жігіттер

Ән салатын қыздар бар.


Көргенде қуанасың таза әуені,

Құлаққа естілгендей жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі - бақи,

Наурызың құтты болсын, қазақ елі.


Той дегенде қазақтың жаны кірер,

Бағаңды жас білмесе, кәрі білер.

Наурызың құтты болсын, нар ағалар,

Наурызың құтты болсын, бар інілер.


Жақсылық жүрегіне жыр еселер,

Биікке шарықтатар киелі өнер,

Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,

Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.


Желпіген аққу құстың қанатындай,

Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.

Қасиетті наурық тойы пәктігіңнің,

Тойы деп айтуға да болатындай.

1 бастаушы:

Көңілдің құлпыларын ашайық та,

Қиялмен қияларға асайық та.

Қасиетті наурыз тойы елдігіңнің,

Ерке бір қуанышы десе айып па?

Мұғалім: Балалар 22 - наурыз - аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.

1 бастаушы. Күндіз бар да түнде жоқ

Түнде бар да күндіз жоқ

Бұл екеуі болмаса

Тіршілігің мүлде жоқ.

КҮН:

Самарқанның көк тасы,

Ериді мен келгенде.

Тоң боп қатқан топырақ,

Жібиді мен келгенде.

Енесіне баласын,

Телиді мен келгенде.

Тар көңілдер түнерген,

Кеңиді мен келгенде.

Ақ жүзіңді бері бұр,

Тұсыңа бір келгенде.


АЙ:

Неткен ыстық күн көзі,

Неткен ғажап күн көзі.

Ағаш біткен көгерсін,

Жасыл шалғын көктесін.

Адамдарға нұр сеуіп,

Шарлайық біз көктесін,

Наурыз күні келген бақ

Қалың елдің ырысы,

Босағаңнан тепкілесе кетпесін.


1бастаушы. Қос жанары аспанның,

Қос арқауы дастанның.

Домбыраның қос ішегі,

Мына тұрған Ай мен Күн.

Арта берсін халайық,

Берекелі байлығың.

Наурыз тойы құтты боп

Ән: «Қош келдің төрлет наурызым.»

Мұғалім:

Наурыз күні атқа мінген жігіттер елді аралап жарапазан айтқан. Игі тілекпен әндете келген жарапазаншыларға адамдар бауырсақ, құрт, ірімшік, ұсынып, шапан жауып, белдеріне жібек ормал таққан.

Айтамыз жарапазан отбасына,

Тілейміз денсаулықты бас - басыңа.

Тілесек денсаулықты бас - басыңа,

Амандық келер әр күн отбасыңа.

Айтамыз жарапазан ауылыңа,

Береке, бірлік берсін қауымыңа.

Береке, бірлік берсе қауымыңа,

Бас имес кімдер келіп ауылыңа


Айтамыз жарапазан еліңізге,

Байлаңыз жақсы орамал белімізге.

Байласаң жақсы орамал белімізге,

Кетеміз мақтай - мақтай елімізге.

Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?

Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?

Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,

Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?


Кел, Наурыз келешекті жарқын шолып,

Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып.

Қазақстан олғанда - Ғажапстан,

Қол соғып қуаналық халқым болып.


БИ: «Жігіттер» - биі


Мұғалім:

Несібе болсын көл - көсір,

Кәне, шашу шашайық.

Қалың орман өссін деп,

Жерге ағаш қадайық.


Кәрі қыстың зәрі сынып,

Басылғанда дауыл сәл -

Отырғызған нәлі шыбық

Сенің атың - Наурызтал.


Аймаласа сәуегей жел,

Жақсылыққа бәрі мысал.

Тамыр тартып, әуелей бер,

Мәуелей бер, Наурыз тал.

Мұғалім:

Балалар Наурыз күні кеш батуға айналған кезде ақындар айтысы басталған. Олар жақсылық пен жамандықты, суық пен жылыны, қыс пен жаздың күресін жырлаған.


Наурыз жырын жырлаймыз,

Онымен де тұрмаймыз.

Шындалып жеткен бұл күнде

Ел дәстүрін сыйлаймыз.

Айтыс:


Айтыс айтыс болады,

Өлең айтса жөнімен.

Наурыз тойын қыздырып

Кім айтысар менімен.


Біздің Камшат шиқылдап,

Ұқсайды екен шөжеге.

Шөлдеп қапы шөжелер,

Шөлдегенге көже бер.


Шуылдаған қозыдай,

Ойнайтұғын, сәбитім.

Көже берсе тауыспай,

Қоймайтұғын, Сәбитім.


Қадай алмай түймеңді,

Жылауыңды қойдың ба?

Сабағыңды апаңнан

Сұрауыңды қойдың ба?




Сүрінгенді мазақтап,

Жөнің жоққой күлетін.

Сен дейсің бе саусағының

Санын білмей жүретін.

Бірге:

Жылдың басы - Наурыз,

Жырдың басы - Наурыз

Наурызға жыр арнап,

Айтысамыз әлі біз

Ал халайық тұрмайық,

Әндетейік шырқайық.

Дөңгелесін бишілер,

Ортамызды ашайық.

БИ: «Үкілі Камшат»


Мұғалім:

Жаңа жыл туып, алғашқы күн күркіреп, көк дүркірегенде ел ішінде «саумалық » айту дәстүрі бар.

2 бастаушы.

Саумалық, Саумалық,

Қан тауының көк құсы

Ұйқыдан көзін ашты ма?

Саумалық, Саумалық,

Самарқанның көк тасы

Жіберді ме; көрдің бе?

Ауыл аналары табалдырық үстіне жаңа сауған сүтті шөмішке құйып қойып:

Саумалық, Саумалық,

Жаңа келген жақсылықты

Көрдік пе, көрмедік пе?

Саумалық, Саумалық,

Сүті көп, көмірі аз.

Жаңа жыл, жарылқа,

Ескі жыл, есірке -

Деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.

Ұлттық ойын: Тақия тастамақ.

Жаңа жыл, жаңа тарих баспалдағы,

Алатын асуларын асқардағы.

Қазақтың кең көсілген даласында

Жазылсын болашақтың дастандары

Осы Наурыз мерекесінің құтты қонағы Қожанасыр, Алдар, Тазша қонақта.

1 бастаушы.

Жоғары шықсын қонақтар,

Келіп тұрған алыстан.

Жақсылықтың жолында

Жан аямай алысқан

Сіздердің әділ істерің

Ғасырлар бойы тынбайды.

Аңыз, дастан, жырлардан

Жастар әлі тыңдайды.

Тазша:

Балалар, біз жай қыдырып жүрген жоқпыз, ұлттық дәстүр, ән - жырды ел есіне түсіріп, жастарға таныстырып жүрміз. Сіздерге де, «Бүркіт» деп аталатын бір қызық ойын ала келдік. Ал, кәне, болашақ қырандар, бері келіп бақ сынаңдар. Ойын шарты: ойнаушы жүресінен отырып, екі аяғының аралығынан екі қолын жерге тіреп, еңкейіп жердегі орамалды түйіншегінен аузымен іліп алуы керек. Бұл ойын екі білектің күшін сынауға арналған.

Қоғамдық өмір өрістеп,

Сан ғасыр зулап өтсе де,

Наурыз тойын теріс деп,

Айтпаған ешкім әйтсе де.

Өйткені оның бойында

Еңбек, бірлік, достық бар.

Халықтық дәстүр ойынға

Болмақшы емес орын тар.


Наурыз бата

Уағалейкум ас салам!

Кеңпейілді қазақ елім!

Кемелденген ғажап елім!

Ұлыс күні құтты болсын!

Ел іргесі мықты болсын!

Бақыт әкеп ұлыс күні,

Баянды боп тыныштығы,

Әнші құстар баққа қонсын!

Алтын табақ аққа толсын!

Шаттығының сәтті күнін,

Татулықтың тәттілігін,

Көрсін ұрпақ қайырымды!

Бұлт шалмасын ай - күнімді!

Жаңа күнім жадырасын!

Төл көбейіп, жамырасын!

Еккен егін өнімімен,

Еңбегіңнің сенімімен

Тірлігіңнің жемісімен,

Бірлігіңнің жеңісімен

Бағы жанып кәрі - жастың,

Басынан бақ арылмасын!

Орындалып ойларымыз,

Тойға ұлассын тойларымыз!

Әумин!

Мұғалім:

Наурыз күні жеті немесе тоғыз түрлі тағамнан қазан толы көже пісіріледі.

Қазан аузы жоғары, - деп жиналғандарға наурыз көже таратылады. Наурыз көженің сүр ет салып пісірілуі қыс тағаты етпен қоштасуды, ал құрамына ақтың қосылуы жас тағаммен қауышудың мәнісін білдіреді. Наурыз күні қасиетті дәмненқадірменді адамдарға, жолаушылап кеткендерге сыбаға сақталады.

ӘН: «Қош келдің Жаңа жыл»







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал