- Учителю
- Урок по родному языку на тему 'Аңқау арыстан'
Урок по родному языку на тему 'Аңқау арыстан'
01.10.2014.
Ана тілі
2 «А» сынып
Сабақ тақырыбы:
Аңқау арыстан (ертегі)
Жалпы мақсат:
Ертегінің мазмұнымен таныса отырып,негізгі ойды ұғыну. Тапсырмаларды орындай отырып өз ойларын тұжырымдап топта және жеке айта білуге дағдылану. Адамгершілік пен жанашырлыққа тәрбиелеу.
Сілтеме:
-
2-сыныпқа арналған ана тілі оқулығы
-
Суреттер, кесте, ертегілер
Оқу нәтижесі:
1.Топ ішінде өз ойларын еркін айтуға
2.Өзара көмекке дайын болуға
3.Жүйелі сөйлеп, дәлелді шешім айтуға
Негізгі идеялар:
1.Оқушының білетін біліміне сүйене отырып жаңа тақырыпты ашу
2. Ертегі желісін адам өмірімен байланыстыру.
3.Өздігінен ізденуге икемдеу.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Тапсырмалар, топтық , диалогтық жұмыстар, көріністер
Оқыту әдістері:
Жаңа әдістер:
Сұрақ- жауап, диалог, АКТ, СТО
Дерек көздері:
Ертегі тақырыбына арналған материалдар:
1. Постер жасау
2. Оқушы анықтамалығы
3. АКТ
4. Сахналау
Тапсырмалар:
Сұрақтар мен кестелерді толтыру
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (5 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Құстар, дала және үй жануарлары болып топқа бөліну
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Оқушының іс-әрекеті
Сабақта не істеу керек жайында тапсырмалар алады.Топ басшылары сайланады. Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалап отырады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 3 мин )
Бөлімді қайталауға арналған тест тапсырмасын беру.
«Жарайсың, керемет,» сөздерімен топты бағалап отыру, смайликтер таратып беру.
Тест сұрақтаына жауап береді.
Қиындық туғызған сұрақтарды топ мүшелерінің көмегіне сүйене отырып табады.
ІІІ. Жаңа тақырып (7 мин)
Міне, балалар оқу басталғаннан бері тамаша әңгімелер мен өлеңдерді жаттап, оқып білімімізді толықтырып жатырмыз. Білімді болу не үшін керек деп ойлайсыңдар? «Байлық та, бақыт та тиянақсыз, ең тиянақты қасиет - өнер-білім» - деп кім күнделігіне жазып еді? (Шоқан) Олай болса, сол білімімізді әрі қарай толықтырайық.
Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылы қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен- деп мен нені бастасам екен.
Ертегілер - ауызша жеткен халық шығармалары. Ертегілер 3-ке бөлінеді. (слайд көрсетіледі)
Жұмбақ шешу. *Өзі ширақ,өзі қу. Жүрген жері айқай-шу.
*Қайраты көп орасан, Аң патшасы
*Әр түрлі,орта бойлы,ұзын құлақ Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ
Осы жануарлар бүгінгі ертегімізге арқау болмақ. «Аңқау арыстан» ертегісі.
Мәтінді мұғалімнің оқуы. Түсініксіз сөздермен жұмыс.
Сұрақтарға өз ойларын жинақтай отырып жауап береді.
Шоқанның әжесінің айтқан сөзі және оны күнделік дәптеріне жазып қойғандығын еске түсіреді.
Білетін ертегілерін жинақтайды
Жұмбақ шешеді
Мәтінді тыңдайды, мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы өз ойларын толықтырып, әр топ бір- бірінің ойын жетелеп отырады, дұрыс- бұрыстығын шешіп, қорытынды жасайды. Әр топтың ойы әртүрлі деңгейде болуы мүмкін.
Топтық жұмыс (10 мин)
Әр бағандағы сөздер қай кейіпкерге тиісті екенін айт.Әр бағанда бір сөз артық. Ол басқа кейіпкердің сөзі,соны тап.
Мәтінге қортынды жасау үшін ойларын жинақтап, әр топ өз ойларын қосады.
Сергіту сәті
АКТ көмегімен
Сергіту сәтін өткізу
IV.Қорытындылау (10 мин)
Тірек сызбалармен жұптық жұмыс бере отырып, оқушыларға ой салады.
Кейіпкерлер
Басты сипаты
.......................
.......................
.......................
.........................
.........................
.........................
Жұптаса отырып кестені толтырады.
Әр топқа тапсырма ертегіні сахналап көрсету.
-
топ.«Бауырсақ»
-
топ. «Мақта қыз»
-
топ. «Аңқау арыстан»
Әр топ берілген ертегіге байланысты сахналап көрсетеді.
-
топ.«Бауырсақ»
-
топ. «Мақта қыз»
3-топ. «Аңқау арыстан»
V. Үй тапсырмасын беру (2 мин)
«Аңқау арыстан» ертегісін оқу.
8-тапсырмаға ойланып келу.
Үйде бұл тапсырманы қалай орныдау керектігі жайында ақылдасады.
VI. Бағалау (5 мин)
Формативті бағалау
Өлшемді бағалау
VII. Рефлексия
(3 мин )
Әр топқа бағалау смайликтері беріліп, әр топ ауызша қаншалықты жұмыс атқарғанын айтады.
Топ басшылары өздерінің тобындағы оқушыларға баға береді, смайликтерге өз түйгендерін бейнелейді.
Сабақ барысынан үзінділер