- Учителю
- Вне классный урок на тему 'Қош бол, бастауышым!' (4 класс)
Вне классный урок на тему 'Қош бол, бастауышым!' (4 класс)
Ақылбекова Лиза Маутқанқызы.
Астана қаласы № 65 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
4"А", 4"Д" сынып оқушыларының "Қош бол, бастауышым!" атты салтанатты кешінің сценарийі
Өтетін уақыты: 16.05.2015
Өтетін жері: акт залы
Кешке қатысатындар: оқушылар, ата-аналар, ұстаздар.
- Бастауышым, алтын ұям,
Біліміңді ойға жиям.
Өзіңменен қанаттанып,
Өрлейміз біз, асып қиян!
- Қайырлы күн, қымбатты ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
- "Қош бол, бастауышым!" атты салтанатты жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
- Күні кеше ғана жүрегіміз үлпілдеп, анамыздың қолынан ұстап мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер едік.
- Ал бүгін, міне білімнің бастауы - бастауышпен қоштасқалы тұрмыз!
Хор : "Мектебім"
- Енді міне, оңымыз бен солымызды таныдық, ойымыз да бойымыз да өсті.
- 42 әріпті таныдық, әңгіме, ертегіні нақышына келтіре оқимыз, қойылым қоямыз.
- 1 минутта 100-ден артық сөз оқимыз.
Ішіміздегі ең жүйрігіміз Қайырғали Диана 1 минутта 202 сөз оқиды.
- Математикадан миллиардқа дейінгі сандарды қосамыз, азайтамыз, көбейтеміз, бөлеміз.
- Ойдан есеп құрастырамыз, теңдеу шешеміз, геометриялық фигуралардың периметрін, ауданын және көлемін есептей білеміз.
- Сауатты жазамыз, мазмұндама, шығарма жазуды үйрендік.
Ұстаздарымыз Баян Жұмабекқызы, Алтын Қайыркенқызы, Нұржамал Мұсақызы, Пернегүл Рахатқызы,
Батима Дайырханқызы, Қанат Диекенқызы, Сабира Жайсанбайқызы, Лиза Маутқанқызына мың алғыс!
- Келесі орындалар ән Сіздерге арналады, аяулы ұстаздар!
Хор: "Ұстазым!"
- Бізбен бірге төрт жыл бойы сабақ қарап, біз қуансақ қуанған, біз мұңайсақ мұңайған, бірге шығарма жазып, сурет салған, теске бірге дайындалған қадірлі ата-аналарымызға мың алғыс!
Хор: "Ана ғой"
- Сауле Ермұханқызы бастаған мектеп әкімшілігі біздің жарық та жылы кабинеттерде білім алуымызға, спортпен айналысып, дұрыс тамақтануымызға барлық жағдайды жасады.
- Жансұлу Жұмайқызы бастаған бастауыш сынып әкімшілігі бізге төрт жыл бойы сапалы білім мен саналы тәрбие алуымызға ұйытқы болды.
- Ортаға қалалық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, мектебіміздің мақтанышы Құрманғазыұлы Аянды шақырамыз.
- Аянның орындауында ғы қазақтың дара да дана ақыны Абай атамыздың "Айттым сәлем, Қаламқас" әні мектеп әкімшілігі, сіздерге арналады, қабыл алыңыздар!
- Қымбат Болатбекқызы, Гульмира Кабидоллақызы, Амида Абдуллақызы бізге орыс тілін үйретсе,
Нұргүл Нұридинқызы, Меруерт Серікқызы, Дина Жаңбырбайқызы ағылшын тілінің қыр-сырын үйретуден жалықпады.
- Шынар Қуандыққызы біздің бойымызға адамгершілік қасиеттерді сіңірсе, Айдана Төлеубекқызы бізге спортты сүюге үйретіп, салауатты өмір салтын насихаттады.
- Асем Мананқызы мен Назира Серікбайқызы бізді музыка әлеміне сахатқа шақырып, рухани дамытты, талантымызды ашып, өнердің биік шыңдарына жетелей білді.
- Бес саусағынан өнер тамған Айнұр апайымыз қыл қаламның құпиясын ашып, өз қолымызбен түрлі заттар жасауымызға себепкер болды.
- Барша ұстаздарымызға мың алғыс!
- Келесі әншіміз Жақсылық Фаризаның орындауындағы "Сәби тілек" әні барша ұстаздарымызға арналады, қабыл алыңыздар!
- Осы төрт жылда әрқайсымыз мектеп пен үйдің арасында 816 км жол жүріппіз.
- Осы төрт жылда қыздарымыздың шашы орта есеппен 30 см-ге ұзарыпты.
- Осы төрт жылда мен 1632 рет автобусқа отырыппын.
- Орта есеппен асханадан әр оқушы 680 тарелке тамақ жепті.
- Ал барлығымыз мөлшермен 33320 стақан компот ішіппіз.
- Ал біздің бөлмемізді тазалайтын апайларымыз осы төрт жылда мөлшермен 1632 рет кабинеттің полын жуыпты.
- Келесі орындалар "Астана" әні Сіздердің құрметтеріңізге, аяулы аналар!
- Ортаға Тұңғыш Президент күніне орай өткен қалалық шығармалар сайысының жеңімпазы Жумадильдаева Әселді шақырамыз.
- Біздің бастауышпен қоштасуымыз еліміздегі кезектен тыс Президент сайлауы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен тұспа-тұс келді.
- Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, аспанымызда көк байрағымыз мәңгілік желбірей берсін!
"Қазақстан" әні.
- Ортаға ағылшын тілінде ертегі қоюдан қалалық сайыстың жеңімпаздарын шақырамыз. Ағылшын тілінде "Жеті лақ" ертегісін тамашалаңыздар!
- Құттықтау сөз кезегі ата-аналар комитетіне беріледі.
- Құттықтау сөз аяулы ұстазымыз Лиза Маутқанқызына беріледі.
Финал. - Ортаға әншілеріміз Аян мен Қанатбаева Фаризаны шақырамыз. "Балдәурен" әнін қабыл алыңыздар!