7


  • Учителю
  • Дүниетану пәні 3 сынып жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер

Дүниетану пәні 3 сынып жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Дүниетану 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жануарлар әлемінің алуан түрлері мен жәндіктер түрлерімен

таныстыру олардың қандай топқа жататындығын анықтай

білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері: Мәтінді талдауды, өз ойын айтуға, сыни ойлау, сабаққа

белсенділікпен қатысады, диалогқа түседі . Танымдық кабілеттері дамиды

Топта ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыландыланады

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: схемалар, жануарлар суреттері, интерактивті тақта, кесте.

Әдіс-тәсілдер: жұптық , топтық талдау, бақылау.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныппен амандасу

Топқа бөлу. Топ ережесін еске салу

Психологиялық дайындық

Психологиялық ахуал 3 топқа ( Аңдар, құстар, жәндіктер) болып бөлінеді.

1.Барыс, қоян, түлкі, қасқыр

2. Қарлығаш, қарға, суықторғай, үйрек

3. Инелік, қоңыз, көбелек, шұбалшын, қырықаяқ Оқушылар таратпа материал арқылы 3 топқа бөлініп отырды

Топ ережелерін айтады

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «2- оқушыдан сұрау)

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

Сөзжұмбақ шешу

















  1. Суыққа төзімді өсімдік?

  2. Өздігінен өсетін өсімдік қалай аталады?

  3. Адамдар күтіп өсіретін өсімдіктер қалай аталады?

  4. Сарықараған өсімдігі неше жыл өмір сүреді?

  5. Жантақ , сүттіген неге төзімді өсімдіктер?

  6. Бидай, жүгері, жолжелкен нені сүйгіш өсімдіктер?

Жауаптары:

1.жабайы

2.бидай

3.мәдени

4.елу

5.құрғақшылық

6.жарық

ІҮЖаңа материалды игерту

Оқушылар сөзжұмбақта қызыл түспен боялған текшеде тігінен оқығанда қандай сөз пайда болды?

Дұрыс, ендеше бүгін біз табиғат байлықтарының бірі-жануарлар әлемімен танысамыз.Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер». Сабақта біз жануарлардың , жәндіктердің тіршілігі жайында біліп , олардың қандай топқа жататынын анықтаймыз.

Дәптермен жұмыс: а)күннің жады

Ә)тақырыпты жазу

Кіріспе

Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді.Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 млн-дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді



Ендеше жануарлар туралы бейнебаянға назар аударайық! Мұқият тыңдаймыз!

-Бейне баянда қандай жануарларды көрдіңіздер?

* Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?

(слайд) Топтардың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыңдар? Мысал

*Осы топтардың ішінде омыртқасыз және омыртқалы жануарлар кездеседі.

Омыртқасыз жануарлар: олар жәндіктер

Омыртқалы жануарлар: олар денеге тірек және оны қимылдатып қозғалтуға көмектесетін қаңқасы бар жануарлар.

Кіріспе

Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді.Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 млн-дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді

Жануарлар дүниесі - Биосфераның бір бөлігі. Ғалымдардың есебі бойынша жер шарында 1 млрд 500 мың жануарлар түрлері тіршілік етеді. Мұның ішінде Қазақстанда 150 сүтқоректілер, 480 құстар, балықтың 155 түрі кездеседі. Жер шарында жануарлардың мекен етпейтін жерлері жоқ.

Жануарлардың мекендейтін ортасы

Ауада суда топырақта құрлықта адам денесінде

Жануарлар әр түрлі жерлерде мекендейді. Ылғалды жерде, сусыз жерде, мұзда, ыстық тропикте, ормансыз жерде, қалың орманды жерлерде тіршілік етеді. Олар қайда тіршілік етсе де, белгілі жағдайларды: ауа, қорек су, сыртқы ортадағы белгілі мөлшердегі температураның болуын қажет етеді. Олар құрлысы мен өмір сүру сипатына қарай ажыратылады.

Бір клеткалы жануарлар - амеба, инфрузория.

Жануар көп клеткалы жануарлар -

Омыртқасыздар Омыртқалылар

құрттар, өрмекшілер, балықтар, қосмекенділер

жәндіктер, шаяндар жорғалаушылар, құстар, аңдар,

сүтқоректілер

Сондай-ақ жануарлар қоректенуіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.

құстар, балықтар

өсімдікпен қоян, киік

жылқы, қой, ешкі

Жануарлар жыртқыштар бүркіт, қасқыр, арыстан, жолбарыс

қорек-не қарай аралас қор-р борсық, аю, торғай, шағала

паразиттер аскарида, кене



Адамның өмір сүруі үшін жануарлардың маңызы өте зор.

Жануарлардың маңызы

Адам өміріндегі Табиғаттағы

-қорек (ет,сүт, май, бал, -тұқым тарату

жұмыртқа, уылдырық) (құс, жануар, өсімдік

-киім тұқымын таратушы)

-тозаңдандыру

(ара, көбелек)

-Бүркіт тышқанмен қорек-ді

Пайдасымен бірге кейбір жануарлардың зиянды жақтары бар. Мысалы, бөлмедегі шыбындар, кене, ішек құрттары адамға әр түрлі ауру дарытады.

Жануарлардың зияны

-Безгек масасы -Шыбын

безгек ауруын тудырады. дизентерия және сүзек

ауруын дарытады.

Жануарлар да барлық тірі организмдер сияқты табиғаттың бір бөлігі. Сол үшін де оларды қорғау керек. Табиғаттағы барлық организмдер бір-бірімен тығыз байланыста тіршілік етеді. Олардың бір түрінің азаюы немесе түбегейлі жойылуы басқа да жануарлардың көбеюіне кері әсерін тигізіп, тепе-теңдіктің бұзылуына алып келеді.

Жануарлар дүниесін қорғау және сақтау мақсатында Қазақстанда «Қызыл кітап» жарық көрді. Бұл кітапқа жойылып бара жатқан және жойылып кету қаупі төнген жануарлар енгізілді.

«Джигсо» әдісі

Мәтінді әр бір топқа бөліп беру

Түсінгендерін сұрау



І,ІІ,ІІІ-топтар , сендердің алдарыңда қандай жануарлардың суреттері бар?

Қараймыз. Сары түсті үлестірмені ашып оқымыз:

Ітоп

1) Қай топқа жатады?

2) Олар қандай жануарлар? (омыртқалы ма, омыртқасыз ба)

3) Олар немен қоректенеді?

4) Олардың ерекшілігі ...?

5) Олар қайда тіршілік етеді?

ІІ топ

1) Қай топқа жатады?

2) Олар қандай жануарлар? (омыртқалы ма, омыртқасыз ба)

3) Қайда мекендейді?

4) Түрі қандай? Денесі 3 бөлімнен тұрады (бас,кеуде,құрсақ) 6 аяғы бар.

5) Немен қоректенеді?

Инеліктің азығы-маса мен шыбын-шіркеймен қоректенеді.

Ол- жыртқыштарға жат. Арасында (маса,бүрге,кене)-қансорғыштарға жатады .



ІІІ топ

1) Қай топқа жатады?

2) Олар қандай жануарлар? (омыртқалы ма, омыртқасыз ба)

3) Қайда мекендейді?

4) Түрі қандай?

5) Немен қоректенеді?

(Тақтада жануарлардың суреттер ілініп тұрады)

Жауаптары:

-топ (Сүтқоректілер)

1) (Сүтқоректілер)

2) Омыртқалы жануарлар

3) Өсімдіктермен және аң аулайды яғни олар - өсімдікқоректі, жыртқыштар

4) Сүтқоректілер - төлдерін сүтпен қоректендіреді

5) Орманда,тауда,далада



ІІ-топ (Жәндіктер)

1) (Жәндіктер)

2) Омыртқасыз жануарлар

3) Кез келген ортаға тез бейімделеді, сондықтан барлық жерлерде кездеседі.

4) Кішкентай,майда. Денесі 3 бөлімнен тұрады (бас,кеуде,құрсақ) 6 аяғы бар.

5) Өсімдік/мен қорек/ді - өсімдікқоректі, Инеліктің азығы-маса мен шыбын-шіркей-мен қоректенеді.

Ол- жыртқыштарға жат. Арасында (маса,бүрге,кене)-қансорғыштарға жатады .

ІІІ-топ (Балықтар)

1) (Балықтар)

2) Омыртқалы жануарлар

3) Суда мекендейді

4) Денесін қабыршақ жапқан. 3-бө -лімнен тұрады(бас,кеуде,құйрық)

5) Өсімдіктермен , өздерінен майда балықтар , жәндіктермен

Өсімдікқоректі,жыртқыштар

Тапсырма:

1 топ омыртқалы омыртқасыз

Жануарлар жануарлар







2 топ

Жануарлардың суреті беріледі, сол суреттерді топтарына сәйкестендіру

















3-топөздеріне ұнаған жәндіктің суретін салып, оны қорғау

Қорытындылау

Ақ қалпақ: Жануарлар туралы қандай ақпарат алдыңдар?

Сары қалпақ: Жануарлар қалай тіршілік етеді?

Қара қалпақ:Жәндіктер адамның тұрмыс-тіршілігіне зиян келтіре ме? (дәлелде)

Қызыл қалпақ: Жануарларды аулауға бола ма?

Жасыл қалпақ: Сендерді не қызықтырды?

Көк қалпақ: Қорытынды жаса. Бүгін біз не білдік?

VІ.Бағалау:

«Бағдаршам» арқылы өздерін бағалайды.

Алған фишкалар арқылы бағалаймын.

Оқушылар өздері қол жеткізген фишкалар арқылы бағаланады

Түсіндім дегендер- жасыл түсті көтереді, түсінбедім дегендер - қызыл түсті көтереді

Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін смайликтерге жазады. Сабақ ұнады ма? Қандай тапсырма орындағанда қиын болды?.

Оқушылар сабақтан не үйренгенін және не қиын болғанын, сабақтан алған әсерлерін жазады

VІІ.Үйге тапсырма

Жануарлардың көптүрлілігі.Жәндіктер

104-107 бет, оқимыз.

Жануарлар туралы қызықты мәліметтер жинау

Оқушылар үйге берілген тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал