7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» 2 сынып

Тәрбие сағаты «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілі - ана тіліміздің ерекшеліктерін, қадір қасиетін өлең сөздер мен шешендік сөздер арқылы түсіндіру. Ана тілінің қазіргі кездегі дамуындағы жетістіктері мен кемшіліктерін айқындап, өз ойын ашық айта және қорғай білуге үйрету.
Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер, интерактивті тақта, суреттер, көрме.

Сайыстың барысы:
ҚР. Мемлекеттік Әнұраны орындалады:

1-жүргізуші: Тлек Нұрай

Қайырлы күн! Армысыздар, көрермендер! Бүгінгі біздің «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз!
Тілім менің ғасыр үні жалғаған,
Тілім үшін отқа түсіп лаулаған.
Басқаны да ортамызға тартайық,
Қазақ қана сөйлегені аз маған
2-жүргізуші:Ғазаиз Нұртілек

ҚР Президенті Н. Назарбаев ел халқына жолдаған Жолдауында: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі - қазақ тілі, Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту - баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз болып саналады», - деген болатын.

1-жүргізуші:Тлек Нұрай

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі - қазақ халқының тілі. Оның негізгі мекені - Қазақстан. 22 қыркүйек Қазақстан республикасы тілдер күні бәріміздің мейрамымыз. Тілді қастерлеу ізгілік пен мәдениеттілік белгісі.

2-жүргізуші:Ғазаиз Нұртілек

Сол себепті мақсатымыз, өскелең жас ұрпағымыздың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, байырғы сөздердің мағынасын ашу, салт-дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызу. Тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге тәрбиелеу, насихаттау, дамыту.

1-жүргізуші:Тлек Нұрай
Тілдің бәрі қымбат маған,
Әр ұлт тілін бағалаған.
Бәрінен де сен артықсын,
Қазақ тілім, жыр баптаған!
Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігім бүгінгі,
Ана тілім сақтаған.
Олай болса сайысымызды бастайық
2-жүргізуші: Ғазиз Нұртілек

Сайысымыз бағдарламасы 5 кезеңнен тұрады. Олар:
1. «Тегімді менің сұрасаң...» (таныстыру)
2. «Тілім менің - тірлігімнің тірегі» (белгілі ақындардың тіл туралы шығарған өлеңдерін жатқа айту)
3. «Бабалар сөзі - тәрбие көзі» (шешендік сөздердің мағынасын ұғындыру)
4. «Ана тілім - өз тілім, дана тілім,
Бізбен бірге Абай менен Шәкәрім» (Абай мен Шәкәрім өлеңдерін оқу немесе әнін айту)
5. « Өлеңді ойдан өрнекте» (жалғасын аяқтау)


1-жүргізіші:Тілек Нұрай
Қазақ тілі - борандатқан дауыл күй,
Қазақ тілі - өлең мен жыр, ән мен күй.
Байқасаңдар қазақ тілі осындай,
Аққан судай, ескен желдей табиғи

1-кезең «Тегімді менің сұрасаң...» (таныстыру)

2-жүргізуші:Ғазиз Нұртілек
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!

2-кезең: «Тілім менің - тірлігімнің тірегі» (белгілі ақындардың тіл туралы шығарған өлеңдерін жатқа айту)
1-жүргізуші:Тлек Нұрай

Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған - оның ғажайып тілі, - деп бір нақыл сөздерінде Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан болатын. Біздің 3-кезеңіміз де осындай тәлімі мол, мағынасы тереңде жатқан нақыл сөздердің мағынасын ашып түсіндіру.

3-кезең: «Бабалар сөзі - тәрбие көзі» (шешендік сөздердің мағынасын ұғындыру)
2-жүргізуші: Ғазиз Нұртілек

Тілім менің тірлігім, мол қазынам,
Ата рухын жаныма қондырасың.
Өзіңменен таныдым тарихымды,
Кемелденіп өзіңмен толды жасым.

4-кезең: «Ана тілім - өз тілім, дана тілім,
Бізбен бірге Абай менен Шәкәрім» (Абай мен Шәкәрім өлеңдерін оқу немесе әнін айту)
1-жүргізуші: тлек Нұрай

Ана тілім - әрекетім азығы,
Бар ғаламды тануымның қазығы.
Ой санамның өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге әз үні

5-кезең: « Өлеңді ойдан өрнекте» (жалғасын аяқтау)
«Тілім менің ғасыр үнін жалғаған, ...»
Ж: Тілім менің ғасыр үнін жалғаған,
Тілім үшін отқа түсіп лаулаған.
Басқаны да ортамызға тартайық,
Қазақ қана сөйлегені аз маған.




1-жүргізуші:Тлек Нұрай

Бүгінгі сайысымызды елбасымыздың сөзімен қорытындылайтын болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» деген ұлағатты сөзі бәрімізді де, ойландыруы тиіс. Тіл - ұлттың жаны. Тіліміз жоғалса халқымыз да жоғалады. Дәл қазір

«Мен қазақпын» деген әрбір қаны бар азамат тілі үшін күресуге шығуы тиіс. Себебі, бұрын-соңды тіліміз мұндай мүшкіл хәлді кешкен жоқ деп айтуға болады. Егер қазақ тілімізді құтқармасақ, онда ертең кеш болады, онда біздің бұл мәңгүрттігімізді болашақ ұрпақ кешпейді. Ешбір пенде мәңгі өмір сүрмейді.Ал тіліміз ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі өмір сүруі тиіс, - деген болатын. Әрдайым ана тілімізді көркейтіп, қорғап жүрейік!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал