7


  • Учителю
  • Классный урок на тему Ертегілер қойылымы

Классный урок на тему Ертегілер қойылымы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кіріспе сөз

Автор :

  1. </<font face="Times New Roman, serif">Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Қазір еліміз 25 жылдығын тойлап, атап өтіп жатыр. Жер көлемі ұлан байтақ. Жер қайнауы кенге бай ел. Оларды өңдейтін алып фабрика, зауыттар бар, соларды басқаратын сауатты халқы бар. Өнер- білім, медецина саласы ғылыми жетістіктерге жетіп, ғарыш әлемін зерттеген ағаларымыз ерліктерін көрсетті. Қазақ елінің өнері, мәдениеті, спорты жақсы дамыған. Қарапайым домбыра мен шет ел өнер адамдарының шығармаларын орындайды. Бүгінде қазақ елі бүкіл әлемге танылды. Ұлттық салт-дәстүрін, тамақтарын шет елдер жоғары бағалап, дайындау әдісін үйренуде.

Қазақтың мақтанышы осы тағамдары!





  1. №39 гимназия

Мектебінде оқимыз

Ұстазымның әр сөзін

Көңілімізге тоқимыз





Осы қойылымға дайындалған №39 гимназиясының 2 «Г» сынып оқушыларының «Қазақтың мақтанышы» атты ертегісін тамашалаңыздар.





Қазақтың мақтанышы.





Асық: Ей құрт, бауырсақ тұрыңдар.

Бауырсақ: Не болып қалды тағы да?

Асық: Бәріңе не болды мен сендерді ойнайық деп шақырдым.

Қымыз: Ойбай, сөйлейтін бауырсақ.

Құрт: Қорықпа қымыз, мен де сөйлей аламын.

Домбыра: Асық саған не болды «Бәріміз дос едік қой.»

Қымыз: Е-ей ойының қанбады ма? Оданда әлемде не боп жатыр, соны

айтайық.

Домбыра: Газетте не жазыпты соны оқиық.

Бауырсақ: Қане, қане.

Асық: Ей бауырсақ былай тұр газетті май қыласың.

Құрт: Ендеше мен оқимын. Қазақстан ү- кі- меті мем-ле-кет-тік тіл

ту- ра- лы.

Асық: Ия, мемлекеттік тіл туралы жаңа бағдарлама қабылдады.

Келешекте барлық қазақстандықтар қазақша сөйлейді.

Қымыз: Рас па?

Асық: Әрине, рас.

Құрт: Ас- та- на қа -ла -сы ....

Асық: Ей, құрт тұр былай, газетті ежіктеп оқып кеттің ғой әкел өзім

оқимын.

Мм. Мынау белгілі Абай жөнінде жазыпты.

О! Қазақ бренті? Қазақстан!

Мхм.

Домбыра: Ей асық газет не дейді?

Асық: Мәссаған Қазақстан брентін қалыптастыру жөнінде жазылыпты.

Домбыра: Брент деген не?

Құрт: Естісем құлағым керең болсын.

Асық: Сабыр, сабыр. Менің түсінігім бойынша Қазақстанды бүкіл

әлемге қандай затымен дүниесімен таныта аласың.

Мысалы: мен ұлттық ойынға жатамын. Қазақ даласында шыққан

ұлы адамдар менімен бала кезінен ойнап өсті. Сондықтан мен

брент боламын.

Құрт: Мені айтсаңдаршы. Мен ешқашан ескірмейтін күшті азықпын.

Бауырсақ: Ау, жігіттер. Мен ешқашан ата-бабамыздың дастарханынан

түспедім.

Қымыз: Бауырсақпен қалай таласасыңдар.

Домбыра: Ал достар, «нағыз қазақ, қазақ емес- нағыз қазақ

домбыра»дегендей. Бәріміз мақтанышқа лайықпыз. Оданда

біреуден төрелігін сұрайық.

Бауырсақ: Кімнен сұраймыз, кімге жүгінеміз?

Домбыра: Анау тұрған бәйтерекке барайық. Көпті көрген қария

емес пе?

Бауырсақ: Домбыра, арамызда бойы да, ойы да, үлкен сенсің, жол

қысқарсын әңгіме айт.

Домбыра: Олай болса мен сендерге өз атамнан естігенімді айтып

берейін. Менің атамды Құрманғазы, Диналардың өзі ұстаған

екен. Қос ішектен, бір шанақтан шыққан дыбыс мына

даланы бойлап ұшқан екен. Ал тыңдаңдар.

(Музыка ойналады)

Міне осылай болған екен.

Асық: Қандай ғажап оқиға.

Бауырсақ: Керемет!

Домбыра: Әне, бәйтерек.

Қымыз: Ұйықтап қалған ба? Оятайық та.

Бәйтерек: ( түшкіреді)

Бәрі: Сау болыңыз, бәйтерек ата!

Бәйтерек: Аа, рахмет, рахмет қарақтарым! Қазақтың игі жақсылары

жиналып қалыпсыңдар. Ал, айта отырыңдар. Қандай

себеппен келген жөндеріңді.

Құрт: Біз сізге жүгініп келдік.

Асық: Біз Қазақстан брентіне кім лайық, кім болады деп таласып

келдік. Көпті көрген қария төрелігіңізді айтыңыз.

Бәйтерек: Бұларың дұрыс болған екен. Қазақтың брентіне кім лайық

дегенге келсек менің айтарым, барлығың да лайықсыңдар.

Ата- бабаларымыздың өмірін бүгінгі ұрпаққа жалғап

отырған қасиеттеріңе мен басымды иіп құрметпен қараймын.

Сол үшін еліміздің мәртебесін көтеруге барлығымыз ат

салысайық. Менің төрелігім осы.

Бәрі: Алақай, алақай!

Құрт: Дұрыс шешім.

Асық: Қара қылды қақ жарды деген осы емеспе.









Мен айтамын өлеңді,

Құлағыңды түр енді.

Біз боламыз қазақтың, мақтанышы бренті

Әрқайсымыз бір төбе

Қастерлеген халқымыз

Бізбен бірге өркендер

Әдеп- ғұрып салтымыз.





Сал дәстүрді жақтаған

Қазағыммен мақтанам

Ата-баба мұратын

Қастерлеген сақтаған

Қара жорға биіміз

Шартарапқа шалқысын

Домбырада үйіміз.

Өсе берсін өркендеп

Егеменді еліміз.

Салт-дәстүрді дәріптеп

Ән салайық келіңіз.

Рөлдерде ойнағандар:





Асық: Сұлтанәлі Нұрбақыт





Бауырсақ: Құдайберген Сәния





Қымыз: Усипова Альмира





Домбыра: Дүйсен Сағдат





Құрт: Черемхан Нұрасыл





Бәйтерек: Үмітбекұлы Ерхан











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал