- Учителю
- По казакский языку на тема «Қазақ тілін білесің бе» (1 сынып)
По казакский языку на тема «Қазақ тілін білесің бе» (1 сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Қазақ тілін білесің бе?»
Сабақтың мақсаты: Орыс тілінде білім алатын оқушылардың өз елін туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.
Сабақтың түрі: Викторина
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап, көрнекіліктер
Сабақтың көрнекіліктері: кеспелер, суреттер, слайдтар, шар, плакат
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Білім сайысының парызы
- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!
- Құрметті оқушылар сендер бізде қандай апталық болып жатқанын білесіңдер ме?
- Дұрыс, қазір бізде «Тіл апталығы» өтіп жатыр
Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының азаматтық парызы. Қазіргі қазақ тілі - дамыған тіл.
- Балалар, сендер байқайсыңдар ма бүгін бізге қонақ келіп отыр
Қонақпен амандасайық!
- Сәлеметсіз бе! (Балалар амандасады)
Ал енді сіздердің алдарыңызға «Қазақ тілін білесің бе?» викторинасының қатысушыларын шақырамыз.
Қарсы алыңыздар!
Сайыс 4 аялдамадан тұрады:
I аялдама - «Сәлем - сөздің басы»
II аялдама - « Кім жылдам?»
III аялдама - «Тапқыр болсаң - тауып көр»
IV аялдама - «Сиқырлы сөз»
Ендеше бірінші аялдамамызға көшейік
I аялдама - «Сәлем - сөздің басы»
Әр топ өзінің тобын, топ басшысын, топ мүшелерімен таныстырады.
Бұл аялдамаға 5 мин уақыт беріледі. Бұл аялдамада тобын жақсы таныстырып шыққан топқа 2 жұлдызша таратылады.
II аялдама - « Кім жылдам?»
Бұл аялдамада берілген әріптерден тез сөздер құру. Қай топ жылдам сөзді құрап шықса сол топқа жұлдызша таратылады.
Құрылатын сөздер:
М Ө С Л Й Е - СӨЙЛЕМ
У Ғ А Л Ж А - ЖАЛҒАУ
З С Ө - СӨЗ
Л Т І - ТІЛ
Қ А Б А С - САБАҚ
III аялдама - «Тапқыр болсаң - тауып көр»
Бұл аялдамада әр топтың топ басшылары сыналады. Әр топтың топ басшысына 10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 жұлдызшамен бағаланады.
Бірінші топқа қойылатын сұрақтар:
1. Мектеп қай көшеде орналасқан?
2. Күз айларын ата?
3. Неше рәміз бар?
4. Туда не орналасқан?
5. Қазақстан қандай мемлекет?
6. Көктемде не болады?
7. Қандай азық - түліктерді білесің?
8. Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
10. Аптаның төртінші күні қалай аталады?
Екінші топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар:
1. Апта күндерін ата?
2. Жазда не болады?
3. Әнұранның авторларын ата?
4. Сен қай қалада, қай көшеде тұрасың?
5. Біздің мектеп қандай?
6. Қандай мерекелер бар?
7. Қазақ тілінде неше жалғау бар және оны ата
8. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
9. Қыс айларын ата?
10. Елтаңбада не орналасқан?
IV аялдама - «Сиқырлы сөз»
Бұл аялдамада екі топқа бір сөзден беріледі. Әр топ өзінің сөзін сөйлемге дейін күрделі өрбітуі керек. Сөзі жақсы өрбітілген топқа 2 жұлдызша беріледі.
I топ Күз
II топ Жапырақ
- Ал, балалар бүгінгі «Қазақ тілін білесің бе?» викторинамыз аяғына жақындап келеді. Сайысымыз өте қызықты болды. Қазақ тілін жақсы біледі екенсіңдер.
Ойынды бекіту: Әділқазылар алқасы сендердің берген жауаптарыңды бағалап, жеңімпазды анықтады.
Қорытынды: Балалар біздің викторинамыз соңына жетті.
Жеңген топты әділқазы мүшесі марапаттайды.