7


  • Учителю
  • Жұрнақ пен жалғайдың бір-бірінен өзгешелігі

Жұрнақ пен жалғайдың бір-бірінен өзгешелігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қостанай облысы

Әулиекөл ауданы

Аманқарағай ауылы

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Багыткуль Какимбекқызы Дощанова

Сынып: 2-сынып

Пән: Қазақ тілі

Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғаудың бір-бірінен өзгешелігі.

Сабақтың мақсаты:Сөз құрамын анықтау, яғни түбір сөзден туынды сөзді ажырата білуді үйрету; туынды сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру.Қисынды ойлау, алған білім, білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту. Сөз,сөздердің жазылу емлесі туралы алған білімдерін дамыту.

Күтілетін нәтиже:Сөз құрамын анықтау барысында түбір сөзден туынды сөзді ажырата біледі;туынды сөздердің жасалу жолдарын түсінеді.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, семантикалық кесте,үлестірмелі қима қағаз, слайдтар, бағалау кестесі.

Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері: «Әр адым сайын»,«Дұрыс, бұрыс»,сұрақ-жауап, жеке, жұптық жұмыстар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

-Қарашы, досым

Дайын ба, оқу құралың?

Орында ма,

Дәптер, кітап, қаламың?

Басталды міне сабағың.



Үй тапсырмасын тексеру.

Ребусты шеш. Шешудегі сөзді қатыстырып, сөйлем құра.

Жауабы: Балықшы. Балықшылар балық аулады.



Қызығушылықты ояту

Сабақта сендер түбір мен қосымша туралы білімдеріңді тапсырмалар арқылы одан әрі жетілдіре түсесіңдер.

«Ойлан,тап» ойыны.

Шарты: Тақтадағы берілген түбір сөздерге тиісті қосымшаны іліп жабыстыру. Содан соң ол қандай қосымша жұрнақ па, әлде жалғау ма?

Түбір сөздер: Жұмыс, сый, біл, құй, ұш, күрек, ойын.

Қосымшалар:-шы,-лық, -шық, -қыш, -ім, -ті, мақ



Жаңа білімді игеру кезеңі:

«Әр адым сайын» Түбір, қосымша туралы білетіндерін айту.

(Түбір - сөз бола алады, қосымшалар жалғанады, сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін айтамыз; қосымша - түбірге қосылған бөлшек, жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді, жұрнақ сөз мағынасын өзгертеді, жалғау сөз бен сөзді байланыстырады).



Түбір сөздер мен тиісті қосымшаларды тап.

Семантикалық картаны толтыру.Үлестірмелі қима қағазбен жұмыс.



Көршілерін тексеріп, бағалау.

Ой қозғауЖұрнақ пен жалғайдың бір-бірінен өзгешелігі

Жұрнақ пен жалғайдың бір-бірінен өзгешелігі

+ шы=



Жұрнақ пен жалғайдың бір-бірінен өзгешелігіЖұрнақ пен жалғайдың бір-бірінен өзгешелігі

+ хана=



Ереже:

Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.

Мысалы: орындық, сусын, жұмысшы.

Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып,

Көркем етіп жазайық.



Бүгінгі күнді жазу.

Жж

жұрнақ жалғау

Сөздік диктант жазғызу. Сөздердің түбірін тауып, тиісті белгімен көрсет.

Сызғыш, үйректер, оқыды, домбырашылар, гүлдер, астық.



Оқулықпен жұмыс: Өзіндік жұмыс

304-жаттығу, 109-бет.

Сөздерге тиісті жалғау жалғап, сөйлем құрап жаз. Жалғаулардың сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын түсіндір.

Баян, сабақ, әзірлен. Мұғалім, сынып, кір. Аула, қар, күре. Серік, доп, сат, ал. Әлия, шеше, сатушы, бол, істе.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі.

Шығармашылық тапсырма

Көп нүктенің орнына төменде берілген сөздердің тиістісін қойып, өлеңді мәнерлеп оқы.

Еңбек сүйгіш ...

Ерте шығып ... , (құмырсқа,жұмысқа)

Жазда астық ... ,

Толтыратын ас ... . (тасиды, үйді)

Қыстай тыныш ... ,

Рақатқа ... . (жатады, батады.)



Сөз дыбыстардан құралады. Мысалы: құмырсқа, кітап, оқу. Бірақ бұл сөздер сөйлеу барысында үнемі осылай өзгеріссіз қолданыла бермейді.

Мысалы:

Кітап - өте қажетті құрал. Кітапты күтіп ұстау керек. Кітаптан көп мағлұмат алуға болады. Әр оқушы кітаппен дос болуы тиіс.

Осы сөйлемдерде кітап сөзі бірнеше рет кездеседі және өзгереді.



Тілімізде бір түбірден жасалған сөздер де бар.Мысалы: біл, білім, білімді, білгір, білімпаз. Осындай бір түбірден өрбіген сөздер түбірлес сөздер деп аталады.

«Кім шапшаң?»Түбірлес сөздерді тауып,оқы.

Ойыншы, жұмыскер, балақан, жұмысшы, балақай, ойыншық, балалық, әдеп, бала, көзілдірік, балалы, әдептілік, көз, әдепті.

«Жалғастыр» ойыны.

Бір оқушы түбір сөз айтады, екінші оқушы жұрнақ,үшінші оқушы жалғау айтады,төртінші оқушы тақтаға жазып, сөз құрамына талдайды.

Ұшқышпен, сусындар, білімді.

Қорытындылау.

Дұрыс па, бұрыс па? Дұрыс жауапты дәлелдеу.

1.Мағыналары қарама-қарсы сөздер синонимдердеп аталады. (антонимдер)

2. Жұрнақ сөз бен сөзді байланыстырады. (жалғау)

3.Сөздің одан әрі бөлінетін мағынасы бар бөлігін түбір сөз дейміз.(бөлінбейтін)

4.Түбірге қосылған бөлшекті қосымша дейміз.

5.Қосымша 3-ке бөлінеді.(екіге)

6.Түбірдің белгісі - доғал

7. Жұрнақтың белгісі -төртбұрыш(үшбұрыш)

8. Айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей мағыналары әр түрлі сөздер омонимдер деп аталады.

9. Мағыналары бір-біріне жақын, жуық сөздер синонимдер деп аталады.

10. Бір түбірден өрбіген сөздер туынды сөздер деп аталады. (түбірлес)



Үйге тапсырма

306-жаттығу, 110-бет.



Білім баспалдағы

А - түсінбедім, маған көмек керек

Б - түсіндім, әлі де қайталауым керек

</ В - толық түсіндім, өзгелерге көмектесе аламын.



Жұрнақ пен жалғайдың бір-бірінен өзгешелігі

Бағалау, мақтау, күнделікпен жұмыс.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал