- Учителю
- Үш би. 1 сынып. Ана тілі
Үш би. 1 сынып. Ана тілі
1 - сынып оқушыларына арналған ана тілі пәні сабағының қысқа мерзімді жоспары
( 6-7 жасар балалар)
Құзырлықтар каталогы
Тақырып:
Үш би.Заттың атын білдіретін сөздер
1
Базалық құзырлылық:
оқу іскерлігі
1.
1
Құрамды құзырлылық:
Ақпаратқа сызбалық талдау беру
Пән: қазақ тілі
Сынып: 1
Оқытушы: Дюсенбинова Г
1.1.
1
Әдіс, амал, құрал:
Топтастыру әдісі, сұрақ -жауап, пікір -болжам, бағалау
Дидактикалық дәреже: жоғары
Оқу орны: №19 ОМГ МДШО
Базалық оқулық:
1-сыныптың «Ана тілі» оқулығы. Авторы: Г. И. Уайсова , А.Е. Жумабаева «Алматыкітап» - 2012 жыл. 127-128 беттер
Мақсатты әлеуметтендіру
1.
«Табиғат»
Оқушының тұрақты дамуын қамтамасыз ету
Сабақтың мазмұны:
Заттың атын білдіретін сөздер мен оларға қойылатын сұрақтары туралы алған білімдерін пысықтай отырып, жетілдіру. Сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөздерді табуға және оларға сұрақ қоя білуге үйрету. Қазақтың үш биі туралы мағлұмат беру.
2
«Қоғам»
Жеке интеллектуалдық әлеуетін көрсете алу
3
«Мен»
Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Заттың атын білдіретін сөздер мен оларға қойылатын сұрақтары туралы алған білімдерін пысықтай отырып,жетілдіру. Сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөздерді табуға және оларға сұрақ қоя білуге үйрету. Қазақтың үш биі туралы мағлұмат беру
Оқу нәтижелері
-
Оқушылар үш би туралы ақпарат алады.
-
Оқушылар жаттығу жұмыстары арқылы заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін тереңдетеді.
-
Оқушылар өздерінің бар фондық білімін қолдана отырып, өзара сұрақ қояды
Блум таксономия-сына сәйкес тапсырма
ның деңгейі
Оқу тапсырмалары
Уақыт
Сабақ кезеңдері
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
«Білу»
Заттың атын білдіретін сөздер
(Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
-
Ынтымақтастық атмосферасын орнату
-Ал, қанекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет - құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық.
Қонақ күту салтымыз,
Оқып-біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік жалпымыз.
Бір,екі,үш
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз
-
«Серпінді доп» әдісі: Өтілген тақырыпты пысықтау.
Жұмсақ ойыншықты лақтыра отырып оқушыға сұрақ бағыттаймын:
- Балалар біз өткен сабақта не үйрендік?
-Заттың атын білдіретін сөздер мен оларға қойылатын сұрақтар туралы айтқан болатынбыз. Қане еске түсірейікші заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойлады?
- Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақтар қойлады?
-
Заттар мен жануарларға қатысты сөздерге қандай сұрақтар қойлады?
Олай болса мынадай тапсырма орындайық:
-
«Семантикалық картаны толтыр» жаттығуы:
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Дәрігер орындық ағалар иттер
Ата терезе оқушылар қарындаштар
Ұста қоян аналар ағаштар
-
Жақсы балалар, дұрыс орындап шықтыңдар.
Сонымен Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер?, заттар мен жануарларға қатысты сөздерге не? Нелер? Деген сұрақтар қойылады екен. Өтілген тақырыпты жақсы түсініпсіңдер. Осы тақырып бойынша ары қарай тапсырмалар орындайтын боламыз.
Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімін тереңдету.
Оқушыларды сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру
Оқушыларға семантикалық тапсырманы орындату арқылы заттың атын білдіретін сөздер туралы білімін тереңдету.
Оқушылар тынышталып, өз орындарына отырады.Сабаққа назар аударады.
Оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімін тереңдетеді.
Оқушылар сұраққа топпен және жеке жауап беру арқылы жақын арадағы даму аймағын орнатады.
Оқушылар семантикалық тапсырманы орындау арқылы заттың атын білдіретін сөздер туралы білімін тереңдетеді.
5
мин
5 мин
5 мин
«Түсіну»
Жаңа тақырып
Үш би туралы түсінік беру
1. Презентация арқылы жетелеу сұрақтарын қоя отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашу:
- -Қане балалар, сөзжұмбақ шешейік.
(Жұмбақ жасырамын.Интербелсенді тақтада жұмбақтың атауына байланысты суреттер шығады.Суреттердің атауы арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтап алу)
ҮКІ, ШАҢЫРАҚ, АБАЙ , ШИЕ
(Тігінен оқығанда «Үш би » сөзі шығады)
Қандай сөз шықты? (Үш би) Үш би дегенді естігендерің бар ма?
«Үш» сөзін білеміз.Ол - сан. Ия?
Ал «би» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? «Би» дегенде көз алдымызға не елестейді? Би - музыка әуеніне түрлі іс-қимылдар жасау.
«Би» сөзінің тағы да басқа мағынасы бар екен.
Қазақ халқына тән ең бір атақты, аяулы өнердің бірі - шешендік өнер. Шешен деп - алғыр ойлы, тапқыр тілді, сұңқар үнді адамды айтады. Би, шешендер халықтың ынтымағын, бірлігін сақтауда, елін, жерін қорғап, халықтық намысымызды, ұлттық салт - дәстүрімізді сақтап, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде зор еңбек сіңірген
Интерактивті тақтадағы слайдта көрсетілген суретке назарын аудару.
Оқушыларды сұрақпен жетелеу арқылы сабақтың мақсатьын ашқызамын.
Оқушылар сурет арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, сабақтың мақсатын қояды.
Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға шеңбер жаасап отырған оқушылардың ортасына отырып түсіндіреді.
5
мин
Рефлексия :
- Балалар егер жаңа тақырыпты қаншалдықты түсінгендеріңді көрейін, «Бас бармақ» арқылы кері байланыс жасайық.
Оқушының білімі қай деңгейде екенін түсіну үшін оқушылармен
«Бас бармақ» арқылы кері байланыс жасау.
Оқушылар түсінгенін немесе түсінбегенін бас бармақтарын көрсету арқылы көрсетеді.
Қолдану
«Қазақтың үш биі» атты бейнефильм көрсету арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
Нұрлан Оразалиннің «Үш би » өлеңін таныстыру.
-
Сонымен «Үш би » деп кімдерді айтады екенбіз?
-
Олар қандай істер атқарған?
Бүгінгі бақытты өміріміз осы бабалардың арқасы екенін түсініп, үш биіміздей ұлыларды ешқашан ұмытпауымыз керек.
Үш биге қойылған мүсін, жазылған өлең-жырлар ұрпағының оларға деген бір белгісі деп түсінемін. Қаламызда үш бидің ескерткіші бар.
(суретін көрсетіп, қайда орналасқанын атып кету).
Олай болса үш биге арнап жазған Нұрлан Оразалин аталарыңның «Үш би» өлеңімен танысайық.
Жаңа тақырыпты оқушыларға меңгерту мақсатында осы әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, сабақтың мақсатын қояды.
Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға шеңбер жаасап отырған оқушылардың ортасына отырып түсіндіреді.
5 мин
Талдау
Оқулықпен жұмыс:
Оқулықтың 127-бетін ашайық. Мына кісі оқулықтарыңдағы «Үш би » өлеңін жазған Нұрлан Оразалин аталарың болады.
Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 1947ж. Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Диқан ауылында дүниеге келген ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының</</u> депутаты.
-
Ендеше осы кісінің «Үш би » өлеңін оқиық.
(Өзім оқып беремін, оқушыларға оқытамын)
Өлеңде кімдер туралы айтылған? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би туралы айтылған)
Сөздікпен жұмыс:
«Айбын болған еліме » дегенді қалай түсінесіңдер?
Өлеңде кім? сұрағына жауап беретін сөздерді табайықшы.
Өлеңді оқып, таныстырады
Нұрлан Оразалиннің «Үш би» өлеңімен оқып, танысады.
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, сабақтың мақсатын қояды.
Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға шеңбер жаасап отырған оқушылардың ортасына отырып түсіндіреді.
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, үш би туралы түсініктерін тереңдетеді.
10
мин
Сергіту сәті
Сергіту видеосы
Жинақтау
Дәптермен жұмыс.
(Дәптерден №1 ,№2 тапсырманы орындату.)
Суретпен жұмыс.Мамандық атауына байланысты суреттер көрсетіп, тақтаға көпше түрін жаздыру. Ауызша сөйлемдер құрату.
СУРЕТШІ, ДӘРІГЕР; т.с.с Бір сөзге ауызша дыбыстық талдау жасату.
Тақтаға жаздыру.
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма орындатады.
Оқушылардың мақсаты берілген тапсырманы дәптерге дұрыс орындау.
5
мин
Бағалау
Оқушылар әр түрлі смайликтер бойынша бір- бірін бағалайды.
Мысалы:
- Мен мына смайликті...... беремін, себебі, ол сабаққа өте жақсы қатысты, сұрақтарға дұрыс жауап берді.
Ал, мына смайликті ...... беремін, себебі, ол бір сұраққа дұрыс жауап бермеді, сабаққа жақсы қатысты.
Мұғалім смайлдар арқылы балалардың өздеріне бағалау жасатады.
Балалар өз білімдерін өздері әділ бағалап үйренеді.
1
мин
Үйге тапсырма
1-қатар. Төле би
2-қатар. Қазыбек би туралы ізденіп, дәптерге
3-қатар.Әйтеке би бір даналық сөзінт жазып келу