7


  • Учителю
  • «Астана –бейбітшілік пен бақыт қаласы» атты тақырыптарға сурет салу.

«Астана –бейбітшілік пен бақыт қаласы» атты тақырыптарға сурет салу.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Есимсейтова Рамила Казтаевна

бастауыш сынып мұғалімі

«№5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы





Пән: Бейнелеу өнері Сынып: 4 «А» сынып

Тақырыбы: «Астана -бейбітшілік пен бақыт қаласы» атты тақырыптарға сурет салу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға сұрақ беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру. Ұжымдық түрде білім алуға баулу,қалалар жайлы білетін мәліметтерін талқылай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, қалалар туралы өткен сабақтарда алған білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін , шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу. Оқушылар туған Отанын, елін, жерін сүюге , құрметтеуге тәрбиелеу , отансүйгіштік сезімдерін ояту және өз Отанына, еліне, қаласына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау,әңгімелеу, іздену, жинақтау.

Іс-әрекет түрлері: жеке, топтық, сыныппен.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Жақсы тілек - жылы жүрек» (шаттық шеңбері), «Өрмекшінің торы» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Сиқырлы сандық» әдісі,т.б.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер

Жүру барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық «Ақ тілек. Әсем күлкі»

-Қайырлы күн, менің сүйікті шәкірттерім!

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Керемет! (бас бармағын көтереді)

-Сабаққа дайындықтарың қалай?

-Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)

ІІ Негізгі кезең (5 мин). «Сиқырлы сандық» әдісі .Берілген сандарды таңдап,жасырынған сұрақтарға жауап бер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Ой қозғау стратегиясы:

1.Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?

2. Астанадағы ойын-сауық орталықтарын ата.

3.Бәйтеректің ұзындығы қанша?

4.Қ.Р тұңғыш президенті кім?

5.Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне неше жыл?

6.Бір сөзбен ата. Гимн,елтаңба,ту.

7.Гимннің авторларын ата.

8. Астанаға қандай тілек айтасың?

9.Адасқан сөздерді орнына қой.

Астана,орналасқан,қала, Қазақстанның,солтүстік,аймағында.

10.Астананың болашығын қалай елестетесің?

- Ал, балалар , айтыңдаршы қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады?

- Ендеше, балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Астана -бейбітшілік пен бақыт қаласы» деп аталады. Себебі, алдымызда еліміздің ең айтулы мерекесі Тәуелсіздік күні келе жатыр. Ал Астана - еліміздің бас қаласы, еліміздің жүрегі.

- Олай болса, біздің бүгінгі ашық сабағымыз Астана қаласының құрметіне арналмақ.

- Балалар, Астана дегенде естеріңе алдымен не түседі?

- Әрине, Бәйтерек, Ақ Орда, Ханшатыр, «Нұр Астана» мешіті.

ІІІ. Мақсатты жобалау кезеңі (3 мин)

- Осы тақырып бойынша не біліп, үйренгілерің келеді? Сабақтың мақсатын айту. (Балалар өздері айтады).

Сызбаға түсіру

Астана қандай екенін айтқыза отырып, сызбаға түсіру.

- Енді, балалар, жаңа өздерің Астана туралы айтып өткендеріңді тамашалайық. (видео көру)

-Жақсы.

-Астананы құру - ұлттық тарихтың жаңа мәтінін жазу. Мұндай мәртебе әр ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген. Екі мыңжылдық тоғысында біз шешім қабылдап , Еуразия жүрегінде жаңа астана құрдық,- деп жазады Н.Ә. Назарбаев өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында.

1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.



Астана символы Бәйтеректің биіктігі 97м. Бұл Елорданы Астанаға көшірген 1997 жылды еске салады . Астана Еуразияның нағыз кіндігінде орналасқан. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрақ құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты -баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен -тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады.



Президент Ақордасының төбесінде ұлттық жалауымыз желбіреген киіз үй сипатты зор күмбез баршаны әрдайым бейбітшілік, сүйіспеншілік пен дәстүрлі ауызбіршілікпен айнымауға шақырып, қызбалықтың , түсінбестіктің дауылдарынан сақтандырып тұр.

Өзен үстіндегі қос өткелді кең көпір оң жағалау мен сол жағалаудың арасын жалғап, біртұтас кеңістік әдемілігін құрып тұр.



</ Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы. Ол 25 қабаттан тұрады. Оның жалпы көлемі 25,5 мың шаршы метр. Астанадағы бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық наным нысандары бүкіл әлемде жоқ. Әрине әртүрлі діни дәстүрлерді бір шаңырақтың астына жинайтын ғимараттар бар, дегенмен, Қазақстан храмының олардан айырмашылығы - өзара келісім аясында тиімді сұхбат құруға арналған бір ғана алаңқай.

"Қазақ елі" монументі дәл осылай аталатын жаңа алаңның ортасында бой көтерді, ол Астананың символдық мәнге ие нысандары - Бейбітшілік пен келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Өнер университетімен бірегей ансамбль құрып тұр. "Қазақ Елі" монументінің жалпы аумағы 16 гектар. Ал негізгі ескерткіштің биіктігі тәуелсіздік алған жылдың символы ретінде 91 метрді құрайды. Тәуелсіздік сарайы.Үш этаждан тұратын Сарайдың өзіндік архитектуралық ойынан шығады. Бірінші этажда бір мезгілде 3100 адамды орналастыратын жиналыс залы бар. Тәуелсіздік сарайының ерекше мақтанышы болып үшінші қабатта орналасқан Астананың тарихына арналған мұражай «Астана кеше, бүгін, ертең…» табылады. Мұражай Қазақстанның жаңа астанасының бүкіл қалыптасу тарихын көрсетеді.

Президент саябағы Бейбітшілік және келісім сарайы мен Ақорданың жанында орналасқан. Паркте "Самұрық құс", "Төменгі алаң", "Үлкен каскад", "Грот", "Көл - қайнар көз" атты бес су бұрқақтары кешені, сегіз жасанды тоған мен каналдар бар. Саябақтың орталық бөлігі көп адамның қатысуымен өтетін салтанатты шараларды өткізуге арналып салынған, 1 мың автокөлікке арналған тұрағы бар.

"Думан" ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3 000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал. Мұхитаралдың су қоры - 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда. Мұхитарал түбінде жылжымалы жолмен жарақтанған, қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізі бар және әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағынан тұрады.

Міне, осы «Думан» ойын-сауық орталығында балалар, тіпті үлкен ересектер де көңіл көтереді. Көрген адам көз тоярлықтай нәрсенің барлығы осы жерде. Олар қызықты ойын ойнап, әр түрлі балықтар, жан-жануарларды қызықтап қарап, өлең айтып, түрлі билер де осы жерде биленеді.

«Триумф Астана» ғимараты

Сәулетті ғимарат жинақы монументалды 480 бөлмеден тұратын тұрғын үй кешенінен құралған. Ғимараттың жалпы ауданы - 112 мың шаршы метр, ал биіктігі - 142, 5 метр. Инфрақұрылым жабық мұз айдыны, үй кинотеатры, мейрамханалар, тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық жәрдем көрсету және балалар ойын - сауық орталығы, әмбебап дүкендермен қамтамасыздандырған. «Триумф Астананың» мақтанышы кешеннің толық бір бөлігін алып жатқан 25 метрлік қауыз болып табылады.

«Нұр Астана мешіті»

Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі - 43 метр, дан өзге 25 кіші күмбездері бар, биіктігі - 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.



«Халықаралық - Астана» әуежайы

Кішігірім ұшақтарға қызмет көрсету үшін 1931 жылы негізі қаланған шағын әуежай бүгінде Еуразия құрылығындағы заман талабына сай келетін ең ірі әуежайлардың бірі болып отыр. әуежайда тәулік бойы алыс және жақын шетел аймақтарына ұшатын 40 шақты ұшаққа және 14 авиакомпанияның тұрақты жолаушылар рейстеріне қызмет көрсетеді.

«Хан Шатыр» 20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимарат болып отыр. (Астана қаласы жайында бейнефильм көрсету).

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздiжазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.



ІІІ. Сарамандық жұмыс

  • «Бәйтеректің» суретін орындау;

  • Суретті альбомға дұрыс орналастыру;

  • Сурет салу реттілігін түсіндіру;

  • Оқушыларды бағдарлау;

  • Қадағалау;

  • Көмек көрсету;

  • Түстерді дұрыс таңдау. (Сурет салу кезінде әуен тыңдау).



IV. Қорытынды

- Сонымен балалар, бүгінгі сабақтан не түйдік?

- Қазір сендер алдарындағы қиындыларға бүгінгі тақырып бойынша түйгендеріңді жазасыңдар.

(Оқушылар жауабын тыңдау)

- - Иә, балалар, сабағымызды қорытындылай келе, әрине Астана туралы айтып тауысуымыз мүмкін емес, Астана туралы жырланған жыр, салған ән, шерткен күй қаншама дерсіз?

Астана - үлкен армандар жетегіне еріп, жаңа қала, үлкен шаһар, әлемдік орталық жасалады деген биік мақсаттармен салынған қала.

Бізде тек, Астана - бар қазақтың алтын бесігі, әлемнің қызыға көз тіккен бекзат қаласы болса деген арман бар.

Бізде тек, Астана дегенде бар қазақ елеңдеп, қазақ дегенде Астананың ашық аспаны жарқырай түссе екен деген тағы бір тілек бар.

«Астана» сөзіне балама айту (Ажарлы, Сымбатты, Таңғажайып, Ару қала, Нағыз Астана)

  • Оқушылардың жұмыстарын талдау;

  • Бағалау;

  • Үйге тапсырма: бояуды аяқтау;

  • Жұмыс орнын жинау.

































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал