- Учителю
- Открытый урок по математике на тему ' Пысықтау' (1 класс)
Открытый урок по математике на тему ' Пысықтау' (1 класс)
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау. Білімдерін тексеру.
Сабақтың мақсаты: 0 - 10 - ға дейінгі сандардың сан сәулесіндегі орны , сандардың құрамы, көршілері туралы алған білімдерін, осы сандарды пайдалана отырып, теңдіктер мен теңсіздіктер құрып, орындай білулерін, есеп шығара алуларын пысықтау.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар алған білімдеріне сүйене отырып, берілген тапсырмаларды орындай алады.
Қолданылатын әдіс: көрнекілік, сұрақ-жауап, жеке, жұптық,
Сабақтың түрі: қайталау
Көрнекілік: сандар мен таңбалар, тақырыптық суреттер, пішіндер, карточкалар, нетбук
Сабақтың барысы: І. Психологиялық кезеңі.
Бейнематериалдан қайталай отырып қимылдарды орындау.
Бағдаршам түстері бойынша бағалауды айтып өту.
ІІ. Ой қозғау
0 -10- ға дейін сандарды өсу, кему ретімен орналастыру, ауызша санау.
Сандарды көрсету, көршілерін атату, алдыңғы, кейінгі сандарды атату.
Жұптық жұмыс. Сандардың құрамын жазып, тақта алдында оқып беру.
ІІІ. Мағынаны тану
Суреттермен жұмыс.
Суреттер бойынша есептер құрастыру, тақтада қысқаша шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жазу, дәптерге көшіріп жазу.
Карточкамен жұмыс.
Уақытқа өрнектер шығару.
ІҮ. Сергіту сәті
Жалғыз саусақ тіпті де, ұстай алмас жіпті де........
Ү.Оқулықпен жұмыс Оқулықта берілген тапсырмалар орындалады.
ҮІ. Практикалық жұмыс
Пішіндермен жұмыс. Тақтада берілгенді қайталай отырып орындау.
ҮІІ.Қорытынды «Доп лақтыру»
-
Сандар мен таңбаларды пайдалана отырып, теңдіктер құрастыр
-
Сандар мен таңбаларды пайдалана отырып ,теңсіздіктер құрастыр
-
Шашылған сандарды пайдалана отырып, 10 санның құрамын тіз
-
сиқырлы пішін, пішіннен басқа бірдеңе ойластырып сал.
-
4 санының көршілерін ата
-
9 - дың алдындағы сан ?
-
6 - дан кейінгі сан ?
-
3 + 1
-
7 - 1
-
3 + 2
-
8 - 2
-
- 8 ге дейін тура, кері сана
-
Суретке сәйкес 4 теңдік құр.
-
6 см қызыл, 4 см көк кесінді сыз.
-
Сурет бойынша есеп құрастыр.
-
Қысқаша жазылғаны бойынша есеп шығар
ҮІІ.Рефлексия
Стикерді бағдаршамға жапсыру.
Жасыл түс - өте жақсы, сары түс - жақсы, қызыл түс - жаман.