7


  • Учителю
  • Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) 'Сөйлемдегі сөздердің байланысы '

Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) 'Сөйлемдегі сөздердің байланысы '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Мекебай Жұмакүл Шүкірқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

М.Әуезов атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебі

Сабақ әзірлемесі.

Арқалық қаласы,Маясова көшесі,17-үй,67-пәтер.

Тел: 87029877382 . 87143076352

Электронды пошта:

Оқулық: Уайсова Г.И.Қазақ тілі 2-сынып.

Алматы: Атамұра, 2013-жыл.

«Қызықты сабақ» әдістемелік жобасы.

Тақырыбы: «Сөйлемдегі сөздердің байланысы»


Алғы сөз.


Бастауыш сыныпта қазақ тілін дамыта оқыту мақсатында, бұл сабақты жоспарлауда блум таксономиясын қолдану арқылы,оқушының танымдық үдерісін қарапайым деңгейден, бірте-бірте күрделінетін алты категорияға жіктеу арқылы қарапайым тапсырмадан тұтас теорияға дейінгі тапсырмаларды ұсындым.Оқушылардың еске сақтауы мен еске түсірілуін

қамтамасыз етуді көздедім. Ал түсіну деңгейінде алған ақпаратты өз сөздерімен жеткізе алу талабын қойыдым.

Осылай жоспарланып өткізілген сабақтарда оқушылар оқу материалын салыстыра,сипаттай алады және меңгерген білімі негізінде ой қорытындысын жасай алады.


Пәннің аты: Қазақ тілі

Уақыты:11.12.15

№7-каб.

Мұғалім: Мекебай. Ж. Ш.

Сабақтың тақырыбы:

Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

Мақсаты

  • Білімділік: сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік қалыптастыру.

  • Дамытушылық:оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу арқылы теориялық ойлауын,сөйлеу тілін дамыту.

  • Тәрбиелік :Отан сүйгіштікке, ұйымшылдыққа, бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.

  • Сабақтың міндеті: Балаларды топпен жұмыс істеуге, өз пікірлерін айта білуге баулу, сөйлем мен сөздерді талдату.
    Сабақтың түрі: дамыту, қайталау сабағы.
    Сабақтың әдісі:топтық жұмыс,Блум таксономиясын қолдану, тест жұмысы, танымдық ойындар ойнату.
    Сабақтың көрнекілігі: интер белсенді тақта, постер, маркер, флипчаттар, тест тапсырмалары, слайдтар,бағалау,кері байланыс парағы.

  • Модуль: АҚТ, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалогтік оқыту) ОүБ, дарынды және талантты балаларды оқыту.

Оқушылар сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетіп бере алады.

Үлгі,сызба,суреттер бойынша сөйлем құрастыра біледі.

Күтілетін нәтиже

Сабақ кезеңдері

Уақытты меңгеру

  1. Мотивациялық- бағдарлау кезеңі-10-12 минут

  2. Операциялық- орындаушылық кезең (оқу-танымдық, ізденім, ішінара зерттеу, проблемалық әдістер) -20-23 минут

  3. Рефлексиялық- бағалау кезеңі (өзіндік бақылау- өзін-өзі бағалау әдістері) 8-10 минут



Сабақ кезеңдері

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Модуль

Мотивациялық- бағдарлау кезеңі

(10-12минут)



Операциялық- орындаушы

лық кезең .

(20-23минут)

Рефлексиялық- бағалау кезеңі (8-10 минут)


Психологиялық ахуал



Қызығушылықты ояту

Сабақ мақсатын қою.



Білу



Түсіну

Қолдану



Талдау

Сергіту сәті.

Жинақтау

Бағалау

Кері байланыс.

Үйге тапсырма

Сәлем деймін достарға,

Сәлем деймін құстарға,

Сәлем деймін құрдасқа,

Сәлем деймін ұстазға!

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар: Сәлем!



Интербелсенді тақтадан әр түрлі бейне сюжеттер көрсете отырып, қызығушылығын оятады,сол суреттер бойынша сұрақ-жауап алып,оқушылардың назарын сабаққа аударады. Желтоқсан айында болатын мерекелерді еске түсіріп,олардың маңызын сұрайды.



1,2,3,4 номерлі жетон таратады

Топ ережесін еске түсіреді.



Бүгінгі сабақтың тақырыбын таныстырады. Сабақ мақсатын айқындай алатын жағдай туғызыды.



Бұрын меңгерген білімдерін еске түсірулері үшін, «Ия, жоқ» деп жауап беретін сұрақтар қояды.

Сөйлем сөзден құралады. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылмайды.Хабарлы сөйлемге сұрақ қойылады. Буын сөзден құралады. Сөз буыннан құралады. Сөйлемнің бір түрі бар.Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады. Сөйлем мәтінен құралады.Мәтіннің төрт түрі бар.Формативті бағалайды.

1-топ.» «Ұйқасын тап» ойыны.

Отан-байтақ туған...

Отан-сенің думанды...

Сол Отанның....

Ерлік іске буған...

(жерім,елім,ұланның,белін)

2-топ. «Баспалдақ» ойыны.

Б.

Б.с

Б..т

Б...а

Б....қ

Б.....а

3-топ «Сөзді тап» ойыны

Б.......қ

Б......қ

Б.....қ

Б....қ

Б...қ

Б..а

4-топ. «Буындық лото» ойыны

Берілген буындардан сөз құрау.

Ба,бұ,бо,қа,та,ран,рік,лық,та.

Топтардың жұмыстарын бақылайды.

Формативті бағалайды

«Сөйлем не сұрайды ойыны?»

1.Мына тау қандай биік

2.Сен қысқы демалыста қайда барасың

3.Мұз айдында коньки тебу қандай тамаша

4.Үйдің ауасын үнемі тазартып отырыңдар



Топтарға берілген мәтіннің дұрыс құрылмаған сөйлемдерін түзеп жазып,сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсететін тапсырмалар ұсынады.



Анасы жұмысқа кетті.Үйде қалды Дана мен Жанар.Үйді олар тазалауға кірісті.Дана жуды еденді. Жанар шаңды сүртті жұмыстан оралған анасы

риза болды.



Орнымыздан тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Тұрсақ енді шеңберде

Алақанды ұрайық

Бишілерше бұралып



Топтарға сызба мен сөйлемнің өз ара сәйкестігін табуға арналған тапсырмалар береді.

1-топ.

Үш бала орманға барды.

Мысық мияулады.

Айдана мұражайға кетті.

2-топ

Назым әдемі би биледі.

Қар жауды.

Айжан театрға барды.

3-топ.

Алмас сыныпта үздік оқушы.

Анам құймақ пісірді.

Автобус келді.

4-топ.

Орманда әнші құс сайрады.

Мал жайылды.

Құстар адамға пайдалы.

Топта барлық оқушының жұмыс жасауын қадағалайды.



«Ертегі құрастырайық»

Орны ауысқан сөйлемдерді мағыналық байланысына қарай ретімен орналастыруға арналған тапсырма береді.

1.Түлкі абайсызда апанға түсті.

2.Мұны естіген ешкі де апанға түсті.

3. Ол ешкіге рахаттанып тұрмын деді.



Сұрақтардың орнына керекті сөздіердің тиістісін қойып,төрт сөзден жасалатын сөйлемдер құрауға арналған тапсырма береді

1.барды Айман киноға қызықты

кім? қандай? қайда? не істеді?

2.келді бала жиырма сабаққа

қайда?неше?кім?не істеді?

3.пісірді дімді бауырсақ апам

кім?қандай?не?қайтті?

4.биік салынды қалада үйлер

қайда?қандай?нелер?не істеді?



Бүгінгі сабақта не үйрендік, нені білдік, не ұнады, не ұнамады?

Оқулықтан 230-жаттығуды берілген тапсырмасымен орындап келу.




Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді

Бейне сюжет мазмұнына байланысты топқа бөлінеді. Тұңғыш Президент, Тәуелсіздік, Астана, Жаңа жыл-жаңа жыр.

Мерекелердің маңызын айтады.

Топ ережесін құрады,топ басшысын сайлайды.



Сабақ мақсатын

айтады.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсетуге дағдыланамыз.

Сызба бойынша

сөйлем құрауды

үйренеміз.

.



Өз білімдерін

дәлелдейді.

Топ мүшелеріне

қолдау көрсетеді.

Топтар ынтымақтаса жұмыс жасайды.

Бағдаршам арқылы бірін-бірі бағалайды.



Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды.

Бірін-бірі тексереді,орталарынан біреуі тапсырманы оқиды.

Оқушылар орындарынан тұрып,дене қимылдарын жасап,

тақпақты айтады.

Топтар ынтымақтаса жұмыс жасайды



Топ көшбасшылары

топта белсенділік

көрсетеді.

Бағалау парағын толтырады.



1-топ.

Сөйлемді орналастырады.

2-топ.

Ертегіні айтып береді.

3-топ.

Сахналайды.

4-топ.

Бағалайды.



Топ ішінен қабілеті жоғары оқушы орындайды.



Оқушылар өз пікірлерін айтады.

Топтарын бағалайды.



Сабақтағы көңіл-күйлерін смайликтермен көрсетеді.

Күнделіктеріне жазып алады.

АҚТ



АҚТ

ОүБ

ОүБ



ОүБ

АҚТ

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер



дарынды және талантты балаларды оқыту.



АҚТ

дарынды және талантты балаларды оқыту.



ОБ

Суммативті бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал