- Учителю
- Ашық сабақ Әдеп 2 сынып
Ашық сабақ Әдеп 2 сынып
Астана қаласы № 32 мектеп-гимназиясының Бастауыш сынып мұғалімі Тайлакпаева Айсулу Мұратқызы |
|
Тақырыбы:Т.Қажыбаев "ӘДЕП"
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып,
мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын,
қызығушылығын арттыру, белсенді ынталы оқуды үйрету.
ә) Дамытушылық: Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз
қөзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру. Байланыстырып сөйлеу,
сын тұрғысынан ойлауын, топпен жұмыс істеу,шығармашылық, танымдық
қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: Адам бойындағы жақсы қасиеттерге жақын болып, жаман
қасиеттерден аулақ болуға, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу,
баяндау, ой қозғау, ой толғау,эссе жазу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабаққа назарларын аударту, кезекші мәліметі
Психологиялық дайындық
- Балалар, бүгін аптаның қай күні?
-Бүгін - жұма.
-Жұма қазақ халқы үшін қандай күн?
-Жұма қазақ халқы үшін қасиетті күн деп есептеледі.
Ендеше, мен сендерге жалпы бүгінгі күндерің сәттілікпен өтсін, сабағымыз да сәттілікпен басталып , тек қана сәттілікпен аяқталсын демекпін
Оқушылар да бір-біріне тілектер айтады. (қолдарын ұстап бір-біріне тілектерін айтады)
б) топқа бөлу
1.Ізетті балалар 2.Кішіпейіл балалар 3.Қайырымды балалар
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Біз балалар сендермен қандай тарауды аяқтадық. «Қадірлі әкелерім,
мейірімді аналарым» деген тарау.Осы тарау бойынша тақтада сұрақтар
берілген, сол сұрақтарға жауап берейік.
1). «Қайырымды бала» мәтінінде неше кейіпкер бар?. Атап айт.
2). Құмды далада қандай оқиға болды.?
3) Ағаш тостақ, шыны тостақ, пластмасса тостақтың қайсысын бала өз қолымен жасамақ болды?
4). «Сорпаның біресе дәмдә, біресе дәмсіз болуының себебін түсіндір.»
5). «Күлмеңіздер кәріге» мәтінінде не туралы айтылған?
Қорыта келе тараудың өзі айтып тұрғандай баланы мейірімділік пен үлкендерді сыйлауға шақырып тұр. Осы тарауға байланысты қандай мақал айтуға болады. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
ІІІ.Қызығушылықты ояту «Жалғастыр» ойыны:
Не істеуге болмайды?
- Үлкендердің алдынан (кесіп өтуге болмайды)
- Сабақтан (кешуге болмайды)
- Сыныпта ( айқалауға, ысқыруға болмайды)
- Кішкене баланы ( ренжітуге болмайды)
- Құстарды ( атуға болмайды)
- Құстардың ұясын (бұзуға болмайды) .
Дұрыс айтасыңдар.
ІV. "Ой қозғау"
1 тапсырма: «Шығармашылыққа баулу»
Үш топ сурет бойынша қысқаша әңгіме құрайды.
-Суреттен нені көрдің?
-Суреттен не байқадың?
-Осы суреттер туралы не айтар едің?
- Бұлар қандай қасиеттерге жатады?
Осы қасиеттерге байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
1.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
2.Әдептілік -адам көркі.
3.Әдепті бала-арлы бала, Әдепсіз бала сорлы бала.
ІІ тапсырма
Математикалық есептерді ауызша шығару арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығару
20+14 36+12 56+13 21+21
-Балалар, қандай сөз шықты? Әдеп
ІІІ. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ
Ендеше, балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз Төлеген Қажыбаевтың
«ӘДЕП» мәтіні.
Автор туралы түсінік
Қажыбаев
Төлеген
Сыздықұлы
(12.12.1942)
Төлеген Қажыбаев қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша
ауданында дүниеге келген. Ақын. Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет
қызметкері . Қажыбаев «Жол басы» , «Жанымның жапырақтары» ,
«Жырлайды жүрек», «Қарасай - дастан», «Жыр-ғұмыр» өлеңдер мен
поэмалар жинақтарының, «Айналайын атыңнан», «Жеті жыл» және т.б.
әңгімелер мен повестер жинақтарының, «Ерлік еңбек» кітаптарының
авторы.
Қажыбаевтың «Сейіт - Бөкен», «Жапақ батыр» дастандары жарыққа
шыққан. Бірнеше өлеңдері орыс және украин тілдеріне аударылған.
Қажыбаев - Көкшетау қаласының Құрметті азаматы.
Мағынаны тану Мәтінмен жұмыс
а) мәтінді оқыту
ә) «Түртіп алу» стратегиясы бойынша сөздік жұмысын жүргізу
б) Топтық жұмыс
І топ Мәтіннен байқағаным...
ІІ топ Суреттен байқағаным...
ІІІ топ Әңгімедегі оқиғаға ұқсас жағдай өмірде кездесуі мүмкін бе?
Сергіту сәті
ІҮ. Ой толғаныс
ДЕБАТ (пікірталас ) ұйымдастыру
І топ. Арманды қорғаушылар ІІ топ. Арманды даттаушылар
ІІІ топ. Негізгі орталарда өзін - өзі қалай ұстау қажеттілігі туралы
- Балалар, тақырыпты басқаша атауға бола ма?
Тәртіпсіз бала,әдепсіз бала,т.с.с
Ү. Қорытынды бөлім
«Әдептілік» Адамның бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді салыстыру.
Әдептілік туралы
Әдепті Әдепсіз
Өтірік айту Кішіге ізет
Жалқаулық Үлкенге көмек
Әдепсіздік Қамқорлық
Үлкенді сыйламау инабаттылық
Әдепті болу үшін адамға не қажетті деп ойлайсыңдар?
"Жылы лебіз" атты "Әдеп" ережесін құрастырайық.
Ізеттілік кішіге қамқорлық
Үлкенді сыйлау ақылдылық ұқыптылық
Сабақты жақсы оқу Инабаттылық
Кешірімді болу мейірімді үлкендердің тілін алу
- Әдептілік туралы көптеген жақсы сөздер білдік.
ҮІ. Бағалау,
Үйге тапсырма:мәтінді оқу,мазмұндау.Әдептіліктуралы эссе жазу
Рефлексия:
-
Не білдің? Тағы не білгің келеді?
-
Бүгінгі сабақтан сен қандай әсер алдың?
-
Сабақ саған ұнады ма? Несімен ұнады?