- Учителю
- Урок на тему: Сөйлемдегі сөздердің байланысы.Мамыр.
Урок на тему: Сөйлемдегі сөздердің байланысы.Мамыр.
Сабақтың тақырыбы:Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мамыр
Сабақтың мақсаты:
а) Сөйлемдегі сөздердің байланысытуралы білімдерін меңгеру. ә)Тапсырмалар орындау барысында жаңа білімдерін одан әрі дамыту
б) Сауатты,көркем жазу дағдысын қалыптастыру, әдемі сөйлей білуге баулу,ой-өрісін кеңейту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
Өткен сабақты қайталап, жаңа сабақпен байланыстыру.
Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?
IV. Мақсат қою кезеңі:Сөйлемде қандай тыныс белгілері қойылған
Алақай, анам келе жатыр! Сөйлемде неше сөз бар?
V. Жаңа сабақ :
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күндегідей емес, ерекше.Кәне осы сабағымыздың мақсатын білейік.(плакаттағы ту суретін көрсетіп, жазуы оқылады).
«Бірлік бар жерде бақыт бар»
«Ынтымақ-достық кепілі»
Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір
сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған-
туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері
тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері
бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен
мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып,бірлесе
еңбек етіп келеді.Сондықтан 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі
күні болып аталады.
-Оқулықтағы 160-жаттығуға көңіл аударылады
Сергіту сәті
Тақтамен жұмыс160-жаттығудытақтада орындату
.Көк ту желбіреді.Көк ту-ту не істеді?
Қандай ту?-көк ту
2Ізденушілік тапсырма161-жаттығу-ауызша
3.сурет бойынша қысқаша әңгіме жүргізу.- суретте қандай мереке бейнеленген?
1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Мамыр Н.Оразалин өлеңін мәнерлеп оқу.
VII.Бекіту кезеңі
:Карточкаларды2-3 оқушыға таратып беріледі.
Сөйлемдегі сөздердің байланысынтабу.
Жаңбыр жауды.Күн күркіреді.Балалар жылы киінді.
VIII. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттап келу
бағалау