7


Ана тілі 1 сынып : Көктем

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Белағаш мектеп- бақшасы

Жақсы ауданы

Ақмола облысы

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Асылбекова А.С.

Ашық сабақ

1 «А»

Сабақтың тақырыбы: Көктем

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін кеңейте отырып, пысықтау. Көктем мезгілі туралы түсінік беру. Сөйлем түрлерін ажырата білу, оқушылардың ой - өрісін жетілдіретін ойлау мен байқағыштық қабілетін арттыруға жаттығулар жұмысын жүргізу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, суреттер,кластерлер,гүлдер, плакаттар.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өзбетімен жұмыс.

Сабақтың пәнаралық байланысы: ана тілі, дүниетану,

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру. Кезекшімен әңгіме

2.Психологиялық жағдаят.

Мейірімді жүрекпен

Ақпейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық

Мұғалім:

Бір, екі, үш

Сынып іші тып - тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз

3.Фонетикалық жаттығу.

Ұшып кетті үш құс,

Ұшып келді ұшқыш

4.Үй тапсырмасын тексеру

Кемпірқосақ мәтінің оқу, сұрақ- жауап арқылы тексеру.

5.Жаңа сабақ. Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Өйткені бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Ал сабағымыздың тақырыбымен танысу үшін сендерге сөзжұмбақ шешу керек.(Кілт сөз-Көктем).

Сұрақтар:

1.Жылдың қай мезгілінде жапырақтар сарғаяды?

2.Ұя салмайтын қай құс?

3.Аспанның түсі қандай?

4.Жылдың неше мезгілі бар?

5.Қарға деген сөзде неше буын бар?

6.Аптаның 5-ші күні

Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады? Бәйшешек. (Оқушыларға әр тапсырма сайын бәйшешек гүлі беріледі.Сабақтың аяғында тақтада көктем мезгілі бейнеленген плакаттың қалташығына оқушылар өз бәйшешектерің салады.)

6.Оқулықпен жұмыс.

Төлеген Айбергеновтың Көктем атты өлеңімен таныстыру.

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.

2.Іштерінен оқу

3.Дауыстап,тізбектеп оқу

4.Сұрақ- жауап

7.Сергіту сәті.

8.Дәптермен жұмыс.

Бала, бала, балақан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарын әйбат,

Былай, былай ойнат.

1.Жұмбақтың шешуін табу

2.Көркем жазу

3.Сөздер жазу

9.Тақтамен жұмыс

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазу.

  1. ... келді. 2. ... жылына бастады. 3. ... еріді. 4.Жылғалардан ... ақты.

Керекті сөздер: су, қар, көктем, күн.

10. «Кім жылдам?»

Дауысты дыбыстар ауылы.

Берілген сөздерді дұрыс ауылдарға топтау.

Жуан дауысты дыбыстар ауылы. Жіңішке дауысты дыбыстар ауылы.

Қар, мектеп, көктем, бәйбішек, көкек, жаз т.б. сөздер.

11.Қима қағаздармен жұмыс.

Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құру.

1.Көктемде күн жылынады.

2.Құстар ұшып келеді.

3.Жерге көк шықты.

12. Кластер құру.

13.Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

14.Қорытынды.

Сұрақ - жауап арқылы сабақты бекіту.Бағалау.Келген қонақтарға бәйшешек гүлдері сыйланады.

15.Ән шашу.

Көктем мезгілі туралы ән орындау.



















</



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал