- Учителю
- Конспект урока на тему 'Қамқорлық'
Конспект урока на тему 'Қамқорлық'
Сабақтың тақырыбы: Қамқорлық. Б. Соқпақбаев.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Мәтінді сапалы түсініп оқу, нақышына келтіріп, мәнерлеп оқу. Және дұрыс оқу машығын жетілдіру.
-
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру, ой - қиял ұшқырлығын күшейту, шығармашылық қиялын, дүниетанымын дамыту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүюге, тіршілік иелеріне қамқорлық жасап, мейірімділік таныту.жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Ж. Қараев технологиясы.
Техникалық құрал: Видеопроектор.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу,қазақ тілі
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Мәнерлеп оқу
ә)«Көжек» әңгімесінің мазмұнын айту
1 - слайд
ә) «Жедел ойлау» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап алу
-
Мәтін шығарманың қай түріне жатады? (Ертегі)
-
Ертегідегі кейіпкерлерді ата. (Шаруа, көжек)
-
Шаруа көжекті қайдан тауып алды? (Мұздан)
-
Ертегідегі негізгі ой нені меңзейді? (Туған жер)
ІІІ. Ой қозғау:
-Балалар, біз өтіп жатқан тарауымыз қалай аталады?
-«Табиғат - менің өз үйім» деп аталады
-Адам және барлық тіршілік атаулы, жан - жануарлар, құстар, жәндіктер, өсімдіктер бәрі табиғат перзенті.
Көктем айында барлық тіршілік атаулы өзінің қарбалас кезін бастайды. Мысалы құстар туған жерге оралып, ұя салып , балапан өргізеді.Ал жануарлар ұрпақ көбейтіп, төлдейді. Сондықтан барлығымыз осы табиғатперзенттеріне қамқорлық жасауға міндеттіміз.
-Қамқорлық дегенді қалай түсінеміз:
Осыған орай бүгін өзімізге таныс атақты жазушы Б. Соқпақбаевтың «Қамқорлық» мәтінін өтеміз.Бұл мәтінде қандай қамқорлық жөнінде сөз болған екен ,келіңдер, танысайық.
3 - слайд
«Сөз ойла, тез ойла»
қ м о л қ ы а қ р
Адам бойындағы жақсы қасиеттерді айту
-Қандай сөз шықты?
-Қамқорлық
Осыған орай бүгін өзімізге таныс атақты жазушы Б. Соқпақбаевтың «Қамқорлық» мәтінін өтеміз.Бұл мәтінде қандай қамқорлық жөнінде сөз болған екен ,келіңдер, танысайық.
4 - слайд
ІV.Жаңа тақырып: Қамқорлық. Б. Соқпақбаев туралы мағлұмат беру.
Мәтінді оқу.
5 - слайд
Сөздік жұмыс.
Жан далбаса - асыға, тездете.
Ентелеп - Бірдеңеге үлгере алмай қалатындай, ентігіп, демалысы жиілеп.
Дуал - үйді, бақты айнала қоршалған қоршау.
Әккі - төселген, қуланған, әбден бойы үйреніп алған.
Безбүйрек - аяусыз.
Топшы - құс қанатының кеудеге жалғасқан жері.
Бейқам - ешнәрсе ойламай отыруы.
V. Жаңа сабақты пысықтау
1.Мәтінді мазмұндау.
Джиксо әдісі бойынша
7 - слайд
2.«Торғай» «Қамқорлық» мәтіндерін салыстыру.
8 - слайд
VІ. Сергіту сәті.
Ал, балалар тұрайық
Алақанды соғайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.
9 - слайд
VІІ,Деңгейлік тапсырмалар:
-
Міндетті деңгей:
а) іштей , түсініп оқу;
ә) тізбектей оқу.
-
Алгоритмдік деңгей:
-
Кейіпкерлерге мінездеме беру.
-
Эвристикалық деңгей:
-
Сен қалай ойлайсың?
-
Сен Қожаның орнында болсаң не істер едің?
-
Мәтін туралы өз ойын ортаға салу
-
Шығармашылық деңгей:
-
Бұл деңгейде балалар мақал - мәтелдерді, халық даналығын қолдана отырып «Жақсылық пен Жамандық» тақырыбына эссе жазу.
10 - слайд
VІІІ.Қорытындылау
-
Балалар, бүгін біз не туралы мағлұмат алдық?
-
Қамқорлық, мейірімділік.
-
Сендерге әңгімедегі қай кейіпкер ұнады, қай кейіпкер ұнамады?
ІХ. Кері байланыс:
-
Мәтін авторының кім?
-
Мәтіндегі Жантас қандай бала?
-
Мәтіндегі Қожа қандай бала?
-
Қожаға толығырақ мінездеме бер.
-
Жантасқа толығырақ мінездеме бер.
-
Жантастың алғашқы оғы неге тиді?
-
Торғайдың халін баяндап бер.
-
Мәтіндегінегізгі ой не?
-
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
-
Несімен ұнады?
Х.Бағалау.
ХІ.Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеп беру.Құстар - біздің досымыз» тақырыбына эссэ жазу.