- Учителю
- Т дыбысы мен әрпі 1 сынып
Т дыбысы мен әрпі 1 сынып
Пәні: сауат ашу
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Т дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Т дыбысы мен әрпін таныстыру. Т дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.Балалардың тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды тапқырлыққа, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, дөңгелекшелер, әріптер жинағы.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу..
ІІ Өткен сабақты пысықтау:
1. Өткен әріптері әндетіп айту.
2. Ә дыбысы бар сөздер айту.
ІІІ Жаңа сабақ
Ой қозғау. (Тақтаға Дымбілместің суреті ілінеді)
-Мынау кім?
-Ол қандай бала?
-Оған көмектесе аламыз ба?
-Оның дорбасында не бар екен?
(бірнеше тапсырмалар жазылған парақшалар)
1-тапсырма: Жұмбақ шешу.
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
-Ол не?
-Түйе
-Түйе дегенде қандай дыбыс бірініші естіледі?
-Т дыбысы
Т дыбысымен таныстыру, әндетіп айттыру, ауада, тақтада жазу. Т әрпінен келетін сөздер айттыру.
IV. Оқулықпен жұмыс.
Буындарды хормен оқыту. Тау, бұлт сөздеріне түсінік беру, суреттерін көрсету. Буын санын анықтау.
Функциянальдық сауаттылық. Оқушылар есте қалған суреттерін атын атату
V. Суретпен жұмыс.
-Суреттегі кімдер?
-Атасы мен немересі.
- Немересіне Т әрпінен келетін ат қояйық.
-Толғанай.
- Екеуі не істеп отыр?
-Дастархан басында отыр.
-Дастарханға қойылған тағамдарды атайық.
-Торт, құрт, қант.
-Немересі қандай қыз деп ойлайсыңдар?
-Тәртіпті, тәрбиелі,әдепті.
VI. Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкене ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
VII. Дәптермен жұмыс. Үлгі дәптеріндегі Т дыбысын жазу
VІІІ. Біліміді бекіту:
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-Т дыбысы қандай дыбыс?
-Т дыбысын қандай тсті үйшікке орналастырамыз?
ІХ. Үйге тапсырма: Кітаптағы сөздерді оқып келу.
Х. Қорытындылау: - Балалар, қандай дыбыспен таныстық? - Т қандай дыбыс? Оны қандай дыбыспен белгілейміз?
Мадақтау