7


  • Учителю
  • Конспекты ' Адам және табиғат' қоршаған орта

Конспекты ' Адам және табиғат' қоршаған орта

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қоршаған орта 07.09.2015



Сабақтың тақырыбы: Адам және табиғат
Сабақтың мақсаты: экология және адам өміріндегі оның рөлі туралы ұғым қалыптастыру, оқушыларды эколог мамандығымен таныстыру, адамның табиғаттың бір бөлігі екендігін ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: «Экология», «эколог» сөздері жазылған кестелер, балалардың топсеруен барысында салған суреттері, «жануарлар» суреттері, қарындаштар және жұмыс дәптерлері.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
«Табиғат» сөзіне топтастыру жасау.

денсаулық емделу ауа тамақ

демалыс жануарлар
су баспана

өсімдіктер киім жәндіктер

Оқушылар «өлі және тірі табиғат арасында байланыс бар» деген қорытынды шығарады.
Жаңа тақырыппен жұмыс.
Оқулықтағы мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс істеу.
Тақтаға сурет ілінеді.
-Суретте нелер бейнеленген?
-Не байқадыңдар?
Оқушы жауаптары:
-Көл. Көлдің айналасы шашылған қоқыс, өлген құс, балықтар.
-Зауыт бейнеленген. Зауыттың мұржаларынан қара түтін будақтап шығып жатыр.
-Сынған ағаштар. Бүлінген табиғат.
Мұғалім:
-Ал осыны қалпына келтіру үшін не істеу керек?
-Табиғатта бүлінгендерді қалпына келтіру керек. Ағаш отырғызып, гүлдер отырғызу керек.
-Жануарларға қамқорлық жасау керек.
-Қоқыстарды өзен- көлге төкпей, арнайы қоқыс төгетін жерлерге төгу керек.
Тақтаға «экология», «эколог» деген сөздер жазылған кесте ілінеді.
Оқушылар экология және эколог туралы білетіндерін ортаға салады, мұғалім оларды
толықтырады.
-Экология- тірі табиғаттың ортасы мен байланысын зерттейтін ғылымның бір саласы. Эколог- табиғатты бүлінуден сақтайтын, қорғайтын адам (мамандық иесі ).
Адам табиғаттың бір бөлігі. Сызбамен жұмыс.

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Экологиялық ережелермен жұмыс. Оқушылар экологиялық ережелерді толықтырады. Мазмұнымен жұмыс жүргізу. Мәтіннен негізгі ойды табады. Осыдан кейін оқушылар топсеруенде салған суреттерін тақтаға іледі, сурет бойынша қорытынды шығарады.
Бақылау күнделігімен жұмыс.
Сабақты қорытындылау.
-Қалай ойлайсыңдар, біз эколог бола аламыз ба?
-Өзен- көл мен теңіз, мухиттарда балықтар қырылып, құс, жәндік, жануар, өсімдіктер жойылып кетпеуі үшін не істеу керектігін естеріңе түсіріңдер. Бұған кім кінәлі?
-Жер планетасы үшін сен қандай жақсылық істер едің?
сабақ соңында оқушылар табиғат, табиғат құбылыстары туралы білетін өлеңдерін оқиды. Мәселен:
Жау, жау, жаңбыр, жау жаңбыр!
Жау егіннің көгі өссін!
Сұлудай бұраң құрақты,
Айдын шалқар көлі өссін!
Ой мен қырдың шалғыны
Жатқан малды жасырсын!
Табиғаттың көркіне
Таңғалып, жан бас ұрсын!
Б. Майлин

-Сен табиғатқа борыштысың ба?
-«Адам-табиғаттың бір бөлігі» деген шындыққа сәйкес келе ме? Осыған келісесің бе?
Рефлексия (ойды жалғастыр)
-Қызық көрінді...
-Толқыдым...
-Ойлануға тура келеді....
Үйге тапсырма беру: «Адам және табиғат» мәтінін түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал