7

  • Учителю
  • Статьи о ветеранах ВОВ нашего села

Статьи о ветеранах ВОВ нашего села

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Темірбек ата - 91 жаста.

Соғыс - қашан да алапат ауыр қасірет.Өткен ғасырдың 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысы қантөгісі мен қатыгездік жағынан адамзат тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ең ірі қарулы қақтығыс еді.

Сол апат айқасқа Көктөбе ауылынан Әбдуәлиев Сәрсенбек, Бекбосынов Аршабек, Бекботаев Батталғазы, Жаманқұлов Жақан, Уәлиев Бекен, Қалықов Темірбек т.б. аталарымыз өмір мен өлім бәсекеге түскен сын сағаттарында ерлік пен ержүректіліктің ерен үлгісін көрсетті.

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай оқ пен оттың ортасынан елге аман-есен оралып, одан кейінгі небір бейнетті күндерді бастарынан кешірген, бүгінде сол бейнеттің зейнетін көріп ортамызда жүрген ардақты ардагер Қалықов Темірбек -1924 жылы 15 қаңтарда Шу ауданы Көктөбе ауылында дүниеге келген.Қазақ. Мектепте 10 сынып оқып жүрген кезінде, 1942 жылы 9 қыркүйекте Армия қатарына шақырылды. Саратов облысында 2-эшелонда қызметте болған.

1942 жылы 20 желтоқсан күні Сталинград шайқасына аттанды. 3 күннен кейін жараланып, Пенза қаласында госпитальда жатты. ПТР-танкісіне қарсы ататын бөлімшеде болды. 1943 жылы Воронеж қаласына 141-армия қатарында соғысқа аттанды. Курск, Орел, Житомир, Харьков, Киев, Львов қалаларын, Югославияда Белград, Германияда Дрезден қалаларын азат етті.

«Қызыл жұлдыз», 2-дәрежелі «Отан соғысы» ордденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Киевті қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. Жеңістен кейін 1948 жылдың 20 желтоқсанына дейін Берлин қаласында комендатурада қызмет істеді. 1949 жылы 20 сәуірде туған елге оралды.

Соғыстан кейін 1953 жылы Алматы қаласындағы темір жол техникумының автоматика және телемеханика факультетін бітіріп Аңырақай бекетінде механик болып 7,5 жыл жұмыс істеді. 1960 жылы Бірлік ІІ бекетіне бекет бастығы болып қызметке ауысты. Сол жерден зейнеткерлікке шықты. 5 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірген..20 немересі, 13 шөбересі бар екенін айтып, 3 «А» бастауыш сынып оқушыларын Темірбек ата ерен ерлігімен таң қалдырды. Оқушылар да Темірбек атаны 91 жас туған күнімен, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтап «Болмасын соғыс, болмасын» әнін тарту етті.

Темірбек ата 3 «А» сынып оқушыларымен бірге

Ізгілікті іс

Ізгілік біздің әрқайсысымыздың бойымызда болуға тиіс адамдық санамыз. Ізгіліктің түп-тамыры адамның адамдығында жатыр. Ізгілік кім де кімнің жандүниесінің өте сабырлы, байсалды болуы, әр нәрсеге байыппен қарау жақсы қылығы болады. Адамның тұла бойындағы кісілігі, тазалығы әуел бастағы отбасы тәрбие- тәлімінің білуге, айналаны бағалап танудан байқалады. Осындай кісілікті кісіні ізгілікті жан, адам дейді.

Ізгілік адам бойынан көрінеді, айналасына тарайды, кісілік болып танылады. Осыдан барып адамның ақыл, пайым, парасатты қылығының игілікке бағытталып тараған қоғамдық ісі - ізгілік болады.

Олай болса Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамынан «Бастауыш сыныпты оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың амалдары» тақырыбын оқытқан Махадиева Бақыткүл Өмірбековна «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, тренер. Инклюзивті білім, тәрбие тұжырымдамасы,12 жылдық білім беру, 2011-2020 жылдарға бағдарлама, жолдау, функционалды сауаттылық, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суйцид, қол жұмсау, интерактивті әдістер, қалай оқу керектігін үйрету, Блум таксономиясы, сын тұрғысынан ойлау, дарынды балалар мен үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс туралы нақты түсінік берді.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан «Авторлық бағдарлама құрылымы мен әдістемесін жасау жолдары» курсын оқытқан Жаңагүл Жайсанбекқызы Ізбасарова авторлық бағдарлама жасау құрылымы мен әдістемесі туралы: түсінік хат, бағдарламаның басты мақсаты, бағдарламаны оқытудың міндеттері,оқушылардың танымдық іс әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі формалары, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар, оқу бағдарламасын меңгеру деңгейінің талаптары, оқу пәнінің пән аралақ байланысы, күтілетін нәтиже, оқушылардың білімдері мен біліктерін бағалауға арналған нұсқаулар, деңгейлік тапсырмалар туралы айтып түсіндіріп жобасын да көрсетті. Мен өзім Жаңагүл Жайсанбекқызының жетекшілігімен «Ұлттық дүниетаным» тақырыбында авторлық бағдарлама жазып жатырмын.

Осы аталған Бақыткүл апай мен Жаңагүл апайдың ізгілікті істеріне шығармашылық табыс тілеймін.

X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал