- Учителю
- Ондықтарды қосу және азайту 1- сынып
Ондықтарды қосу және азайту 1- сынып
Күні: 24.04.
Пәні: Математика 1 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ондықтарды қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ақыл-ойын байқағыштық қабілеттерін өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденушілігін дамыта отырып, оқушыларға ондықтарды қосу мен азайтуды түсіндіру.
Күтілетін нәтижесі:ондықтармен санауды пысықтайды, ондықтарды қосу және азайтуға үйренеді, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді, ондықтармен санау ретіне жаттығады
Тапсырма негіздері: оқулықтағы практикалық жұмыс, топпен тапсырманы талқылау, ойларын ортаға салу, топқа бейімделу, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: смайликтер, бағалау парақшалары, кері байланыс парақшасы, слайд
Сабақта орындалатын тәсілдер: топқа бөліну, топпен жұмыс, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс, сергіту сәті, топтық бағалау , өзін-зі бағалау, өткенге шолу жасау, көңіл күйлерін көтеру сәті, сұрақ -жауап түсіндіру, қорытынды шығару.
Жұмыстың белсенді формалары: СТО, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту, оқытудың жаңа әдіс тәсілдері, презентация таныстырылымы, АКТ пайдалану
Сабақтың барысы:
-
Шаттық шеңберіне тұрғызу
-Балалар жылдың қай мезгілі ?
-Көктемде қандай өзгерістер бар?
-Бүгін ауа-райы қандай?
-Ауа-райы бұлтты, жаңбырлы болғанымен біздің көңіл күйімізге еш әсер етпейді. Себебі: біз бәрінде жеңе білеміз.
Ендеше бір-бірімізді жылы сөзбен жылыта білейік.
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын!
Күнделікке бүгін
Кілең бестік толсын
Жас ерекшеліктеріне байланысты топқа бөліну
-
Дәптермен жұмыс
Күнді жазу
Көркем жазу
11 22 33 44 55 66 77 88 99
-
Математикалық диктант
-Ондықтармен жазу Смайликтер тарату
-Ұсақтау 20 50 100
4.Ойын « Алақан соғу»
Жаңа сабақ
№1
Ауызша «Жоғалған санды тап» ойыны
№2
1-топ 2-топ 3-топ
4+2 6-4 40+20
6-2 60-40 60-20
6дм-2дм 4дм+2дм 6дм-4дм
60см-20см 40см+20см 60см-40см
Сергіту сәті
№3 Түсіндіру
30+20=50
20+30=50
50-20=30
50-30=20
Қалған есепті топтарға бөліп беру
№4
5 және 4 сандарын пайдаланып, есептер құрастыру
Өзіміз күнделікті ойнап жүрген асыққа байланысты есептер құрастырып көрейік
-Өзіңді -өзің тексер!
Арифметикалық диктант жазу:
- Ең кіші бір таңбалы санды жаз.
- Ең үлкен бір таңбалы санды жаз.
- Ең кіші екі таңбалы санды жаз.
- Ең үлкен екі таңбалы санды жаз.
- 20-дан кейінгі ондықты жаз.
- 50-ден кейінгі ондықты жаз.
- 70-тің алдындағы ондықты жаз.
40-тың алдындағы ондықты жаз
Қорытынды:
-Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?
-Қандай тапсырмалар қиын болды?
-Өзіңді өзің қалай бағалайсың?
Кері байланыс
Бағалау