- Учителю
- Қысқа мерзімді сабақ жоспары 09. 02. 2015. 3 сынып Қазақ тілі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары 09. 02. 2015. 3 сынып Қазақ тілі
қысқа мерзімді сабақ жоспары 09.02.2015.
3 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:
Зат есім.
Сілтеме
Блум таксономиясы.
Сабақтың жалпы мақсаты:
Зат есім туралы түсінік қалыптастыру, сөйлем ішінде зат есімді таба білу, сөздерге сұрақ қоя білу керек.
Негізгі мақсаттары:
сын тұрғысынан ойлауды дамыту;есте сақтау және ойлау қабілеттерін жетілдіру; сауатты оқу мен жазуға баулу,
өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Сөйлемді сөз таптарына талдай алады, зат есімді таба алады, сөйлемдегі сөздерге сұрақ қоя алады.
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Қажетті құрал-жабдықтар
Ұйымдастыру кезеңі
психологиялық дайындық. Оқушылар жапондарша бас иеді, қазақтарша қол алысады, түріктерше төс қағыстырады.
Оқушылар бір-бірімен амандасады.
Білу
«Миға шабуыл»
Сөз таптары жайында не білеміз?
Зат есім деген не ? зат есім нешеге бөлінеді?
Зат есімдерді ата.
Зат есім, сан есім, сын есім, етістік.
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есім 2- бөлінеді: жалпы, жалқы. Негізгі,туынды.
Доп, кітап, қар, гүл т.б.
оқулық
Түсіну
Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Сурет бойынша торкөз санына сәйкес келетін сөздерді табу.
2-жаттығу. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінге ат қою. Мәтін не туралы?
Зат есімдерді теріп жаз.
4-жаттығу. Шығармашылық тапсырма.
Өлеңдң оқып, зат есімдерді теріп жаз.оларды қандай екі топқа бөлуге болады?
Қазы,тарақ,мата, кеме, кесе, бесік,
Қарға.
Мәтін қарға туралы. Қарға су ішкіс келеді.
Іні, әпке, аға, машина, арба, шана,ат,тақта.
Ойыншықтар, адамдар деп екі топқа бөлуге болады.
Оқулық,
Қолдану
Бекіту.
Өздік жұмыс. Зат есімге
3 сөйлем ойлап жаз. Сөйлемдегі зат есімді тауып, сұрақ қой.
Сергіту сәті.
«Орныңды тап» ойыны.
Ұқсас заттарды атап, тез орындарын ауыстырады.
Талдау жинақтау
Сабақты қорыту.
«Өрмекші» ойыны.
Сөз таптарын ата. Зат есімнің сұрақтары. Мысал келтір.
Оқушылар өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар қойып жауап алады.
Бағалау
Бағалау парағы бойынша бір-бірін бағалау, жиынтық баға.
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта алған әсерлеріңді стикерге жазып тақтаға ілу.
Үйге тапсырма
3-жаттығу. 29-бет. Ережелерді қайталау.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады