7


  • Учителю
  • Урок на казахский тему 'Жалаң және жайылма'

Урок на казахский тему 'Жалаң және жайылма'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ШҚО Абай ауданы М.Әуезов орта мектебі
Пән мұғалімі: Акманова Алия
Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру, жаттығулар арқылы меңгерту;
ә) тәрбиелік: топтасып жұмыс жасауға үйрету, оқушылардың адамгершілік қасиетін, көзқарасы мен сенімін қалыптастыру, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
б) дамытушылық: оқушыларды оқыту кезінде танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, тілін, жадысын, қиялын дамыту, өзін-өзі бағалауға үйрету.
Сабақтың міндеттері:
а) жалаң және жайылма сөйлемнің жасалу жолын меңгерту, бір-бірінен ажырата білуге үйрету;
ә) сызбалар, кесте бойынша жұмыс жасауға дағдыландыру;
б) сөйлем құрастыруға, байланыстырып сөйлеуге үйрету;
в) мақал-мәтелдердің мазмұнын түсінуге және мақалдар құрастыруға баулу;
г) өз бетінше және топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
д) өзін-өзі психологиялық тұрғыда бағалауға , жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге үйрету.

Сабақтың түрі: танымдық ойын сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдістер: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекі, техникалық құралдарды қолдану, әңгімелеу, салыстыру, құрастыру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы көрсетілетін слайдтар, суреттер
Сабақтың формасы: топтық, ұжымдық, жеке
Сабаққа пайдаланылған оқыту технологиялары: дамыта оқыту, ойын арқылы оқыту, тірек-сызба технологиялары
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, ана тілі пәндерімен
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңберінде» оқушылар бір-біріне жақсы лебіздер, тілектер айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
195-жаттығу. Сызбалар бойынша құрастырған сөйлемдерін оқыту. Жақсы сөйлемдерге марапат айту.
ІІІ. Кіріспе бөлім
Оқушыларды 4 топқа бөлу.Әр топқа ат қою. Бүгінгі сабақтың ерекшелігіне мән беру.
ІV. Негізгі бөлім
1- кезең. «Кім тапқыр?»
196-жаттығу. Салыстыр.
Қар жауды. Қар қалың жауды.
Ұшақ көтерілді. Ұшақ биікке көтерілді.
Мұғалім кірді. Мұғалім сыныпқа кірді.
Күн жылынды. Күн көктемде жылынады.

Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып, ереже құрастыру. Құрастырған ережені кітаптағы ережемен салыстыру.
Ереже.
Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атаймыз. Мысалы:Қыс басталды.
Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Мысалы: Қыста қар қалың жауды.
2-кезең. «Құстар әлемінде»
Кесте бойынша құстардың аттарын қатыстырып жалаң және жайылма сөйлемдер құрастыру
1-топқа.

Торғай
байғыз
бүркіт
2-топқа.

Қарға
қызғыш
Сұңқар
3-топқа.

Сауысқан
бұлбұл
аққу
4-топқа.

Кекілік
тауыс
қарлығаш


3-кезең. «Мәтінмен жұмыс»



197-жаттығу.Мәтінді оқу. Жалаң және жайылма сөйлемдерді тап.

1-топ. Дүкен ашылды.

2-топ. Біз дүкенге кірдік.

3-топ. Керек-жарақтың бәрі бар.

4-топ. Мен оқу құралдарын алдым.

4-кезең. Тренинг «Мен - күнмін». Сергіту сәті.

Оқушылар күннің суретін салып, әр бала өз атын жазады. Күннің әр сәулесіне бала өзінің тек жақсы қасиетін, жетістіктерін жазса, келесі күннің сәулесіне өзінің кемшілігін теріп жазады. Күннің жақсы сәулесі көп болса,соғұрлым баланың шапағаты көп болғаны. Кемшілігі арқылы бала өзінің дұрыс емес жағын жөндейді.



5-кезең. «Бір мақалдан - 4 мақал»

1-топқа «дос»,

2-топқа «дұшпан»,

3-топқа «ақыл»,

4-топқа «ашу» деген сөздер таратылып беріледі. Оқушылар осы сөздерді қатыстырып, мақал құрастырады, жалаң немесе жайылма сөйлем екенін айтады. Содан соң осы 4 сөзді біріктіріп 1мақал құрастыруы тиіс Жауабы: «Ашу - дұшпан, ақыл-дос…».

6-кезең. «Ойланайық, табайық»

198-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жазу.

1-топ. Демалысқа шықтық.

2-топ. Жарас қуанды.

3-топ. Сатушы келді.

4-топ. Сәуле жазды.

Керекті сөздер: қатты, балалар, тез, дүкенге.

7-кезең. «Кім кідірмей табады?»

Берілген сызба қай сөйлемге сәйкес келеді?

1-топ.

А) жалаң сөйлем

Ә) жай сөйлем

Б) жайылма сөйлем

2-топ.

А) құрмалас сөйлем

Ә) жалаң сөйлем

Б) Жайылма сөйлем

3-топ.

.

А) Оқушылар қызықты сапарға аттанды.

Ә) Осымен үшінші рет келді.

Б) Қонақтар үйге келді.

4-топ. .





А) Жаңбыр жауып тұр.

Ә) Аппақ қар жауды.

Б) Күн жылынды.

8-кезең. «Мақал - сөздің мәйегі»

199-жаттығу. Мақалдардың мағынасын түсіндіріп, сөйлем түріне ажырату.

1-топ. Ел құлағы - елу.

2-топ. Ұстаздан шәкірт озар.

3-топ. Күш - білімде.

4-топ. Талапты ерге нұр жауар.

9-кезең. «Ең керемет жарнама»

Төрт топқа төрт заттың суреті беріледі (тоңазытқыш, компьютер, шаңсорғыш, қобыз). Әр топ осы заттарды жарнамалайды. Негізгі шарты: ол заттың атын атамауы тиіс. Басқа топтар жарнамаға қарап, ол заттың не екенін табады. Жарнама ішінен жайылма сөйлемдерді табады.
V. Сабақты қорытындылау

Сабақтың кезеңдері бойынша әр топтың бағасын шығару.Оқушыларды бағалау.

1-кезең 2-кезең 3-кезең 4-кезең 5-кезең 6-кезең 7-кезең 8-кезең 9-кезең
1-топ
2-топ
3-топ
4-топ
VІ. Үйге тапсырма

200-жаттығу. Жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жазуға тапсыру.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал