7


  • Учителю
  • Тәуелсіздіктің негізі-бейбітшілік пен бірлік

Тәуелсіздіктің негізі-бейбітшілік пен бірлік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Тәуелсіздіктің негізі-бейбітшілік пен бірлік

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгере отырып, грамматикамен байланыстырып, сөйлеу біліктілігін арттыру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың жазу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Азаматтық патриотизмге баулу, өз республикамыздың тағдырына тікелей араласа білуге, өз халқының тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Интерактивті тақта,суреттер,слайдтар.

Сабақтың түрі: Аралас


Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Кезекшімен әңгімелесу.

II.Сабақтың мақсатын хабарлау.

IІІ.Жаңа сабақ


1.Жаңа сөздермен таныстыру:

Дамыған-развитая

Дербес-самостоятельная

Жарияланады- объявлен

Бекітті-утвердил

Таңғажайып-удивительно

Мақтан етеміз-гордимся

Құқықтық-правовое


Жаңа сөздерден сөз тіркестер құрастыру:

Құқықтық мемлекет, дамыған ел, елімізбен мақтан етеміз, таңғажайып мұражай, рәміздерді бекітті т. б.


2.Мәтінмен жұмыс: Мәнерлеп оқу, аудару, сұрақтар құрастыру.

Қазақстан көп ұлтты, егеменді мемлекет. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан мемлекеті. Қазақстан құқықтық мемлекет. Қазақстанда 30 мемлекеттің елшілігі бар. Қазақстанның негізгі халқы - қазақ халқы. Қазақстанның бас каласы және астанасы - Астана.

Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан.

Қазір Астана өте әдемі қала. Оңтүстік астана Алматы қаласы - таңғажайып, әдемі қала.

Біз Қазақстанда тұратынымызды мақтан етеміз. Біздің жерімізде көптеген өзен, көл мен су қоймалары бар. Бірнеше млн. гектар жерді орман алып жатыр.

Қазақ жері - пайдалы кендерге өте бай. Қазақстан табиғаты өте әдемі, біз өз Отанымызды мақтан етеміз! Дербес, тәуелсіз ел болу қандай бақыт! Бүгінгі Қазақстан білімді, дербес, жоғары мәдениетті, дамыған ел! Гүлдей бер, Қазақстан - менің Отаным!


3.Граматикалық тапсырма:

Салалас құрмалас сөйлемді еске түсүру.

І. Жалғаулықсыз ІІ. жалғаулықты

[ ___ ] , [ ___ ] [ ____ ], себебі [ ____ ]


Жалғаулықтар:

  1. Ыңғайлас -да, де, та, те, және, әрі

  2. Қарсылықты-бірақ, алайда, дегенмен

  3. Себеб-салдар - сондықтар, себебі, өйткені, неге десең

  4. Талғаулы-не, немесе, я, яғни, әлде, бірде

  5. Кезектес-біресе, кейде, бірде


4.Жазбаша тапсырма орындау:


2 тапсырма: (сөйлемдерді аяқтау және түрін анықтау)

- Қазақ еш уақытта өз бетімен біреумен соғыспаған және ...

- Қазақстанымыз аз уақыт ішінде құлпырып өзгерді, бірақ та ...

- Нышандар халқымыздың бірлігін көрсетеді, сондықтан ...

- Халықаралық жарыстарға Қазақстанның өкілдері барады немесе ...

- Біздің жерімізде көптеген өзен, көл мен су қоймалары бар, кейде ...


Керекті сөйлемдер:

- батырлар елдің бірлігін сақтаған.

- тәуелсіздік үшін қаншама күш берілді.

- оларды мақтан ету керек.

- Өзбекістан өкілдері қатясады.

- орман, тоғай кездеседі.


  1. Сызба бойынша сөйлем құрастыру:


1. [ ____ ], өйткені [ ____ ].


2. [ ____ ], бірақ [ _____ ].

3. [ ____ ], және [ _____ ].


6. Мақал - мәтелдерді толықтыру:

Отансыз адам - ...

Отан от басынан ....

Ер - елінде , гүл -

Отан оттан да- ...

Өзің үшін ту, -...


V.Қорытыңдылау. Кластер толтыру:



Қазақстан



VI.Бағалау

VII.Үй тапсырмасы: Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұндау.

«Менің Отаным» туралы шағын эссе жазу.


Қолданған әдебиеттер:

1 «Қазақ мақал-мәтелдері» Алматы 1993 жыл авторы: Өтебай Тұрманжанов

2 Қазақ тілі 9 сынып Алматы «Атамұра» 2009 жыл авторы: Т.М.Артыкова

3 «Еуразия Жүрегінде» Астана 2005 жыл авторы: Нұрсұлтан Назарбаев



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал