- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: 'Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы'
Сабақтың тақырыбы: 'Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы'
Тақырыбы: Бөлшектер мен үлестер.Олардың жазылуы.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды бөлшек ұғымымен,үлестердің жазылуымен таныстыру. 2. Математикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Типі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс..
Көрнекілігі: кестелер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу
Сабаққа назарларын аудару.Шаттық шеңберін құру.
Күн жарығын алақанға саламын.
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
II . Мақсат қою. Сабақтың мақсатын хабарлау.
III. Жаңа сабақты түсіндіру №1 көрнекіліктерді қолдана отырып түсіндіру
-Тіктөртбұрыштар неше тең бөлікке бөлінген? -Қанша бөлігі боялған?
-Тәрелкеге тең төрт бөлікке бөлінген алманың 2бөлігі салынды.Демек,тәрелкеге 4/2 алма салынды. 4/2 - мұндай жазба бөлшек деп аталады.
Бөлшек сызығының астында жазылған сан - бөлшектің бөлімі. Ол неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді.
Бөлшек сызығының үстінде жазылған сан- бөлшектің алымы. Ол неше бөліктің алынғанын көрсетеді.
5 : 2, 8 : 6, 9 : 4, 12 : 1 бөлімін, алымын анықтау.
Ә. Үлгі бойынша бөлшектер жазу.
№2 Есептерді талдау,шығару №3. Бос орындарға теңдіктер тура болатындай сандар қой.
№4.Есептің сызбасын толықтыр. №5 Ауызша жарыстыру Кім тапқыр? Сергіту сәті
ІІІ. Өздік жұмыс І нұсқа.
-
Мысалдарды арында.
75 821 · 90 678 098 · 70 100376 : 8
-
Есепті шығар.
Туристер 5 км/сағ жылдамдықпен 3 сағ және 4 км/сағ жылдамдықпен 2 сағ жүрді. Туристер қандай қашықтықты жүріп өтті?
-
Теңдеулерді шеш.
84 - 4 · а = 60 с · 60 = 50000 + 1900
-
Ені 3 см, ал ұзындығы 2 есе артық тіктөртбұрыш сыз. Оның ауданын тап.
№ 2 өздік жұмыс. ІІ - нұсқа
-
Есептегі қателерді тауып, дұрыс шығар.
735827 124874 5487250 50
* * -
900 4 5 19745
66223830 499296 48
45
37
35
22
20
25
25
0
-
Есепті шығар.
Аралары 700 км қашықтықта орналасқан екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі автобус шықты. Бірі 60 км/сағ, екіншісі 80 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Екі автобус қанша уақыттан кейін кездеседі?
-
Теңдеулерді шеш.
1365 - 4 · х = 1297 1230 · 3 + а = 7680
-
Ауданы 12 см2, ені 2 см тіктөртбұрыш сыз. Периметрін есепте жауабын милиметрмен жаз.
V. Сабақты қорытындылау.№7, №8 орындау. Логикалық есеп сызбаның көмегімен шығарылады. -Бүгін қандай ұғыммен таныстық?
VI. Үйге тапсырма: №6 107 бет.
Бағалау.