- Учителю
- Құстардың туған жерге оралуы
Құстардың туған жерге оралуы
Пәні :Дүниетану
Сабақтың тақырыбы:Құстардың туған жерге оралуы
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға құстардың көктемде туған жерге оралуы туралы түсінік беру. ә) оқу жылдамдықтарын арттыру, сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
б) Қамқорлыққа, жанашырлыққа, үлкенді тыңдауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер,дидак материалдар,интерактив тақтасы
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу: түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі :
-Балалар бізде бүгін ерекше сабақ ,біздің сабағымызға мұғалімдер қонаққа келіп отыр.
Мұғалімдермен амандасу .
Шаттық шеңберге оқушыларды шақыру
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Көңіл күйімізді анықтаймыз
II.Топқа бөлу
-Балалар сіздердің парталарының үстінде құстардың суреттері жатыр.Сол суреттерден өздеріне ұнайтын құсты таңдап ,топтарға бөлінейік .
1 -топ қараторғайлар
2- топ қарлығаштар
3- топ аққу
4- топ тырналар
5 -топ бозторғайлар
Отырып болғаннан кейін, топ ережесін қайталау
III.Ауа райын бақылау
-Балалар, дүниетану сабағының басында біз ауа-райын бақылаймыз.
-Қазір жылдың қай мезгілі ?
-Көктем мезгілі .
-Қай ай ?
-Сәуір айының 23 -і.
-Аспан ашық .13градус жылы ,желдің бағыты шығыстан батысқа
IV. Үй тапсырмасын қайталау
-Балалар,өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?Үйге қандай тапсырма берілді ?
-Өткен сабақта «Көктем қарбаласы» және «Малды көктемде»күтіп бағу тақырыбы берілді
Әр топтан бір оқушыдан сұрау
1 топ қараторғайлар -Көктем қарбаласы
2 топ қарлығаштар -Көктем қуанышы
3 топ аққу -Аюдың оянуы
4 топ тырналар -Көктемдегі малдың төлдеуі
5 топ бозторғайлар -Малды күтіп бағу
-Жақсы ,енді жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын «Өз төліңді тап» ойынын ойнаймыз.
V.Жаңа сабақ:
1.Кіріспе
-Балалар ,қазір біз сіздермен бір үзіңді көреміз .Содан кейін сабағымызды жалғастырамыз
Жақсылап қарап алыңыздар, бұл үзіңді нелер туралы екенін .
-Бұл үзіңді нелер туралы ?
-Үзіңді құстар туралы .
-Олар қалай ұшып барады?
-Құстар тобымен ұшып барады .
-Олар қай кезде тобымен ұшады ?
-Құстар күзде және көктемде тобымен ұшады .
-Күз мезгілінде қайда ұшып кетті ?
-Жылы жаққа ұшып кетті .
-Ал енді қайда ұшып келеді ?
-Өздерінің туған жеріне ұшып келеді .
-Жақсы балалар ,Сонымен бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай ?
-Құстардың туған жерге оралуы .
Тақтаға сабақтың тақырыбын жазу
-Ал ендеше есімізге түсірейік:
-Қандай құстарды білесіңдер?
-Қыстап қалатын қандай құстар бар?
-Қыста құстар қалай тіршілік етеді, қысқа олар қалай дайындалады? (сұрақтарға жауап бер)-Біз өткен сабақтарда айтқан болатынбыз, құстардың кейбірі күзде күн суыта бастағанда жылы жаққа ұшып кетеді.
-Ал, олар кейін көктемде, күн жылына бастағанда туған жерлеріне оралады екен.Яғни, көктем-құстардың туған жерге оралатын мезгілі.Олар келе сала ұя жасайтын орын іздейді, ұя жасайды.Өз балапандарын шығарып, оларды қоректендіру үшін күндіз-түні дамыл таппайды.Яғни, біздің ата-аналарымыз сияқты өз балапандарын қорғайды.
-Осы біздің Ақтөбе облысымызда қандай жыл құстары мекендейді ?
-Қаз,үйрек, қарлығаш. қараторғай,бірқазан, көкқұтан т.б
2.Оқулықпен жұмыс
-Енді оқулығымыздың 99-100 беттерін ашамыз.
Мәтінді бөліктерге бөліп оқыту .Әр топтан бір оқушыға оқыту .
Оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қою .
-Көктемде ең алдымен қандай құстар келеді?
-Туған жерге оралғаннан кейін олар не істейді ?
-Құстар балапандарына қандай қамқорлық жасайды ?
-Көктемде құстар қай жақтан оралады ?
-Құстардың қандай пайдасы бар ?
VI.Сергіту сәті
«Құстар» сергіту сәтін өткізу
VII.Топтарға тапсырма
Оқыған тақырып бойынша
топ -Жыл құстары
2 -топ Құстардың еңбегі
3-топ Құстардың балапандарына жасайтын қамқорлығы .
4-топ Құстардың пайдасы
5-топ Құстарды қорғау
Сурет салу,қорғау
VIII. Сабақты бекіту
Вен диаграммасы
IX.Бағалау
Әр бала өзіне баға қояды
5
4
3
X.Рефлексия
Кеме жалауын бояу .Тақтаға ілу