7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу Ата-әжеме хат (2-сынып)

Әдебиеттік оқу Ата-әжеме хат (2-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып 2 «ә»

Күні: 21.01.2015ж

Пән : Әдебиеттік оқу

Сабақтың атауы

Ы.Алтынсарин. « Ата-әжеме хат»

Жалпы мақсаты



Білімділік: Автор туралы оқушылардың білетін мәліметтерін толықтыра отырып,мәтіндегі негізгі ойды анықтауға ықпал ету.

Дамытушылық:Оқушылардың шығармашылақпен

жұмыс істеуіне ықпал ету,ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік:Үлкенді сыйлауға,құрметтеуге,кішіпейіл болуға достыққа адал болуға баулу.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері



Оқушылар өз ойларын еркін жеткізеді,бір-бірінің пікірін тыңдауға,сыйлауға,үйренеді.Ойланады,ізденеді.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Тапсырмаларды орындауда оқушылардың белсенділігін арттыру,алдағы жұмысқа қызығушылықтарын ояту.

Құрал- жабдықтар

Мультимедиялық құралдар,флипчарт.

Оқыту әдістері

1-7 модульдер

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сыныптың ақуалын қалыптастыру

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Амансың ба алтын күн?

Амансың ба көк аспан?

Амансың ба достарым

Сендерді көрсем қуанам.

2.Топқа бөлу.

Адам бойындағы жақсы қасиеттер бойынша.

-Алғырлар

-Тапқырлар

-Дарындылар

-Жігерлілер

-Ақылдылыр

Әр топ өз топбасшысын сайлап алады.



II Үйге тапсырмасын сұрау:



-«Апаның тілін алса егер» өлеңді мәнерлеп оқу.

-«Апаның тілін алса егер» эссе жазу.

-Өлең мазмұны бойынша сурет салу.

-Әдептілік туралы мақал-мәтел жазу.

III Жаңа сабақ:

Мағынаны тану.

Миға шабуыл.

1.Ребус. «Ыбырай»

-Ы.Алтынсарин кім?

-Қандай шығармаларын білесіңдер?

Бір өлеңін жатқа сұрау.

Слайд көрсету.

2.Жұмбақ.

Аяғы жоқ жүреді

Тілі жоқ сөйлейді. Хат.

-Хат дегеніміз не?

-Хат сөйлеудің қай түріне жатады?

Сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мазмұнын айқындайды.

3.Ата- әжеме хат.

-Мәнерлеп оқып беру

-Іштей оқу

-Тізбектей оқу

-Тұтас оқу

Сергіту сәті

4.Сұрақтар қою

-Хатты кім жазып отыр?

-Кімдерге арнап жазып отыр?

-Хат неше бөлікке бөлініпті?

Әр топ бір бөліктен оқып шығады.

-Хаттың басталуы

-Назардың оқуы

-Назарға айтқан атасының ақылы

-Хаттың аяқталуы.

-Хат қалай басталып,қалай аяқталып тұр?

Интерактивті тақтадан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып және сол хатына жауап алған бала жайлы бейнесюжетті көрсету.

Әр топқа тапсырма: Хат жазу

-Ата-әжеңе

-Досыңа

-Ұстаздарға

-Әскердегі ағаңа

-Ата-анаңа

Хаттарды оқытып,талдау.

Қазіргі замандағы хат алысу құралдары туралы сұрау және слайд арқылы көрсету.

IV Рефлексия.

-Ал балалар, не білдік?

-Не үйрендік?

-Не түсіндік?

Сабақтан алған әсерімізді стикерге жазып тақтаға ілеміз.



Үйге тапсырма:



Мәтінді оқып,мазмұндау.

«Сыныптас досыма» хат жазу

Бағалау:

Топ бойынша,жеке бағалау.

Топбасшының бағалауы.





</ Алматы қаласы №167 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахбаева Айгүл Мелісқызы.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал