- Учителю
- Открытый урок на тему Өрнек. 10-а (1класс)
Открытый урок на тему Өрнек. 10-а (1класс)
Күні:
Сынып: 1
Пән: математика
Сабақтың тақырыбы: Өрнек 10 - а
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Әріпті өрнектердің мәнін таба білуге, амалдарды
орындауға қалыптастыру. Есептің шартына байланысты сұрақтар қоя
білуге, шешуін табуға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру. Логикалық
ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жылдам есептей білу
қабілеттерін арттыру, нығайту.
3. Тәрбиелік: Оқып, білім алуға талпынуға, ізденімпаздыққа баулу.
Еліміздің көркейіп, дамуына үлесін қосатын, білімді азаматтар
болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі құралдары: смаилектер, карточкалар, суреттер
(құстар, жануарлар, алма, гүлдер,
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын,
«мозаика», «бағдаршам»
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық:
Қонақ күту - салтымыз,
Оқып, біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз.
-
Күлімде күн, күлімде,
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ, - дей келе, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (ауызша тексеру әдісі)
(Тақтаға аю мен пілдің суреті ілінеді)
-
Балалар, қараңдаршы бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр. Солардың бірі аю мен піл. Олар екеуі алма бағынан алма теріп келе жатып, жолда алмаларын шашып алыпты. Оларға алмаларын жинауға көмектесеміз бе?
-
Ендеше, санды өрнегі бар алманы аюдың себетіне, ал әріпті өрнегі бар алманы пілдің себетіне салуымыз керек.
-
Сонымен, балалар, санды өрнек дегеніміз не?
-
Ал әріпті өрнек дегеніміз ше?
ІІІ. Жаңа сабақ.
-
Мына үстелден әрқайсымыз бір бөлшектен алуымыз керек. Кезектесіп, тақтаға бөлшектерді қосамыз. Ненің суреті шықты? (қарлығаш)
-
Далада қай мезгіл? (көктем)
-
Көктеммен бірге елімізге нелер оралады? (құстар)
-
Осындай құстардың бірі - қарлығаш. Қарлығаш құсы туралы не білеміз? (Қарлығаш киелі құс. Оның құйрығы айыр болады.)
-
Бүгінгі біздің сабаққа да қарлығаш ұшып келіпті. Кәнекей, оның бізге не әкелгенін көрейік. (10 - а)
-
Бұл, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. Біз сендермен сабақта 10 - а деген өрнекпен танысамыз және әріпті өрнекті санды өрнекке айналдырып, мәнін табамыз.
-
Барлығымыз дәптерімізді ашамыз және бүгінгі күнді және сабақ тақырыбын жазамыз. (дәптермен жұмыс)
Кітаппен жұмыс. 167 бет.
-
№1. Кестені толтыр. (дәптермен жұмыс)Бізге 10 - а деген өрнек берілген. Осы өрнектің мәнін табу үшін, не істейміз? (а-ның орнына сандарды қоямыз)
-
Ендеше, бір-бірлеп тақтаға шығып өзімізге ұнаған гүлді таңдаймыз және оның артындағы санды а-ның орнына қойып, өрнектің мәнін табамыз.
№3. Есепті шығар. (дәптермен жұмыс)
Аулада 6 қарағай және 4 қайың өсіп тұр. Аулада неше ағаш өсіп тұр?
-
Есептің шартын оқимыз. Есеп неден тұрады? (шарты, сұрағы, шешуі, жауабы)
-
Дәптерімізді ашамыз да, есептің шартын жазамыз. Сұрағын белгілейміз. Шешуін табамыз да, жауабын жазамыз.
№2. (дәптермен жұмыс)
а мен 1 сандарының қосындысын жаз. а-ның орнына бір таңбалы қандай сандарды қоюға болады? Мәні ең үлкен және мәні ең кіші санды өрнектерді жаз.
-
Балалар, бізге а + 1 деген қосынды берілген. Бұл әріпті өрнекті санды өрнекке айналдырып, мәнін табуымыз керек. Ол үшін не істейміз?
-
Әріптің орнына сандарды қоямыз.
-
Сендердің алдарыңда 0-ден 9-ға дейінгі сандар берілген. Осы сандарды а-ның орнына қойып, мәнін табуларың керек.
-
Енді, сендермен карточкалық жұмыс жүргіземіз. Әрқайсысыңа логикалық тапсырмалар берілген, осы тапсырмаларды жылдам, әрі дұрыс орындап шығуларың керек.
Логикалық тапсырмалар:
1. Ағашта 4 құс отыр, 2 торғай, қалғаны қарға. Неше қарға отыр? ( 2 )
2. Терезеде үш жасыл қызанақ жатыр еді, бір күннен кейін олар қызарды. Неше жасыл қызанақ қалды? ( 0 )
3. Сен, мен және ол. Нешеуміз? ( 3 )
4. Аслан 4 жаста, Дариға 9 жаста. Кім үлкен, кім кіші? ( Аслан кіші, Дариға үлкен )
5. Көлден ұшты 7 қаз
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі? ( 5 )- Әрқайсымыз бір сұрақтан оқып, жауабын береміз.
Сергіту сәті:
-
Балалар, далаға көктем келіп, ағаштар жасыл түске боянуда. Кәнекей, бәріміз өлең жолдаын оқып берейік.
-
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен болып өседі.
-
Балалар кеше ғана қыркүйек айында сендер кіп-кішкентай ағаштар секілді кішкентай болғансыңдар, ал қазір сендер де ағаш секілді өсіп кетіпсіңдер. Жуыр арада 1-сыныпты тәмәмдап, болашақ 2-сынып болғалы отырсыңдар,
ендеше білімімізді көрсететін кез келді, сондықтан миға шабуыл жасап жіберейік. -
Мен қойған сұрақтарға, алдарыңдағы сандар көмегімен жауап берулерің керек.
Миға шабуыл:
-
2-мен 3-тің қосындысы нешеге тең? ( 5 )
-
6-мен 4-тің айырмасы нешеге тең? ( 2 )
-
Сандар қатарында 7-ден кейін қандай сан тұрады? ( 8 )
-
Ал 5-тің алдында қандай сан тұрады екен? ( 4 )
-
8 - 7. Мәні неше болады? ( 1 )
-
1 + 2. Мәні неше болады? ( 3 )
-
Барлығы неше бір таңбалы сандарды білесіңдер? ( 9 )
-
10-нан 4-ті азайтса неше болады? ( 6 )
-
0-ге 10-ды қосса ше? ( 10 )
ІҮ. Сабақты бекіту. (өздік жұмыс)
-
Бүгінгі өткен тақырыпты бекіту мақсатында, мына карточкалық жұмысты орындаймыз.
- Карточкалық жұмысты аяқтаған болсақ, санның құрамын қайталап өтейік. Тақтада берілген үйшіктерге тиісті сандарды қойып шығыңдар.
Ү. Қорытынды.
- Бүгін біз сендермен қандай тақырыппен таныстық?
- Санды өрнек дегеніміз не?
- Әріпті өрнек дегеніміз ше?
- Сабағымыз сендерге ұнады ма?
- Бүгінгі сабақта қандай көңіл-күйде болдық?
- Осы көңіл-күйде бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру.
-
Үйде, мына карточкалық тапсырмаларды орындап келіңдер.
І-нұсқа:
1) 10 - а
а=1
а=3
а=4
2) 10 саны мен а-ның айырмасын жаз.
ІІ-нұсқа:
1) а+7
а=1
а=2
а=3
2) 10 саны мен а-ның қосындысын жаз.ҮІІ. Бағалау.
-
Алдарыңдағы бағдаршамдар көмегімен, әр оқушы қасындағы баланы бағалауы керек. Егер де ол «5»-ке жауап берді деп ойласаңдар жасыл түсті, «4»-ке жауап берді деп ойласаңдар сары түсті, ал «3»-ке жауап берді дегендеріңіз қызыл түсті көрсетулерің керек.
-