- Учителю
- Разработка по познание мира на тему 'Аңдардың қысқы тіршілігі' (2 класс)
Разработка по познание мира на тему 'Аңдардың қысқы тіршілігі' (2 класс)
«Болашақ»
мектеп - гимназиясы
Дүниетану
Тақырыбы: «Аңдардың қысқы тіршілігі»
Бастауыш сынып мұғалімі: Құлыбаева Х.О.
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: Оқушыларға әңгімені түсініп оқыта отырып,негізгі ойды,идеяны ұғындыру.Қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныстыра отырып,аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру.Топпен жұмыс жасай білуге,өзіндік жұмыс істеуге,ізденуге үйрету.
ә) тәрбиелік:Экологиялық тәрбие беру,адамдардың жануарларға көрсететін көмегін айта отырып,оқушыларды қайырымдылыққа баулу.
б) дамытушылық:Сын тұрғысынан ойлауын,сөздік қорларын,тіл байлығын,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Әдіс - тәсілдер: Ой қозғау,сұрақ қою,әңгімелесу,салыстыру.
Көрнекіліктер:Жануарлар бейнеленген слайдттар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа психологиялық дайындығын қалыптастыру.
Сүйейік, табиғатты аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық!
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Оқушылар бір - біріне тілек тілейді:
Құстардың дауысына құлақ сал!
Табиғаттың сұлулығын сезіне біл!
Табиғатты қорғай біл!
Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Өсімдіктердің қысқы тіршілігі» мәтіні бойынша өсімдіктердің қалай қыстайтынын айтқызу.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Қызығушылығын ояту.
Қысқы табиғат ерекшелігін байқату үшін мәтіннен үзінді айту.
Тыста аяз шытынап тұр.Аязды көтере алмаған кейбір ағаштар қарс айрылып жатыр.Қайда тығыласың? Қоректі қайдан табасың?
Қысқа жануарлар әрқалай дайындалады.Біреулері қыс бойы тәтті ұйқыға кетсе,ал қоян,қасқыр жортып жүріп,қоректерін табады.
Оқушылардың айналадағы дүние туралы түсінігін байқау үшін «Жануарлар тіршілігі» ойыны арқылы тапсырмалар беру.
І - топқа: Суреттегі қай жануар?
Ермексаздан қоянды мүсіндеңдер.Қоян қыста қалай тіршілік ететіні туралы әңгімелеңдер.
ІІ - топқа: Бұл қандай аң?
Аю туралы білетіндеріңді әңгімелеңдер
ІІІ - топқа: Бұл қай аң?
Тиіннің тіршілігі туралы не білетіндеріңді әңгімелеңдер.
ІV - топқа: Венн диаграммасын жасап жабайы жануар мен үй жануарын салыстыра әңгімелейді.
2.Мағынаны тану.
а)Оқулықта берілген «Аңдардың қысқы тіршілігі»мәтінді оқып беру.
Сендердің жаңа сабақтан алған түсініктеріңді байқау үшін қысқы орманға саяхатқа шығайық.
ә)Суреттермен жұмыс.
- Орман іші қандай?
Айнала аппақ қар.Ағаштар ақ көрпеге оранған.
Қасқыр не істеп жүр?
-
Ал,мына сурет туралы не айтуға болады?
-
«Тиін» әңгімесін оқып беру.
б) Сұрақтар беріліп жауап тыңдалады.
- Қысқа азық қорын дайындайтын аңдарды ата.
- Қасқыр,қоян,түлкі қысқа неге азық қорын дайындамайды?
- Тиін жаңғақты қайдан алады?
Сергіту сәті:
Армысың,шапағатты күніміз,
Табиғатқа құштар біз баламыз,
Армысың,табиғат - анамыз,
Алдыңызда бас иеді балаңыз.
3.Толғаныс.
«Аквариум» әдісі бойынша 4 топтан төрт оқушы шығып оқыған әңгіменің мазмұнын айту.
ІV.Шығармашылық жұмыс: «Егер мен...»
V.Сабақты қорытындылау.Өздеріне ұнайтын аңның қысқы тіршілігі туралы әңгімелеу.