7


Киелі жеті саны 4сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Жалпы мақсаттар

Оқыту нәтижесі



Оқушыларға қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат беру. Жеті ата, жеті байлық атты ұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар ету.

Жас ұрпақтың ұлттық салт-дәстүрде сөйлеу түрін дамыту. Сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту. Танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.









Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Ой шақыру



1. Жігітке жеті өнер де аз.

2. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

- Осы мақалдың ішінде қандай сандар естіліп тұр?

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

1. Жігітке жеті өнер де аз.

2. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

Осы мақалдың ішінде қандай сандар естіліп тұр?

Қазақтың киелі сандарынан хабарың бар ма? Ол қандай сандар?

1-топ 3 санын неге қасиетті сан дейміз?

2-топ 7 санын неге ерекше киелі сан дейді?

3-топ 4 санын неге киелі сан дейді?

4-топ 9 саны неге қасиетті?

Әр топ өз сандарының киелілігі туралы жазып, қорғайды.

  1. Кітаптан мәнерлеп оқып беру. Оқушыларға оқыту.

Топпен жұмыс

1-топ «Жеті байлық» эссе

2-топ Жеті құнды зат сурет салу

3-топ Жеті атамызды білеміз бе? Топтастыру

4-топ Жеті саны санамақ

Әр топтың спикерлері топтың атынан жұмысты қорғайды

Сергіту сәті

Сергіту сәті «Көңілді қалпақ» ойыны

Басына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады табады.

Бірінші байлық - денсаулық.

Екінші байлық - еркіндік

Үшінші байлық - тіл байлық

Төртінші байлық - қайрат-күш

Бесінші байлық - ақ жаулық

Алтыншы байлық - балаңыз

Жетінші байлық - жүз саулық







Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс



Тест.

Жеті ата кім?

а) Жеті ата - үйге келген жеті қонақ.

ә) Жеті ата - өзіңнен бұрынғы ата бабаң.

Өзіңнің жеті атаңды білесің бе?

Ойланып, сызбаға түсіріп жазады.

Сен кімге баласың?

Сен кімге немересің?

Сен кімге шөбересің?

Сен кімге шөпшексің?

Үй тапсырмасы

Жеті атаны жаттау

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал