- Учителю
- 4-Сыныпқа арналған деңгейлік есептер жинағы
4-Сыныпқа арналған деңгейлік есептер жинағы
Павлодар облысы Баянауыл ауданы
Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебі
Күркелі ауылы, 2015
Құрастырған:
Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қ.Кемеңгеров атындағы ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кабдуова Мадиян Назымбековна
Бұл әдістемелік құралға «Деңгейлеп оқыту» технологиясы негізінде ерекшеленген есептер енген. Бастауыш сынып мұғалімдеріне, 4- сынып оқушыларына және ата-аналарға арналады.
Деңгейлік тапсырмалар
І нұсқа
І деңгей
Ғайни 4 жыл ішінде 958 ағылшын сөзін жазды. 1-сыныпта 105 сөз, 2-ші сыныпта одан 86 сөз көп, ал 3-ші сыныпта 1 және 2 сыныпта қанша болса сонша сөз жазды. Қалғанын 4-ші сыныпта жазды. Ғайни 4 сыныпта неше сөз жазды?
ІІ деңгей
3 мектепте 2870 оқушы оқиды. 1-ші мектепте 975 оқушы, 2-ші мектепте 1-шіге қарағанда 129 оқушы кем. Қалғаны 3-ші мектептің оқушылары. Үшінші мектеп оқушылары 1-шіге қарағанда нешеу артық?
ІІІ деңгей
Автобуста отырған жүргіншілердің жартысы және 4 адам шыққаннан кейін автобуста 32 адам қалды. Автобуста неше адам болған?
Деңгейлік тапсырмалар
ІІ нұсқа
І деңгей
Спорт сайыстарында 4 мектептің 873 оқушысы қатысты. 1-ші мектеп 112 оқушы, 2-ші одан 43 оқушы артық, 3-ші мектептен 1 және 2-ші мектепте қанша оқушы болса сонша оқушы қатысты. Қалған спортшылар 4- ші мектептің оқушылары еді. 4-ші мектеп оқушыларын тап.
ІІ деңгей
Қаланың үш дүкеніне 3576 теледидар әкелінді. 1-ші дүкенде 1270, 2-ші дүкенде 1-шіге қарағанда 546 кем, қалғаны 3-ші дүкенге тиесілі. Үшінші дүкенде 1-шіге қарағанда неше теледидар артық?
ІІІ деңгей
Үстелде тұрған дәптерлердің жартысын және 6 дәптер алғанда онда 15 дәптер қалды. Үстелде неше дәптер болған?
Деңгейлік тапсырмалар
ІІІ нұсқа
І деңгей
4 жер учаскесінен 956 қап картоп жиналды.
1-ші жерден 204 қап, 2-ші жерден одан 29 қап артық, ал 3-ші жерден 1-ші және 2-ші жерден қанша картоп болса сонша қап картоп жиналды. Қалған картопты 4-ші жерден жинады. 4-ші жерден жиналған картоп неше қап болғаны?
ІІ деңгей
Үш ауылда 2574 тұрғын бар. 1-ші ауылда 1042 адам, 2-ші ауылда 1-шіге қарағанда 256 кем, қалғаны 3-ші ауылдың еншісінде. 1-ші ауылда үшінші ауылға қарағанда неше артық тұрғын бар?
ІІІ деңгей
Таңертеңгілік аста ыдыстағы тоқаштың жартысы желінді. Соң және 3 тоқаш желінген соң ыдыста 12 тоқаш қалды. Ыдыста неше тоқаш болған?
Деңгейлік тапсырмалар
ІҮ нұсқа
І деңгей
Туристік базада 4 кезеңде 765 адам демалды. 1-ші кезеңде 98 адам, 2-ші кезеңде одан 56 адам артық, 3-ші кезеңде 1-ші және 2-ші кезеңде қанша болса сонша адам демалды. Қалғаны 4-ші кезеңде демалды. 4-ші кезеңде қанша адам демалды?
ІІ деңгей
Үш мектептің бастауыш сынып оқушылары үшін 3886 оқулық сатып алынды. 1-ші мектеп үшін 1753, екінші мектепке одан 278 кем, бірінші мектептің оқулығы үшінші мектептің оқулығынан нешеу артық?
ІІІ деңгей
Дүкендегі тоңазытқыштардың жартысы сатылды. Соң және 3 -еуін сатты. Сонда 13 тоңазытқыш қалды? Дүкенде неше тоңазытқыш болған?
Деңгейлік тапсырмалар
Ү нұсқа
І деңгей
Бірдей 3 жәшікте 120 кг алма бар. 400 кг алманы салу үшін осындай неше жәшік қажет болады?
ІІ деңгей
Екі ұста 50 партаны жөндеу керек еді. Бірінші ұста 5 парта, екінші ұста 7 партаны жөндегенде олардың қалған парталар саны тең болды. Басында екі ұста неше парта жөндеуге тиіс еді?
ІІІ деңгей
Тәтті тоқаш пен батон 11 тг тұрады. Ал, екі батон мен тәтті тоқаш 17 тг тұрады. Тәтті тоқаш пен батонның бағасын тап.
Деңгейлік тапсырмалар
ҮІІ нұсқа
І деңгей
Дүкенде 2700 банка компот болды. Шие компоты 780 банка, шабдалы кампоты шиеден 340 банка артық, қалғаны құлпынай компоты. Құлпынай компотын тап.
ІІ деңгей
Шаршы тәріздес қағаздан радиусы 8 см ең үлкен шеңбер қиып алынды. Қағаздың периметрін тап.
ІІІ деңгей
Бөлменің ұзындығы 8 м, ені 6 м. Осы бөлмеге еден салу үшін ұзындығы 6 м, ені 20 см тақтадан нешеу қажет болады?
Деңгейлік тапсырмалар
ҮІІІ нұсқа
І деңгей
Спорт алаңының ені 9 м. Егер оның ауданы 90 м2 болса, периметрін тап.
ІІ деңгей
Екі жәшікте 52 кг құлпынай бар. Егер 1-ші жәшікке 7 кг, 2-ші жәшікке 9 кг құлпынай қосса, олардың мөлшері бірдей болар еді. Әр жәшікте неше кг құлпынай болғаны?
ІІІ деңгей
Асқабақ пен кәді бірге 7 кг, ал 2 кәді мен асқабақ 11 кг тартады. Кәді мен асқабақтың массасын тап.
Деңгейлік тапсырмалар
ІХ нұсқа
І деңгей
Үш үйде 2870 тұрғын бар. Бірінші үйде 840 адам, екінші үйде біріншіге қарағанда 270 тұрғын артық. Үшінші үйде неше адам тұрады?
ІІ деңгей
Саябақтағы екі аллеяда 42 аққайың өсіп тұр. Бірінші аллеяға тағы 5 қайың отырғызды. Екіншісіне -9 қайың отырғызды. Сонда екі аллеядағы қайыңдар саны тең болды. Екі аллеяда басында неше қайың болғаны?
ІІІ деңгей
Мектеп бақшасына үш күн ағаш отырғызылды. Бірінші күні барлық ағаштың жартысын, ал екінші күні қалған ағаштың жартысын, ал үшінші күні қалған 13 ағашты отырғызды. Үш күнде барлығы неше ағаш отырғызды? Схема сызу арқылы шеш.
Деңгейлік тапсырмалар
Х нұсқа
І деңгей
Төрт бірдей жәшікте 320 доп жатыр. 720 допты салу үшін осындай неше жәшіе қажет болар еді?
ІІ деңгей
Ерлер көйлегінде 8 түйме, ал 6 әйелдер көйлегінде 24 түйме бар. Ерлер көйлегінің түймесі неше есе артық?
ІІІ деңгей
Ені 5 м, ұзындығы 9 м бөлмеге еден жасау үшін, ұзындығы 9 м, ені 30 см тақтадан нешеу қажет болар еді?