7


  • Учителю
  • Темекіге қарсы күрес тәрбие сағаты

Темекіге қарсы күрес тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


«Глазунов орта мектебі» ММ

«Біздің өмірімізде темекіге орын жоқ!»Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:



4 «Б» сынып


Дайындаған: Арғынбек Ә.С.

Тексерген: Берсүгірова Д.С.


2014-2015 оқу жылы


Күні: 25.10.2014ж

Сыныбы: 4 «Б» сыныбы

Мұғалім: Арғынбек Ә.С.

Сабақтың тақырыбы: «Біздің өмірімізде темекіге орын жоқ!»

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды зиянды әдеттерге негативті көзқарас қалыптастыру

2. Теориялық білімдерін пайдалана отырып, берілген тапсырмалар бойынша шешім қабылдауға, қорытынды шығаруға баулу

3. Оқушыларда өз денсаулығын қалыптастыра отырып, өз ісін қадағалауға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтық жұмыс

Көрнекілігі: слайдтар, Венн диаграммасы, видеоролик


Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық (шаттық шеңберін құрып, бір - біріне жүрек жылуын сыйлауы.)

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың, көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!


Оқушыларға сурет қиындыларын құрастыру тапсырмасы беріледі. Құраған суреттеріне байланысты топқа бөлініп отырады.


Кіріспе сөз: оқушыларда жастайынан денсаулығын сақтай білу дағдыларын қалыптастыру, СӨС дегеннің не екені туралы түсінік қалыптастыру мақсатында «Темекі - денсаулық дұшпаны»атты сынып сағатын өткізуді жөн көрдім.

СӨС дегеніміз - бұл өз денсаулығыңды сақтауға, нығайтуға бағытталған жұмыстардың жиынтығы. Бақытты адам өзінің жұмысқа деген ынтасын, санасын, рухани байлығын өмір бойы дамытып, еңбекке араласады. Тек қана дені сау адам өзінің ой - өрісін кеңейтіп, өмірдегі мақсатына жете алады.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі - СӨС, оны насихаттау мәселесі. СӨС - ол әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу. Ал зиянды әдеттер дегеніміз қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері - шылым шегу, нашақорлық, маскүнемдік.

Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында , желім,шайыр, және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: , Көмір қышқыл газы, тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна , 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті шығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні.

Шылым шегу - зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз , және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.


2. Сайыстың кезеңдеріңмен, шартымен таныстыру. Сыныпты екі топқа бөлу.


I - бөлім. Топтың атын анықтау.

1.«Болашақ»тобы

2.«Денсаулық»тобы.

3. «Салауат» тобы.


II - бөлім.«Тәні саудың - жаны сау». Шарты: кубизм әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. /қызыл/ Темекі құрамындағы ең улы зат

2. /жасыл/ Темекі қандай мүшелерге зиян келтіреді?

3. /сары/ Темекі тарту қандай аурулардың себебі болып табылады?

4. /көк/ Темекіден ауаға қандай зиянды заттар шығады?


III - бөлім. Жағдаят кезеңі.

I - топқа тапсырма. Темекі тартып отырған адамды бықсып жатқан пешпен салыстырайық. Пеш түтіні тартпай, бықсып, түтіні бері шығып жатыр, одан шыққан түтін көзді ашытады, қақалтады, жөтелтеді, адамның жүрегі айниды. Мұндай жерде ұзақ отыру мүмкін емес. Ал, темекі тартатын адамның аузынан, мұрнынан түтін шығып жатыр. Өзің ойлан! Қорытынды шығар.

II - топқа тапсырма. Біз бір тамақтан:

- жиіркенсек

- құсқымыз келсе

- бас айналса

Ол тағамға еш уақытта жақындамаймыз. Олай болса неге адамдар темекіге организмдерін зорлап көндіреді? Ойлан! Қорытынды шығар.

ІІІ - топқа тапсырма. Кішкентай балалар тәттіге құмар болады. Үлкендер «тәттіні көп жемеу керек, тісің ауыратын болады» деп айтса да олар көбіне ұрланып тәтті жейді. Темекіге әуес адамдар да темекінің адам өміріне өте зиян екенін біле тұра темекі шегуді тоқтатпайды. Бұған не себеп? Мұндай адамдарды зиянды әдеттен қалай құтқаруға болады?


IY - бөлім."Достарыңды салауатты өмір салтына шақыр! ". Шарты: «Темекі - адам өміріне зиян» тақырыбында сурет салу

Сурет бойынша ой тұжырымдамаларын талдау.


Y - бөлім."Ой қорыту"кезеңі. Темекінің зияны туралы бейнежазба ұсынылады.

Бейнежазба бойынша ойларын жинақтау, сабақты қорытындылау.

Қорытынды. Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабақта алған мағлұматтар СӨС дәріптейтін, өркениетті, елімізге лайықты, зиянды әдеттерге қарсы күресе білетін, білімді тұлғаның қалыптасуына септігін тигізеді деп сенемін. Әрбір жаңа алған білімдеріңді келешекте тиімді пайдаланып, денсаулықтарың өз қолдарыңда екенін ұмытпаңдар!


Сабақ соңында оқушылар:

Денім сау болсын десең - темекі тартпа!

Әдемі болғың келсе - темекі тартпа!

Әнші болғың келсе - темекі тартпа!

Ғалым болғың келсе - темекі тартпа!

Білімді, ақылды азамат болғың келсе - темекі тартпа!

Сөздерімен сабақ аяқталады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал