- Учителю
- Ашық сабақ ана тілі
Ашық сабақ ана тілі
№141 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Исабаева Маншук
4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Апамның астауы .Оралхан Бөкей
Мақсаты: : Оқушыларды Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; баланың анаға деген сүйіспеншілігін, мейірімін сезінуге баулу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: СТО, сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: Слайдтар, интерактивті тақта, фотосурет, таратпа қағаздар, стикер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
І. Білім
-
Топқа бөлу ( Геометриялық фигуралармен топқа бөлу 1 топ Көк түс -Оқу орталығы ,2- топ Жасыл түс- Ғылым орталығы , 3- топ Сары түс - Жазу-сызу орталығы )
-
Топтық ереже құру Флипчартқа топтық ережені жазады .
-
Әр топ өз тобын қорғау .Сол түске қатысты ән орындау.Өздерінің сабақ барысында 3 орталық қандай жұмыс атқаратынын белгілейді . Топбасшы бағыттап отырады .
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім-ана тілім өз тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
Болашағым , бақытым дара тілім
ІI Түсіну (1 тапсырма)
Үй тапсырмасы: 3 орталыққа сұрақтар беріледі.
Оқу орталығы- 1. Ақын нені ұмытпаспын дейді? Неге тозбайтын асыл сөз? Мыңдаған ақын сен туралы жазса да тауыса алар ма екен? - деп не жайлы айтады?
Ғылым орталығы -Тіл туралы заңда мемлекеттік тіл жөнінде не айтылған ? .
Жазу-сызу орталығы - Өлең жолдарында қазақ тілінің байлығы мен ұлылығы туралы ақын не дейді? Өлеңнің соңғы жолдары бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? Оқушылардың жазған шығармаларын тыңдау .Бағалау
Сергіту сәті. Жамбыл Дүйсеновтың өлеңін тыңдау .
Мұғаліммен топбасшы бағалайды
IІI. Қолдану:
Интерактивті тақтадан ана туралы қанатты сөздерді оқу
Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың айналып толғанғаны па, шіркін, кімнің есінен кетеді. Шырылдап жерге түскеннен-ақ қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап іздейтінін ол - ана.
Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес, сондықтанда біз аналарымызды өте жақсы көреміз. Сондай Анаға деген сағынышы,апаның мейірімін аңсағаны жөнінде біз бүгін Оралхан Бөкейдің Апамның астауы әңгімесімен танысамыз .
Оралхан Бөкей туралы мына интерактивті тақтаға назар аударайық.
Оралхан Бөкей -(1943-1993 жылы) 23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылында дүниеге келген .Қазақ мемлекеттік университетін бітірген .«Құрмет Белгісі » орденінің иегері .Шығармалары : Қамшыгер, Үркер, Қайдасың қасқа құлыным, Өз отыңды өшірме, Біздің жақта қыс ұзақ,Жасынның ізі,Құлыным менің, Жау тылындағы бала,Апамның астауы т.б.
Оқулықпен жұмыс ДЖИК-СО әдісі
Мәтінді 3 бөлікке бөліп беру барлаушы жіберіп басқа топтардағы әңгіменің негізгі ойын не туралы айтылғанын жазып келеді.
Апамның астауы тақырыбында 3 топқа тапсырма беру
1-топ Оқу орталығы мәтінді әңгімелеп береді
2-топ Ғылым орталығы Мәтіндегі сөздік жұмысына түсініктеме береді
3- топ Ананың еңбегі туралы шағын эссе жазу
Әр топқа тапсырма беру. Тапсырма бойынша оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы талқылайды (флипчартпен жұмыс).
Топбасшы бағалайды
IV. Талдау.
Қосжазба күнделігін толтыру
Мәтіндегі маған ұнаған жері
Неліктен ?
Енді осы мәтінді толықтай оқып көрейік оқып көрелік. Қандай әсер алады екенбіз. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Әңгіменің әр бөлігін жеке оқу арқылы негізгі идеяны табуға ықпал жасау.
Бірін-бірі бағалайды
V. Жинақтау: :
1. Әңгімешінің Апасына берген мінездемесіне және мына үлгілік сызбаға сүйеніп, Қандай? Сұрағына жауаптар жаз.
Қандай?
Арық ашаң кемпір
Тарамысты мықты саусақтар
Тыртықтанған әдемі ажар
Қара бұйра шаш
-
Жазушының апасын сағынған,аңсаған сезімі айтылатын жолдарды тауып, дәптеріңе жаз. (Дүние жүзінде апамның қойнынан аңқып шығар әжелік иістен жағымды не бар екен жалғанда! Бұл жалғанда қас қарая ...) ойды аяқтау .
Мұғалімнің қорытындысы
Ой қозғау .
3-Топқа тапсырма беріледі
1 Жаздың әдемі бір күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі егілген ағаштарды көреді.Ағаштарға қарап тұрып әкесі баласынан былай деп сұрайды: "Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен ?"
2 "Ана сүтін анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей
алмайсың" дегенді қалай түсінесің?
3 .Ананың ыстық алақаны дегенді қалай түсінесің ?
Болжау әдісі
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті: "Балапандарым, мен сендерге жұмбақ айтайын , соны шешіңдер.Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңса, ,құйрыққа күл сепсе, сол адамға не істер едіңдер?"
Үйден алыста болсаң, өз анаңды немесе әжеңді сағынған кезде не деп хат жазар едің? Хат жазып көр.
Мінездеу дегеніміз адамның сыртқы келбеті, жүріс-тұрысымен бірге ішкі жан-дүниесін, мінезін, жақсы-жаман қылықтарын суреттеу.
«Менің үйренгенім, алғаным » рефлекциясын оқушыларға стикерге жазғызу, тақтаға ілу .
VI. Бағалау: (5 тапсырма) Формативті бағалау. Өзін-өзін бағалайды.
Критериалды бағалау
1 Мәтін мазмұнын түсіндім
2 Мәтінді әңгімелеп бере аламын
3 Оз ойымды қорғай аламын
4 Ана портретін сомдай аламын
5 Өз ойымды қағазға түсіре аламын
«Екі жұлдыз , бір тілек » бағалауы.
Үйге тапсырма
«Менің апам » тақырыбында эссе жазып келу
Апамның астауы .Оралхан Бөкей
Тақырыбын түсініп , талдау мақсатында Блум таксономиясын қолдану
Кезең
Сабақ бөлімдерінің мақсаты
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Жұмыстың түрі
Нәтижесі
Бағалау формасы
Білім
3 орталыққа берілген тапсырманы орындау
Топқа бөліп, үлгі бойынша қорғауды ұйымдас-тыру
Берілген тапсырма бойынша қорғау
Топтық жұмыс
Ынтасын, қызығу-шылығын ояту
Топтық бағалау
Түсіну
Тест сұрақтарына жауап беру
Сұрақтар қою арқылы оқушыға ой салу
Берілген тапсырма бойынша анықтама беріп, әңгімелеп қорғау
Топтық жұмыс
Оқушы-ның ойлау белсенді-лігін арттыру
Топтық бағалау
Қолдану
Оқулықпен жұмыс жасау бойынша талдауДжик-со әдісі
Тапсырма беру арқылы жаңа тақырып
ты ашу
Берілген тапсырма бойынша талқылау. Сұрақтар-ға жауап беру
Жеке және
топтық жұмыс
Оқушы-ның ой ұшқыр-лығын көру
Жеке
және
топтық бағалау
Талдау
Нақты жағдаятқа талдау жасайды, ойлаған жағдаятты негіздейді.
Ситуация-лық жағдай туғызады, нұсқау береді
Ұсыныл-ған ситуация-ны талдау, проблема-ның пайда болуының кейбір себептерін көрсетеді
Жеке және
топтық жұмыс
Топтық жұмыста пікір алмасуға
жаттыға-ды, өз-өзіне сенімі қалыптасады
Топбас
шының бағалау
Жинақтау
Қорытынды жасауға машықтан-дыру
Оқушы-лардың ойын жинақтап түйін тию әрекетін жасайды
Өз мүмкіндік-терін көрсетуге тырысады
Жеке және
топтық жұмыс
Өз ойын еркін айтуға үйренеді
Өзін-өзі бағалай-ды
Бағалау
Тақырыптың өмірде, тұрмыста маңыздылы-ғын, қажеттілігін білу
Оқушылардың іс-әрекет-терін қадағалау
Құндылы-ғын айқындайды
Топтық жұмыс
Әр топ өз жұмысы-ның нәтижесін көре біледі
Бірін-бірі бағалай-ды