- Учителю
- Поурочный план по начальным классам на тему 7 саны және цифры
Поурочный план по начальным классам на тему 7 саны және цифры
</
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры.
Сабақтың мақсаты:
1. 7 саны және цифрымен таныстыру. Сандар қатарын 7 санының орнын анықтау.
2. Оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттыру. Есептеу машығын дамыту. Тапқырлыққа баулу.
3. Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: 7 саны цифрының үлгісі.Слайд, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, үй суреті, қима қағаздар, сандар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: сауат ашу, дүниетану.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Психологиялық дайындық.
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса болса да,
Таппай оны қоймайық.
ІІ. Психологиялық дайындық. - Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келді. Бәріміз амандасып, өзіміздің ақжарқын күлкімізді сыйлайық. Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдер гой. Ал, ендеше мен сендерге жеті лақ туралы ертегі айтып берейін.
Ертеде бір ешкінің 7 лағы болыпты. Орманға
жиналған ешкі лақтарын жинап алып, ақылын айтады:
- Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен
келгенде: «Шырақтарым, лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», - деп
әндетемін.
Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қояды.
Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан даусымен оның әнін
айтады. Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпады.
Қасқыр саудагерге барып, бор сатып алды. Бордың бір кесегін жегенде
даусы аздап қана жіңішкерді. Осы дауыспен ән айтып еді, лақтар тағы
алданбады.
Қасқыр ұстаға барып, өзіне жаңа тамақ жасатып алды.
- даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты. Бірақ жаңа дауыстың да
көмегі болмады.
- Лақтар оның қап - қара аяғын көріп қойып, есік ашпай қойды.
Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сұрады. Наубайшы
оған ұн берді. Қасқыр есік алдына қайтып келді, ақ аяғын лақтарға
көрсете созып тұрып, әнге басты:
- шырақтарым, лақтарым аналарың келді, сүт әкелді. Қорықпаңдар,
есікті ашыңдар!
Лақтар сеніп есікті ашты. Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан -
жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, ұстап
алды.
Ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе ашық тұр. Ешкі үйге кіріп лақтарын шақырды. Лақтарын шақырып, қайғырып отыр.
ІІІ. Өткенді қайталау. Балалар қасқыр лақтарды ұстап алыпты. Лақтардың мамасы жылап отыр екен ол сендерден көмек сұрап отыр. «-Балаларымды құтқаруға көмектесіңдерші дейді?!»
- Балалар көмекесеміз бе? (иә)
- Ендеше лақтарды құттқару үшін қасқыр бізге: «-Тапсырмаларымды орындасаңдар ғана лақтарды босатамын» дейді. Сондықтан бәрің белсенді қатысыңдар! Ал ендеше сәттілік. Бірінші лақты босату үшін бірнеше тапсырмаларды орындау керек. Біз қазір далаға шығып айналаға қарасақ айнала қандай? Аппақ қар. Сендер қардан не жасағанды ұнатасыңдар? Аққала. Сендер тапсырмаларды дұры орындасаңдар мен сендерге мынандай аққала беремін кім көп аққала жинайды сол жақсы баға алады.
1. Тапсырма.Сандарды санау: бәріміз бірге шатаспай 1-ден 10-ға дейін санайық.
- Кері санап көрейік.
- 1санды аттап санайық.
2. Тапсырма.Ал енді мына үйлердің терезелерін ашуымыз керек. Ол үшін шатырында тұрған сандардың құрамын қайталамыз. 4,5,6.
-Жақсы, керемет біз бір лақты босатып алдық. Енді келесі лақты құтқарайық.
IV. Жаңа сабақ: 3. Тапсырма.- Балалар , тақтаға қарайық. Жаңа 6 ға бірді қосқанда неше шықты?7. Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «7 саны және цифры» екен. Және де біз неше лақты құтқарып отырмыз? 7. Дұрыс жеті саны неге ұқсайды екен?Шалғыға.
- Халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында
сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да
ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп,
бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын жеті санымен
атайды. Жеті ата. Бұл - қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында
адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ
баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ
бір атаның баласы - туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны
былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба.
6. Түп ата. 7. Тек ата.
Сондай-ақ, былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере,
шөбере, шөпшек, немене.
Жеті қазына. Қазына дегеніміз: Киелі,асыл деп санаған ұғымды білдіреді. Қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
Жетіқарақшы. Ол - аспандағы шоқжұлдыз. Жетіқарақшының жарық жеті жұлды зының сыртқы пішіні шөміш тәрізді.
Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Кемпірқосақтың жеті түсі. «Жеті саны - бақытты сан, ол - адамзаттың сүйікті саны». Көп халықтың түсінігі осындай.
Жақсы біз сендермен жеті саны туралы түсініктерімізді кеңейттік иә. Ендеше біз келесі лақты құтқарып алдық.
4. Тапсырма.-Ал келесі лақты құтқару үшін есептер шығаруымыз керек. Дұрыс жауабын алдарыңдағы сандарды көтеру арқылы көрсетесіңдер.
2+4 5-3
3+3 4-2
1+0 6-3
5+1 2-0
2+2 7-1
6+1 5-5
-Жақсы бәріміз дұрыс шешімдерін таптық иә. Біз сендермен үшінші лақты құтқарып алдық.
5. Тапсырма.-Келесі тапсырма салыстыру. Мына өрнектерді дұрыс салыстырсақ қана қана лақтарды құтқара аламыз.
Дұрыс жауапты жаңағы сияқты сандарды көтеру арқылы көрсетеміз.
6*7; 6*5; 4*3; 7*6; 7*4;2*1.
Шаршаған шығарсыңдар иә, ендеше біраз сергіп алайық.
6. Тапсырма. Келесі лақты құтқару үшін Логкалық сұрақтарға жауап береміз.
1. Бес асықтың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы, сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады ?
2. Көлден ұшты 7 қаз
Қайтып қалды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі ?
3. Алма ағашта 5 алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? (5)
4. Алма ағашта жеті алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Жетеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? ( 0 )
5. Табақта 4 өрік,
Қолымда 3 өрік.
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? ( 7 )
6. Маратта бар 5іні,
Мұратта бар 2 іні.
Қоссақ бес пен екіні,
Неше болады шешуі? (7 )
V. Дәптермен жұмыс:7. Тапсырма.- -Соңғы нешенші лағымыз қалды? 7 Ол лақты құтқару үшін, дәптерге жеті санын әдемі жазып үйренуіміз керек.
VI.Бекіту. - Жақсы балалар, біз барлық лақтарды құтқардық. Лақтардың анасы бізге үлкен рахмет айтып біраз сыйлық берді сендерге. Олар өте қуанышты. Ал қасқыр болса бізге енді сөз берсін жаман қылықтарды жасамауға, ешкімге тиіспей, әрқашан жақсылық жасауға. Жарайды жақсы қош бол қасқыр біз саған сенеміз.
VIІ. Сабақты қорытындылау: -Балалар біз бүгін сендермен не істедік?
-Қандай санмен таныстық?
VIII. Бағалау: -Ендеше өздеріңнің белсенділікеріңді өздерің бағалаңдар. 1,2,3 санын көтересіңдер 1. Маған ұнады. 2. Ұнамады. 3. Түк түсінбедім.
-Жинаған аққалаларына байланысы бағалау.