7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәнінен 'Етістіктің жіктелуі' сабақ жоспары

Қазақ тілі пәнінен 'Етістіктің жіктелуі' сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Күні:

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің жіктелуі

Сабақтың мақсаттары: 1. Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп аталатынын түсіндіру. 2. Етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеуді жаттығу, дағдыландыру тапсырмалары арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту

3. Сабақтар барысында туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, топпен жұмыс жасап, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың әдістері: көрнекілік, сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: кестелер

Сабақтың барысы:


І Ұйымдастыру кезеңі


Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, сабақтың мақсатын хабарлау. Оқушылар кітап, дәптер, қаламдарын дайындап қояды.

Көңілді шеңбер ұйымдастыру

ІІ Үй жұмысын тексеру


Берілген жаттығуларды оқып шығу

Дәптерлерін ауыстыру

Өтілген тақырыптар байынша сұрақтар қою

ІІІ Негізгі бөлім


А)Психологиялық дайындық

Етістіктің жіктелуі - оқушылардың түсінуіне қиындық келтіретін күрделі тақырыптардың бірі. Бұл тақырыпты меңгерту үшін мынадай кестені пайдаланған тиімді:

Жақ

Жекеше

Көпше

І

Мен отырмын. Мен келдім

Біз отырмыз. Біз келдік

ІІ

Сен отырдың. Сен келдің

Сендер отырсыңдар

ІІІ

Ол отыр. Ол келді

Олар отыр

Кестемен осындай жұмыстар жүргізіледі:

Оқушылар кестеде берілген сөйлемдерді іштей оқып шығады. Қарамен белгіленген қосымшалардың қай сөз табынан тұратын сөзге жалғанғанын анықтау

Ә) Практикалық бөлім

Оқушыларға берік білім беру үшін, оқулықтағы жаттығуларға мынадай негізгі тапсырмалар орындатқан тиімді:

  • Мәтіннен жіктік жалғаулы етістіктерді тауып, олардың түбірі мен жалғауларын ажырату;

  • Етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеп жазу;

  • Көп нүктенің орнына жақшаның ішіндегі сөзге тиісті жіктік жалғауын жалғап жазу

В) Сергіту сәтіне жұмбақтар шешкізуге болады

ІV Қорытынды

А) Сабақты бекіту

Етістік дегеніміз не?( заттың қимыл әрекетін білдіретін сөз табы)

Ә) Үй тапсырма беру

5-жаттығу бойынша төмендегідей сөйлемдер құрастырылады:

Мен інімнің сабағына көмектесемін. Сен домбырамен күй тарттың. Олар арықты тазалады.

В) Бағалау

Рефлексия

Өзін-өзі бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал