- Учителю
- А дыбысы мен әріпі
А дыбысы мен әріпі
Күні: Сынып: 1 Пәні: Сауат ашу |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Мұғалім: | ||
Сабақтың тақырыбы |
Менің мектебім Мектебіме саяхат. А дыбысы мен әрпі. | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазуу | ||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: А а дыбысы мен әрпін таныстыру, алғаш рет танысайын деп отырған әріптерінен келетін сөздерді, дыбысына байланысты буындар мен сөздерді білуге үйрету. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. | ||
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. | ||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. | ||
Тілдік құзыреттілік |
А дыбысы, буква а, the letter a | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар | |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Аққу болып ұшамыз Көлге келiп қонамыз Көлдiң бетiн құшамыз Қайта самғап ұшамыз. - Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері
| |
Сабақтың ортасы 8 минут
|
Тыңдалым. Мына себеттегі жемістердің атын атаңдаршы? |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс | |
Сергіту сәті 1 минут |
Әппақ болып таң атты, Түтiн тiке шығады. Қарлығаштар қанатын Самғап биiк ұшады. Топ-топ, топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады) |
Сергіту сәтіне арналған жинақ | |
Қызықты тапсырма 8 минут |
Сурет бойынша тапсырма. Суретті боя. Алма. |
Түрлі тапсырмалар | |
Аяқталуы
16 минут
|
А әрпін енді кәне мен тақтаға салып көрсетемін сендер соны
мұқият қараңдар: А-бас әрпімен сөйлемнің басында, адамның аты, қаланың аты
келеді, кіші әрпімен сөйлемнің соңында, ортасында
жазамыз.
|
Оқулық, дәптерлер.
| |
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</</p>
|
Смайликтер | |
Дифференциация - оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |