7


  • Учителю
  • Урок на тему Сәндік натюрморт

Урок на тему Сәндік натюрморт

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Бейнелеу өнері» пәні

Сабақтың тақырыбы: Сәндік натюрморт.

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Оқушыларға натюрморттың пайда болу тарихы мен түстердің үйлесімділігі туралы айту, білімділіктерін көтеру. б)Дамытушылық: Эстетикалық талғамдарын дамытып, қызығушылықтарын ояту, көзбен көру шеберліктерін дамыту. в)Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, әдемілілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, іздену, сұрақ-жауап, сурет салу.

Көрнекілігі: Суреттер, натюрморттар, интерактивті тақта, т.б.

Құрал-жабдықтар: Қағаз, қарындаш, акварель, қылқалам, су құйғыш ыдыс, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатысуларын тексеру. Назарларын сабаққа аудару.

«Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Анамның жүзінен,

Ешкінің мүйізінен үйрендім»,- деп Әбілхан Қастеев айтқандай, бүгінгі бейнелеу өнері сабағына мақсат қойдық. Мақсатымыз: натюрморт салуды, түстермен жұмыс жасауды үйрену.

ІІ. Өткен сабақты қайталау, еске түсіру.

1.Ахроматикалық түстер дегеніміз не?

2.Хроматикалық түстер дегеніміз не?

3.Пейзаж дегеніміз не?

4.Портрет деп нені айтамыз?

5.Автопортрет дегеніміз не?

6.Фон дегеніміз не?

7.Графика деп нені түсінеміз?

8.Кескіндеме туралы не білеміз?

9.Мүсін деп нені айтамыз?

10.Сәндік қолданбалы өнерді қалай түсінесіз?

11.Түстердің қанша реңктерін білесіз?

ІІІ. Суретпен жұмыс. «Кім біледі?» ойыны.

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Интерактивті тақтада суреттер көрсетіліп, сол суреттің қандай жанр немесе қандай тақырыпта екенін табу керек. Дұрыс жауап берген оқушының тобына ұпай беріледі.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Натюрморт (қимылсыз табиғат) - жеміс-жидек, гүл, құмыра, тұрмыстық заттар бейнеленеді. Натюрморттар әлемі өте әдемі, әрі әралуан. Олардың бірінде суретші заттың пішінін, түсін, материалдың сұлулығын тамашалауға шақырады. Ал, екінші заттың өзі кімге тиесілі екенін айтып тұрғандай. («Балықпен таңғы ас», «Менің сүйікті заттарым», Азия, Шығыс натюрморттары, Ұлттық аспаптардан құралған натюрморттар). Натюрморттың екі түрі бар: 1. Кескіндемелік. 2. Графикалық. (Графикалық кескіндемелікнатюрморттарды тақтадан көрсету).

Балалар, сендерге «графикалық натюрморт ертегісін» айтып берейін. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырдың басында Голландияда пайда болған. Леонардо да Винчи ыдысқа толы жүзімді бейнелеп, кептіру үшін терезе алдына қойып қояды. Біраз уақыт өткенде қараса, суреттің тірі затқа ұқсайтындығы соншалық, құстар жүзімді шоқи бастайды екен. Міне, осы кезден бастап натюрморт пайда болып, жан-жаққа тарай бастайды.

Біз, бүгін сәнді натюрморттарды салуды үйренеміз. Сәндік натюрморттардағы басты нәрсе - ол түстердің үйлесімділігі.

Ү. Практикалық кезең.

І кезең: Заттың бейнесінің орналасуын анықтау.

ІІ кезең: Құрылымын табу, пішінін айқындау.

ІІІ кезең: Суреттің боялуы.

ІҮ кезең: Суреттің аяқталуы, жарық көлеңкесін шығару.

ҮІ. Бекіту. «Бүгінгі сабақта не үйрендім, не білдім?». Оқушылардың өз білімдерін тексеру үшін стикерлер таратып, ойларын білу.

ҮІІ. Қорытынды. Бүгінгі сабағымызда қойған мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Оқушылар натюрморт жайлы көптеген мәліметтер алып, көптеген заттармен танысты.

ҮІІІ. Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуын бағалау және мадақтау. Көрме ұйымдастыру. Топ ұпайларын есептеу.

ІХ. Үйге тапсырма. Сәндік натюрморттарды салу, қолдарын жаттықтыру.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал