7


  • Учителю
  • А. Байтұрсыновтың 'Аққу, шортан һәм шаян' тақырыбындағы ашық сабағы

А. Байтұрсыновтың 'Аққу, шортан һәм шаян' тақырыбындағы ашық сабағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: А.Байтұрсынұлы аударған И.А.Крыловтың "Аққу, шортан һәм шаян" мысалын оқушыларға таныстырудағы мақсатым- өлеңдегі негізгі ойды өздеріне таптырып, өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу, осылайша бейбіт өмі
предварительный просмотр материала

№80мектеп-гимназия



Тақырыбы: А.Байтұрсынұлы

«Аққу,Шортан һәм Шаян»

(5-сынып)



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Қазиева Венера

Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынұлы

«Аққу,Шортан һәм Шаян»

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділігі:Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы туралы мағлұмат бере отырып,И.А Крыловтан аударған «Аққу,Шортан һәм Шаян»мысалымен таныстыра отырып,өлеңдегі негізгі ойды өздеріне таптырып,өз сөзімен жеткізе білуге жағдай жасау.

ә)Дамытушылығы:Оқушылардың ауызша сөйлеуін,мәнерлеп оқуын,түсінігін,өз ойларын жүйелі айта білуін қалыптастыру.

б)Тәрбиелілігі:Оқушыларды бірлік,ынтымақтастық сияқты әдеттерден үйреніп,осы мысал мазмұны арқылы жаманнан жирендіруге тәрбиелей отырып,топпен ұжымдаса жұмыс істеулеріне жағдай туғызу.

Сабақтың типі:Жаңа білімді игерту

Сабақтың түрі:Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,«Ой шақыру», «Ой қозғау»,сұрақ-жауап,топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.Сабаққа әзірліктерін бақылау.

ІІ.Жаңа сабақ

  • Балалар,бүгінгі сабақта қазақ халқының ұлы ақыны А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысамыз,әдебиеттің мысал жанры туралы сөз қозғап,мысал өлеңдерінің ерекшеліктері туралы оқып үйренеміз.

  • Осы сабақ үстінде сендер топқа бөлініп,жарысқа түскелі отырсыңдар. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

айдарымен сабағымызды сайыс түрінде жалғастырамыз.

  • Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?

Сендер тек жұмыла,бірге жұмыс жасау арқылы сабақтың мақсатына жетесіңдер.Барлығымыз бірлесе отырып жұмыс атқарамыз.



«Ой шақыру»

«Тарту» өлеңі

Балалар,бұл - жол басы даналыққа,

Келіңдер:түсіп,байқап,қаралық та

Даналық - өшпес жарық,кетпес байлық,

Жүріңдер,іздеп тауып алалық та!

  • Бұл кімнің өлеңі еді?

  • А.Байтұрсынұлы.Ол кісі туралы не білеміз?

(Интерактивті тақтадан слайдтар көрсетіледі)

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)қаңтар айында Қостанай облысы,Жангелдин ауданы,Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.Ахмет - қоғам қайраткері,ірі ғалым,ақын,аудармашы,бірнеше оқулықтардың авторы.Ол ең алғаш рет «Әліпби»оқулығын жазған.Оның «Қырық мысал», «Маса»деген шығармалар жинағы шыққан.Бар өмірін адал қызмет етуге арнаған адам.Оған «Халық жауы»деген жала жауып,жазықсыз құрбан болды.

А.Байтұрсынұлы И.А Крыловтың мысалдарын қазақшаға аударып,оны кітап етіп шығарған.Иван Андреевич Крылов (1769-1844)жылдар аралығында өмір сүрген.Орыс халқының атақты мысал жазушысы,сатирик,драматург.

А.Құнанбаев,А.Байтұрсынұлы - мысал жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы - ақындар.Сонымен қатар 3-сыныпта оқып кеткен «Бидай мен қаңбақ»мысалының авторы А.Тоқмағанбетов - жаңашыл мысалшы.Міне осындай ақын-жазушылардың арқасында мысал жанры қазақ әдебиетіне еніп,дамып келе жатқан жанр.

- Мысал дегеніміз не?

Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап,адалдық,әділдік,қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады.Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар,аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.

Мысалда түйінді ой болады.

  • Түйінді ой дегеніміз - ақынның айтар өсиеті.Мысалда түйінді ой шығарманың басында немесе аяғында беріледі.Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады.Ол түйінді ой арқылы ашылып,айқындалады.

Бүгінгі сабақта «Аққу,Шортан һәм Шаян» мысалының негізгі ойын ашуға тырысамыз.



«Ой қозғау»

  • Балалар,мен сендерге алдын ала үйге тапсырма ретінде бүгінгі тақырыпқа арқау болып отырған аққу,шортан,шаян туралы мәлімет жинақтауға берген болатынмын.

(Оқушылар суретке қарап тұрып тапсырманы қорғайды)

1.Аққу қандай құс?

2.Шортан қандай балық?

3.Шаян жайлы не білесіңдер?

Мәтінмен жұмыс

1.Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

2.Оқушыларға оқытамын.

3.Мәтінге қатысты сұрақтар қоя отырып,жауаптарын аламын.

Сұрақтар:

  • Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?

  • Олар жүкті неге орнынан қозғалта алмады?

  • Мысал бізді неге шақырады? (Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке,ынтымаққа шақырады )

  • Ақын бұл образдар арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?(Ақылсыз,тату емес,ынтымағы жоқ адамдарды бейнелеген)



«Бейнеге ену»

Оқушылар мысалды диалогке айналдырып,сахналық қойылым ретінде көрсетеді.

Дәптермен жұмыс

Оқушылар мысалдағы негізгі ой ашылатын жолды тауып, дәптерге жазады.

  • Негізгі ой дегеніміз - ақынның айтар өсиеті.

Сергіту жаттығуы

Ал,балалар,тұрайық,

Қане қанат жазайық.

Аққу болып ұшайық,

Көлде жүзген балықтай,

Жүзіп,жүзіп алайық.

Шаянға ұқсап,былпылдап,

Қане айналып,қарайық.

Сөздік жұмысы

Ғибрат - үлгі,тәрбие,өнеге

Һәм - және

Дүркін-дүркін - қайта-қайта

Машақат - әурешілік

«Кім көп біледі?»ойыны

Екі топтың оқушылары бірлік,ынтымақ,достық туралы мақал-мәтелдер айтудан жарысады.

Қорытындылау

  • Мысалдың аты: «Аққу,Шортан һәм Шаян».

  • Авторы - А.Байтұрсынұлы.

  • Кейіпкерлері:аққу,шортан,шаян.

  • Екі топтың оқушылары да біріге жұмыс жасап,өз білімдеріңді көрсеттіңдер.

  • Бүгінгі сайыс сабағымызда «достық»жеңді.Барлығымыз да осы ғалым атамызға еліктеп,көп жұмыстар атқардық деп ойлаймын.



Үйге тапсырма: «Бірлік түбі - тірлік»тақырыбына

эссе жазу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал