- Учителю
- әдебиеттік оқу Ғарыш қыраны
әдебиеттік оқу Ғарыш қыраны
Әдебиеттік оқу
«Бекітемін»:________
Оқу ісінің меңгерушісі
Құлмұханова Н.Ж.
Сабақтың тақырбы: Ғарыш қыраны . Т.Молдағалиев.
Сабақтың мақсаты:
1.Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айта білуге, өлеңнің негізгі ойын табуға жетелеу. Көркем сөйлеуге төсілдіру.
2.Өлеңді суреттей отырып оқушылардың белсенділік, шығармашылық қабілетін қиялының дамуына, әдеби тілде сөйлеу шеберлігінің дамуына ықпал ету.
3.Табиғат пен адам арасындағы байланыс, қарым -қатынасты сезе отырып, қоршаған ортаны тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ғарыш кемесі, ғарышкерлер суреті, карточкалар.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
А)амандасу Ә)оқу құралдарын түгендеу Б)Топтарға бөлу. В)сабаққа назарын аудару.
(Оқушылар өздері таңдап геометриялық түс алады.)
I топ:Қызыл түс- Шыңға шығу
II топ:Көгілдір - Ғарышқа самғау
III топ:Сары түс- Биік талап
2.Үй жұмысын тексеру.
I топ: Сұлу мамыр өлеңін мәнерлеп оқу.
II топ: «бес жол өлең»құрастыру.
III топ: эссе оқу.
I.Қызығушылықты ояту.
- Аптаның қай күні.?
- Сәрсенбі - сәтті күн,бұл күнгі бастаған істерің тек алға басады. Жұма-қасиетті күн,жұма күнгі тілектер қабыл болады.т.с.с.Сондықтан бір-бірімізге,жанымызға жақын адамдарымызға жақсы,ізгі тілектер тілейік.
- Осы ізгі тілектердің бәріне қарасақ,кім-кімге болса да тілегімізде-өрлеу самғау, биіктен көріну,шыңға шыға бер, талабың биіктей берсін,т.с.с ұсыныс білдіріп жатамыз.
-Осының себебі неде?
- Әркім әрқашан биіктен көрінуге құштар. Төрге шығу дегеннің өз қадірі, сыйлы деген мағнаны білдіреді.
Әр мамандықтың, әр оқудың , әр істің төрінен көріну деген - сол істің шебері, майталманы болу.
Ой шақыру: - адам неге ғарышқа, аспанға ұшуды армандайды?
Топтарға суреттер таратылады. , содан «Ғарыш әлемі » атты коллаж жасау және оны қорғайды.
II.Мағынаны тану.
Жаңа сабақ. Ғарыш қыраны.
Неліктен сабақтастық тақырыбы ғарыш әлемімен сай келгенін түсіндіріп өту.Автор туралы мәлімет беру.
Т. Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ атты ауданда туған.
1956 жылы Қазақ мемлекеттік университеті бітіреді.
Балаларға арнап «Құралай», «Арман мен Бота» кітаптарын шығарған.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Ғарыш әлеміне ұшу неге қол жетпес арман?
- Адам баласы неге биікке құмартады?
- Ғарыш әлеміне алғашқы сапар туралы не білесің?
Сөздік жұмысы
Кесте толтырылады.
Білемін «+» Білгім келеді «-» Жаңа ақпарат «V»
Қажетті дерек
Байқоңыр -ғаламдық маңызы бар ғарыш айлағы, ғылыми -техникалық орталық. Ол қызыларда облысындағы Төретам стансасына 20 шақырым жерде орналасқан. Ұлы Отан соғысынан кейін елді жетілдіру мақсатымен 1951 жылы ашылды. Кешеннің асты бірнеше шақырымға созылып, 4 қабатты үймен тең қалашық. Онда электор стансасы, теміржол, жылу беру жүйесі, ғарыштық орталық, оттегі- азот зауыты орналасқан.1957 жылдың 4 қазанында Байқоңырдан тұңғыш рет жердің жасанды серігі ұшырылған. Ғарышқа жол ашып, Ай, Марс, Шолпанды зерттеу басталды. 1661 12 сәуір әлемдік тарихта мәңгілік жазылып қалды. Адамның асқақ арманы орындалып, қазақ жерінен алғашқы ғарышкер Ю. Гагарин ұшырылды. 1991 жылдың 2 қазанында Байқоңырдан қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа көтерілді.
1991 жылдың 31 тамызында Байқоңыр Қазақстанның меншігі болып, жарияланды.
1994 жылдың наурызында Байқоңыр Ресейге жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін созылды.
Бүкіл әлем өркендеуге, жаһандануға ұмтылған заманда ғарышқа ұшу әлі де жалғасуда.
Байқоңыр жұмыс істеп тұрғанда , қазақ жеріне зардабы да жалғасады. Қарағанды облысында Байқоңырдан ұшқан зымырантастарың құлайтын 39 жері бар. Олардың отыны ретінде улы қышқыл заттар пайдаланады. Әсіресе гиптил тәрізді улы зат- ауаға тез тарап, топыраққа, тірі организмге сіңіп, сода да уын жоғалтпайтын зат. 1 грамының өзі 1000 адамды улайды екен. Зымырандардың 1 ғана ұшша қанша зиян келтіреді десеңізші...
Кестеге қайта оралу. Жаңа ақпаратты жазып, оқу
3. Карточкамен жұмыс.
Керекті сөздерді қойып, карточканы оқу
Байқоңыр -ғаламдық маңызы бар -----------------.
------------------------ғылыми -техникалық орталық. Ол ----------------облысындағы Төретам стансасына 20 шақырым жерде орналасқан.
----------------------- жылы ашылды.
---------------- электор стансасы, теміржол, жылу беру жүйесі, ғарыштық орталық, оттегі- азот зауыты орналасқан.
------------ жылдың 4 қазанында Байқоңырдан тұңғыш рет жердің жасанды серігі ұшырылған. Ғарышқа жол ашып, -----------,-----------,--------- зерттеу басталды. ----------------------------- жылы алғашқы ғарышкер Ю. Гагарин ұшырылды. 1991 жылдың 2 қазанында Байқоңырдан қазақтың тұңғыш ғарышкері ---------------- ғарышқа көтерілді.
--------------жылдың 31 тамызында Байқоңыр Қазақстанның меншігі болып, жарияланды.
1994 жылдың наурызында Байқоңыр Ресейге жалға беру мерзімі -------------- жылға дейін созылды.
4.Дәптермен жұмыс .
«Ғарыш әлемі» немесе «Аспанға саяхат» эссе және өлең шығару .
III.Ой толғау.
Қызуғышылықты ояту сатысында орындаған «Топтастыру»жұмысымызға қайта оралу.
-Қалай ойлайсыңдар,жасаған жұмысымызда ескерілмей қалып қойған мәліметтер бар ма? (Қалып қойса толықтырайық)
-Қалай ойлайсыңдар,ғарышқа ұшқан ғарышкер мен ғарышқа ұшқысы келетіндер арасында айырмашылық бар ма және қандай ұқсастық бар екен?
Осыны «Венн» диаграммасына салып,салыстырып көрелік.
5.Сабақты қорытындылау.
- Өлеңдегі «Тек ұшу үшін жаралған
Адамдар қандай бақытты»
- Ғарышқа ұшқан ағаларын үшін мақтан етесіңдер ме?
- Өз Отаның үшін нені мақтан тұтасың
- Өлеңдегі ғажап деген не нәрсе?
6.Үй жұмысы: өлеңді мәнерлеп оқу.
7.Бағалау : қатысқан оқушыларды бағалау.