- Учителю
- Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ доспары Нәтиже сабақ
Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ доспары Нәтиже сабақ
Сабақ : 4- сабақ |
Сабақ өтілетін күн: 13.03.15 Орны: 1 - кабинет Мұғалім: Ешекенева А.Б |
Барлық оқушы саны:8 Қатысқаны:8 | ||
Сілтеме |
Күнтізбелік жоспар, 1 «а» сынып , әдебиеттік оқу. Ана тілі, Әуелбаева Ш., - Алматы : Атамұра, 2012 жыл | |||
Сабақ тақырыбы |
Нәтиже сабақ | |||
Жалпы мақсаттар |
Өткен тақырыптарды қорытындылап, алған білімдерін бекіту. Бірлесіп жұмыс жасауға дағдылану. | |||
Түйінді идеялар |
«Бірлік болмай - тірлік болмас» | |||
Әдіс-тәсілдер |
Жеке жұмыс, жұптық жұмыс,топтық жұмыс, «Ыстық орындық», «Мен саған, сен маған», «Постер» , «Ұшақ ұшыру», «Терминдер арқылы болжау», «Броундық қозғалыс» | |||
Көрнекіліктер |
Интерактивті тақта, бағалау парағы, слайдтар, тапсырма жазылған парақтар, ұшақтар, телефон, қолдан жасалған сыйлықтар. | |||
Дереккөздер |
Ана тілі, Әуелбаева Ш., - Алматы : Атамұра, 2012 жыл. Жақсылықова Г.И. «Интербелсенді әдіс- тәсілдер» Әдістемелік құрал.Өскемен 2014 ж . | |||
Оқыту нәтижелері |
Өткен тақырыптарды қорытындылайды. Алған білімдерін бекітеді. Бірлесіп жасауға дағдыланады. | |||
Сабақ барысы |
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті | |
I. Ұйымдастыру
|
2минут |
|
| |
II. Сабақтың мақсатымен таныстыру |
1минут
|
«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.
|
«Ыстық орындыққа» отырған оқушы барлық берілген сұрақтарға жауап беруге тырысады. | |
III. Нәтиже сабақ.
|
5минут
|
109-жаттығу. «Мен саған, сен маған» әдісі Интерактивті тақтадағы №1 слайдты пайдалана отырып, әңгімені оқып, қарамен жазылған сөздер қандай сұрақ қа жауап беретінін анықтап, көршісіне түсіндіру; |
1. Интерактивті тақтадан қарамен жазылған сөздерді дәптерге жазады, бір- бірін тексереді, топ жетекшісі бағалау парағына баға қояды.
| |
10минут |
110 - жаттығуТопта «Постер»әдісі бойынша деңгейлік тапсырма орындату.Іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді мәтіннен көшіріп жазу. |
2.Оқушылар мәтіннен іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді көшіріп жазып, оны постерде қорғайды.
| ||
5 минут |
1. «Ұшақ ұшыру» әдісі арқылы бір-бірлеріне жақсы тілектер білдіреді. |
1.Ұшақ ұшыру арқылы бір-біріне жақсы тілектер жазады. | ||
IV.Сергіту сәті. |
|
2.Бейнеролик арқылы сергіту сәтін орындату. |
2.Сергіту сәтін орындайды. | |
|
9минут
|
Тапсырма 3. «Терминдер арқылы болжау» Оқушыларға оқыды, кетті, шашты, пісірді, оралды, қуанды деген парақта жазылған сөздер таратылып беріледі. Бұл сөздер бойынша сөйлем, сөз тіркестерін құрау қажет. «Бағдаршам» |
-Оқушылар парақта жазылған сөздерге сөйлем не болмаса сөз тіркестерін құрайды.
| |
5минут |
Тапсырма 4.«Броундық қозғалыс» әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойландырту.
|
Оқушылар кабинеттің ішін аралап жүріп,заттың іс-әрекетін білдіретін сөздер туралы ақпарат жинайды. | ||
IV.Қорыту. |
3минут |
«Шығу парағы» әдісі бойынша сұрақтарға жазбаша жауап береді.Ол сұрақтар сабақты қорытындылап, қатысушының алған білімін бағалайды.
|
Оқушылар «Шығу парағына» сабақ барысы бойынша өз ойларын жазады. | |
VI.Үй тапсырмасын беру. |
2минут |
Интербелсенді тақтаға үй тапсырмасын жазып қояды, күнделікке жазғызады.
|
Өткенді қайталау.
| |
VII.Бағалау. |
2минут |
Парақ қағазы бойынша мұғалімнің жиынтық бағалауы. |
Бағаларын қойдырады | |
VIII.Рефлексия. |
1минут |
«Жетістік кілемі» әдісі бойынша түсінгендерін белгілету. |
Білімдерінің қандай деңгейге жеткенін оюлар арқылы көрсетеді.
|